М.Әуезов «Абай жолы» романы Өрде тарауы



бет2/4
Дата13.04.2023
өлшемі36,91 Kb.
#82237
1   2   3   4
Бөжей Ералыұлы (1812-53) - Тобықтының Жігітек атасынан шыққан беделді кісі. Кеңгірбай бидің немересі. Ел басқару ісіне ерте араласқан. Әуелі Құнанбайдың қамқорлығында болған. Алайда, 1846 жылғы жер дауына байланысты екеуінің арасы ажыраған. Осы жанжалдың ақырында Құнанбай Бөжеймен татуласу үшін Айғыздан туған қызын Бөжейдің баурына салады және 3 ат, бума-бума мата, 3 қойтұяқ жамбы, бір күң қосып береді. Көп ұзамай Құнанбайдың Бөжейге берген қызы да, күңі де өліп, дау қайта өршиді. Құнанбайдың үстінен қылмысты іс қозғалады. Осы кезде Бөжей кенеттен қайтыс болып, іс тоқтап қалады. Бірақ Қаратай Сапақов, Кенжалы Әйтиевтер бастаған топ дауды қайта қаузап, болысты екіге бөлуді сұрайды. Бөжей балалары - Жабай, Нұрмолдалар әскери губернаторға - Г. А. Колпаковскийге арызданып, әкелерінен мұраға қалған Тоқпанбет қорығын қайтартып беруді өтінеді. Генерал-майор Колпаковский арыздағы жайлар рас болса, жерді мұрагерлерге қайтарып беру туралы Сергиополь округіне хат жазады. 1866 ж. Күшік-тобықты болысының басқарушысы Құнанбайұлы Құдайберді өліп, оның орнына (Ибраһим Абай Құнанбайұлы) болыстыққа сайланады. Атадан балаға жалғасып, 20 жыл бойы шешілмей келген дау Абайдың арқасында әділ шешімін табады.[

Бөжей асы.
Аманатқа қалдырылған Құнанбайдың тоқалы Айғыздан туған Кәмшаттың аянышты тағдыры, Бөжей мен Құнанбай арасындағы жауластықты одан сайын өршітіп жібереді.Арада біраз уақыт өткеннен кейінгі Бөжейдің өлімі.Бөжейдің қайтыс болғанын Құнанбай ауылына естіртпейді, хабар айтқызбайды.Құнанбай болса бүкіл Тобықты руын уысында ұстап отырған шонжар, бұл бөлектеу, елемеу оның намысына тиеді.
Абай Бөжей асына жақсы даярланып, Найман елінен келгендер мен Бөжейдің нағашы жұртын жақсы күтеді.Осы асқа даярлықты Абайдың өзі басшы болып,неше күн ұйқысыз демалыссыз атқарады. Асқа әкелінген тағамның мол, асып төгіп берілуі, сонымен қатар асқа келген қонақтарды күтуіне ешқандай мін таға алмаған жұрт Абайдың азаматтығын көреді.Ертеңінде ұйқыдан оянған Абайды бүкіл жұрт таниды

Кешегі көшпелілердің заманына қалам тартқан әрбір жазушы-ғалым оның қия-қалтарысына, қат-қабатына әбден қанық болып, шытырманына шырмалып қала береді. Задында сол көшпелілер қоғамының шешуін таптырмайтын, күрмеуіне келтірмейтін бір тұсы – сананы сансаққа жүгіртетінінде. Көркем шығарманы оқи отырып, өз бетіңмен тұспалдап, ішкі әлемің жан кешпеген дүлейдің татын тататыны көрер көзге де, естір құлаққа да таңсық емес. Міне, көркем идеяның негізгі нышаны, көздегені һәм темірқазығы осы десек қателеспеген болармыз.


Айтқымыз келгені – «әдебиет» десе қатар айтылатын Мұхтардың қаламынан туған «Абай жолы» романындағы Бөжей асы хақында. Заманында ел мен елдің арасы бірде қату, бірде тату болып, сұлтандар өзара бітім-тынымға келе алмай араларында пайда болған тұтам жер мен жерді жалынмен шарпуға дейін апарғаны әмбеге аян. Сол сықылды «аға сұлтандыққа» талас-тартысқа түсіп, бір-ақ берілетін мына фәниде дау-дамайын шешімін таппас шиеленіске ушықтырған Құнанбай мен Бөжей арасындағы өткел бермес оқиға туралы суыртпақтағанда мына үш жайды қаламға арқау еткенді жөн деп білдім. Құнекең мен Бөжекең өзара дүрдараз болып, мәселе өзара түйінін тарқатпағаннан кейін жағдайды Қарқаралыға барып шешпек болады. Құнекең жасынан жақсы көріп өскен қара шұнағын (бұл жерде Абайды айтып отыр) өзімен бірге ертіп әкетпекке бел буады. Қарқаралыға жүрерінде атына мінгелі жатқан Абайға анасы Ұлжан өзінің ақ саусақтарын жирен аттың жалына салып, былай деп үн қатады:
– Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айрылма! – дейді.
Анасының осы ақылынан кейін бала Абай тізгінді қоя береді. Қарқаралыға барғаннан кейін бала шәкірт Бөжекеңді алыстан көріп қалады да лезде, көкірегіне қолын қойып, дауыстап:
– Ассалаумағалейкүм!.. – деп иіліп сәлем береді. Қасындағы Байсал түрін тыжырайтып, антұрғанның баласын сәлемін неге аласың дегендей алая Абайға қарағанда Бөжекең:
– Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең, сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңмен істедің бе? – деді.
– Бөжеке, әкем емес, өзім беріп тұрған сәлемім сізге!..
Бұл жауапты естіген соң Бөжей бар ықыласымен балаға жақындап:
– Әкең айтпай, өзің білген болсаң, батамды берейін. Көзіңнен жақсы жанар көрдім ғой, шырағым, ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ өзгені берсе де, әкеңнің қаттылығын бермесін! – деп бетін сипап жүріп кетеді. Енді қараңыз: ананың алтындай ақылынан Бөжекеңнің сыныннан сүрінбеген бала Телғара Бөжей дүние салғаннан кейін жас та болса, бас болып батасын алған атасының асын өзі еңсеріп өткізеді. Өйткені Абай өзі айтқандай өз ұстанымына берік болды.
Қарамықтың дәні болғанша,
Бидайдың сабаны бол.
Жаман қауымның жақсысы болғанша,
Жақсы қауымның жаманы бол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет