l = a'·n = 0,95 · 20 = 19 мм.
|
l = a'·n = 1,95 · 20 = 39 мм.
|
Нониус модулі әрқашан бүтін санға тең. Мысалы: с=0,05 мм болатын және нониус шкаласының аралығы а=1,95 мм болатын штангенциркульге. Нониус модулі 2-ге тең, яғни ониустың бір бөлігі негізгі шкаланың 2 бөлігін жабуға тырысады. Осылайша, модулді көбейту бақылаушыға санап шығаруды жеңілдетеді. Егер нониустың бірінші бөлігін негізгі шкаланың екінші бөлігімен сәйкестендірсе, еріншелер арасындағы саңылау 0,05 мм болады. Демек, өлшеу кезінде, яғни зілтемірге қатысты нониусты жылжытқанда, миллиметрдің бөлшек үлесі нониус шкаласының реттік нөміріне тең болады.
γ модулі 1; 2 немесе 5-ке тең деп алынады. Нониус бойынша санау шамалары 0,1; 0,05 немесе 0,02 мм-ге тең. Зілтемір және нониус шкаласының сызықтарының көрінетін өзара ығысуын бағалау кезінде, параллакстан басқа, адам көзінің рұқсат етілген қабілеті маңызды. Сызықтардың көзге көрінетін ығысуының ең аз деген шамасы 0,012 мм /8/ болады.
Зілтемір және нониус шкалаларына сызықтарды салудағы қателіктер, олардың көрсеткішінің дәлдігіне тікелей әсер етеді. Зілтемір және нониус шкалаларының сызықтарының ені 0,05 мм шегінде болуы тиіс. Кез-келген екі сызық арасындағы арақашықтық дәлсіздіктер ± 0,03 мм-ден аспау керек. Зілтемірмен нониустың шкалаларын аспаптық және әмбебап микроскоптармен тексереді.
4.3.3 Штангенциркульмен өлшеу.
Өлшеу алдында құралдың жарамдылығына көз жеткізу керек. Еріншелердің өлшеу беттерінде тот іздері мен жапырылған жерлер болмау керек(4.3.6 - сурет). Егер жақтаудың 3 қысқыш бұрамасы 4 бекітілген болса, жақтау 3 тербелмеу керек. Еріншелерді жылжытып, олардың арасында көзге көрінетін саңылау жоқ екеніне және нониус шкаласының нөлдік сызығы негізгі шкаланың нөлдік сызығымен сәйкес келетініне көз жеткізу керек. Штангенциркульмен сыртқы мөлшерлерді өлшеген кезде, бөлшек еріншелердің 2 ішкі өлшеу беттерінде тербеліссіз, тығыз орналасу керек. Жақтаудың 3 бұрамасы 4 және қамыттың 7 бұрамасын 4 босатқан кезде, құралдың өлшеу беттері бөлшетің өлшенетін бетімен тығыз емес жанасуға келтіріледі. Сонан соң, бұрама 4 арқылы қамыт 7 қысылады және бұрамамен 8 сомын 9 көмегімен, еріншелер 2 бөлшекті қысқанша жақтаудың 3 нониуспен 5 микрометрлік беру іске асырылады, бірақ бұл қысу күші шангенциркульді бөлшектен алып тастауға мүмкіндік беру керек. Кейін құралды түпкілікті орнатудан кейін жақтау 3 бұрама 4 көмегімен қысылып, есептеу жүргізіледі.
Бөлшек мөлшеріндегі миллиметрдің бүтін саны, зітемірдің шкаласының нөлдік бөлігімен нониус шкаласының нөлдік бөлігінің арасында жасалған (4.3.6 - сурет: а – 61 мм; б – 177 мм) негізгі N шкаласының аралықтарының бүтін санымен анықталады. Нониус шкаласының бөліктері негізгі шкаланың бөліктерінен с шамасына өзгеше болғандықтан, нониустың әрбір кейінгі бөлігі негізгі шкаланың сәйкес сызығына алдыңғысынан жақын орналасқан. Нониустың қандай да бір k-шы сызығының негізгі шкаланың кез-келген сызығымен дәл келуі, бүтін бөліктерді есептеу жүргізетін, негізгі шкаланың нөлдік сызығының арақашықтығы k·с –ға тең екендігін көрсетеді. Миллиметрдің бөлшек бөлігі нониус бойынша есептеу шамасына көбейтілген, негізгі шкаланың қандай да бір сызығына сәйкес келетін, нониус шкаласының реттік нөміріне тең.
Осылайша, өлшенетін шаманың есептеуі (бөлшек мөлшері) А нониус шкаласы бойынша, негізгі N шкаласының бүтін бөліктерінің есептеуінен құралады және нониус шкаласы бойынша бөліктің бөлшектелген бөлігін А=N+kс есептеуден құралады.
а) 61,3 мм
б) 177,35 мм
4.3.6 - Сурет – Штангенқұралдың негізгі және нонус шкаласы бойынша өлшенетін шаманы есептеу үлгісі: а) 61,3 мм; б) 177,35 мм.
Ішкі мөлшерлерді есептеу кезінде, еріншелердің 2 сыртқы өлшегіш беттері тесіктің қабырғаларымен жанасуына келтіріледі. Өлшеу нәтижесін нониус бойынша оқу, тікелей сыртқы өлшемдерді өлшеген кездегідей оқылады, бірақ нониус бойынша есептеуге қозғалмайтын еріншелерде таңбаланған, олардың қалыңдық мөлшері қосылады 4.3.2 - кесте.
4.3.2 -Кесте - Штангенқұралдардың метрологиялық сипаттамалары.
-
Құралдың аталуы
|
Түрі
|
Негізгі параметрлер
|
Өлшеу диапазоны, мм
|
Нониус бойынша есептеу шамасы, мм
|
Көрсеткіштердің шекті қателігі, мм
|
Еріншелері екі жағында орналасқан штангенциркульдер
|
ШЦ-1
|
0–125
0–160
|
0,1
0,05
|
0,1
0,05
|
ШЦ-2
|
0–250
|
0,1
0,05
|
0,05
|
Достарыңызбен бөлісу: |