М.Әуезов атындағы ОҚУ оқу жүйесінің құрылымын сипаттау Негізгі бөлім



Дата20.06.2023
өлшемі220,66 Kb.
#102575
Байланысты:
Райм практика


Мазмұны
Кіріспе
1 М.Әуезов атындағы ОҚУ оқу жүйесінің құрылымын сипаттау
2 Негізгі бөлім
2.1 Кафедраның оқу жүйесінің құрылымын сипаттау
2.2 Кафедраның электр техникалық жабдықтарын сипаттау
2.3Кафедра зертханаларындағы техникалық қауіпсіздік ережелері
3 Жеке тапсырма
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстандық электр энергетика кешенін тұрақты дамыту және қуаттылықты тұрақты өсіру республиканың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Халықтың, сол сияқты бизнестің де ішкі қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру, сонымен қатар ел экономикасының әрі қарайғы тұрақты прогресі және электр энергиясын экспорттауға арналған мүмкіндіктерді ұлғайту электр энергетикасымен тығыз байланысты.
Саланың ағымдағы жай-күйіне жасалған талдаулар электр энергетикасының қолда бар даму әлеуетін барынша көптеп пайдалану қажет екенін, сонымен қатар электр станциялары мен желілері жабдықтарының тозуын азайту мәселелерін шешу, саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату қажеттігін көрсетті. Қазіргі уақытта көмірді пайдаланып электр энергиясын өндіру 69 % құрайды, ал газдың үлесі 20 % және мұнай өнімдерінің (мазут) үлесі – 2 % (ЖЭО пайдаланылады), гидроэнергетика 9% энергия өндірсе, жаңармалы энергия көздерінің үлесі – небары 1%.
бүгінде Қазақстандағы электр энергиясын әртүрлі меншік нысанындағы 76 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаттылығы 20 844 МВт, қолда бар қуаттылық шамамен 16 945 МВт. Қазақстанда кернеуі 0,4-220 кВ электр желілері бойынша электр энергиясын таратумен 21 өңірлік энергетикалық компания және 109 басқа да шағын энергия таратушы ұйымдар айналысады. Осы орайда шағын энергия таратушы ұйымдардың үлкен бөлігі өз қызметін мемлекеттік реттеусіз атқарады.
Қазақстанда елдің электр энергетикалық жүйесін жаңарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда электр энергиясын өндіру үшін қолдағы қуаттылықтың 20 % дерлігі 1970 жылдарға дейін пайдалануға берілгендіктен, елді (практикалық және экономикалық тұрғыда мақсатқа лайық болған жағдайда) электр станцияларда отын ретінде (үлесі шамамен 70% құрайтын) жаппай көмір пайдаланудан газды, жаңармалы көздерді және атом энергиясын кеңінен қолдануға негізделген әртараптандырылған схемаға көшіруге мүмкіндік бар.
Электр энергиясы нарығының моделін жетілдіру бойынша жұмыстар шеңберінде 2014 жылғы маусымда «2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.

1 М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқу жүйесінің құрылымын сипаттау


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – Қазақстан Республикасының ең ірі және көпсалалы университеті, облыстың ғылыми, білім, зияткерлік, мәдени орталығы.
Институт республика жоғары оқу орындары арасында әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды.
1975-1980 жылдар аралығында оқу орнына З.Молдахметов басшылық етті. Осы кезеңде «В» оқу ғимараты тұрғызылды. Зейнолла Молдахметұлының бастамасымен 1977 жылы «Химия өндірісінің заманауи машиналары мен аппараттары» атты Бүкілодақтық 1-ші конференция өткізіліп, 1979 жылы теориялық химия бойынша бүкілодақтық мектептің негізі қаланды.
Ал осынау оқу орнына қатардағы ассистенттен оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтері баспалдақтарынан өткен Ш.М.Молдабеков 1980- 1987 жылдарда басшылық жасап, осы кезеңде 2 студенттер жатақханасы, оқытушыларға арналған 2 тұрғын үй, «Машат» сауықтыру кешенінде көптеген жаңа құрылыстар бой көтерді, институт республика жоғары оқу орындары арасында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды.
Ғылыми зерттеу саласында да айтарлықтай үлкен табыстарға қол жеткізілді. Айталық 1980 жылы институтта 133 ғылым кандидаты болғанымен, ғылым докторлары мүлде жоқ еді. Еселі еңбектің, шынайы жанашырлықтың арқасында, айналасы 7-8 жылдың ішінде, нақтырақ айтқанда 1988 жылы ғылым кандидаттарының саны 276-ға, ғылым докторларының саны 13-ке дейін артты. Жаңа салалық және проблемалық ғылыми зертханалар, 3 ғылыми-өндірістік оқу кешені, кәсіпорындарда 7 филиалдар ұйымдастырылып, ғылыми зерттеулер өндіріспен тығыз байланыстырылды.
Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
1988-1991 жылдары институтты М.Қ.Наурызбаев басқарған кезеңде
«Г» және «Д» оқу-зертханалық ғимараттары пайдалануға берілсе, Т.Ш.Кәлменов жетекшілік еткен 1991-1997 жылдары Қазақ химия- технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
Оқу орнына 1997-1998 жылдары А.И.Айнабеков ректор болған кезде коллоидтік химия, түсті металдар технологиясы, механика мамандықтары бойынша докторантура мен аспирантура ашылып, үздік студенттердің екінші курстан кейін Ресейдің оқу орындарында тегін білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ университетте «Оңтүстік Қазақстандағы ғылым мен білім» ғылыми журналы жарық көре бастады.
1996 жылы ҚР Үкіметінің №573 қаулысымен оқу орны Қазақ химия- технологиялық университеті болып аталды, ал 1998 жылы Үкіметтің №256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің бірігуі негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті Шымкент педагогикалық мәдениет институты мен Шымкент дене тәрбиесі институтының қосылуы нәтижесінде пайда болған еді. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын 1967-1977 жылдары С.Т.Темірбеков, 1977-1996 М.Ж.Жүнісбаев, ал Шымкент дене тәрбиесі институтын 1990-1996 жылдары М.С.Сапарбаев басқарған еді.
1996 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне ректор болып тағайындалған Е.Ө.Медеуов 1998 жылдан 2001 жылға дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне басшылық етті. Ол жоғары білікті кадрларды сақтап қалуға үлкен көңіл бөле отырып, оқытушыларға қосымша жалақы төлеу жүйесінің енгізілуіне мейлінше күш салды.
Университеттің жаңа серпінді даму кезеңі Уәлихан Қозыкеұлы Бишімбаевтың есімімен байланысты. Ол өзі басқарған 2001-2011 он жыл ішінде ОҚМУ-ды еліміздің жоғары оқу орындары көшбасшыларының біріне айналдырды. Осы кезеңде университеттің отандық жоғары оқу орындары арасында бірінші болып жеті білім бағдарламасы бойынша (кейіннен және 6) халықаралық аккредитациядан өтуі де жайдан-жай емес. Рейтинг бойынша Қазақстанның көп салалы жоғары оқу орындары арасында соңғы 5-6 жылда университет ұдайы алғашқы бестіктен көрінді, ал ұтып алынған мемлекеттік білім гранттарының саны бойынша алғашқы үштікке енді.
Ал мұндай ұжымды тек ауқымды тұлға ғана басқара алады. Уәлихан Бишімбаев оқу үдерісіне модульдік-рейтингтік жүйені, кредиттік технологияны, сапа менеджменті жүйесін енгізудің бастамашысы болды. 2005 жылдың қорытындысы бойынша Уәлихан Қозыкейұлы
«Қазақстанның үздік өнертапқышы» атағын алды. Уәлихан Қозыкейұлы Бишімбаев – облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының мүшесі. Жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған:
«Құрмет», «Құрмет» ордендерімен және т.б.
1948 жылы институтты инженер-технолог силикатшы мамандығы бойынша тұңғыш рет 23 түлек бітіріп шықты. 1950 жылы институтты бітірген 29 түлектің екеуі Қазақстан кәсіпорындарына, үшеуі Өзбекстан, біреуі Тәжікстан, екеуі Башқұртстанға, екеуі Арменияға, алтауы Сібірге, Екеуі Қиыр Шығысқа, біреуі Орталық Ресейге, екеуі Украинаға жіберілді. Осылайша институтты бітірген мамандар бүкіл Одақ бойынша кең сұраныс тапқандығын көреміз.
1948-1957 жылдар ішінде институтты 532 маман бітіріп шықты. 1956 институт алғаш рет «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары» мамандығына студенттер қабылдады. 1957 жылы «Тоңазытқыш және компрессорлық қондырғылармен машиналар», «Ет және сүт өнімдерінің технологиясы», «Астық өңдеудің технологиясы және сақталуы» мамандықтары ашылды.
1957 жылы институтта Аркадий Владимирович Измаилов директор болған жылдары технологиялық және механикалық факультеттер жұмыс істеді. Ал 1958 жылы оқу орнынның басшылығына Қ.Біләлов келді. Ол басшылық еткен аз уақыт ішінде институтта республика экономикасының дамуына аса қажетті салалар бойынша мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлініп, Қазақ технология институты болып қайта құрылған институт еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының біріне айналды. Институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға мол еңбек сіңіріп, оқу ғимараттар кешенін салу үшін қаржы бөлуге көп ықпал етті.
КСРО Жоғары білім министірлігінің бұйрығымен 1958 жылы Жамбыл қаласында Қазақ технологиялық институтының кешкі филиалы ашылып, ол 1959 жылы күндізгі факультет құрылды. Осының негізінде кейінірек Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісі технологиялық институты ашылды.
1963 жылы Қазақ КСР Жоғары және орта арнаулы білім министірлігінің бұйрығымен Семей қаласында Қазақ технологиялық институтының филиалы ашылып, соңынан Тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына айналды. Осылайша Шымкенттегі Қазақ технологиялық институты екі дербес жоғары оқу орнына өмірге жолдама берді, олар кейінірек ірі білім ошақтарына айналды.
1959 жылы институттың ректорлығына осы оқу орнының түлегі, 30 жастағы С.Т.Сүлейменов тағайындалды. Сұлтан Тәшірбайұлы оқу орнының материалдық-техникалық базасы мен ғылыми потенциалын өркендету жолында бар күш-жігері мен білімін жұмсады. Ол басқарған жылдар ішінде университеттің бас ғимараты мен «А», «Б» оқу корпустары, 4 бірдей студенттер жатақханасы, асхана, «Машат» шатқалындағы демалыс лагері, оқу- лабораториялық және спорт кешендері салынды. Сүлейменов басшылық еткен тұста институт құрамында 7 факультет, 33 кафедра, 304 оқытушы-профессорлар, оның ішінде 39 ғылым кандидаты мен доценттері дәріс беретін, 5 мыңға жуық студент оқитын еліміздегі ірі жоғары оқу орны ретінде белгілі болды. Институт аспирантурасын бітіргендерден 21 адам кандидаттық диссертациясын қорғап, 2082 түлек инженер мамандығын алып, халық шаруашылығының түрлі саласында жемісті еңбек етті.
1963-1964 оқу жылында студенттердің саны 4312-ге жетті, сәйкесінше қазақ студенттерінің саны 1212-ге жетті, олардың 195-і қазақ қыздары еді. Осы жылдар аралығында институт кітапханасындағы кітап қоры 7 мыңнан 111457-ге жетті. Институт республика жоғары оқу орындары арасында әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды.
1975-1980 жылдар аралығында оқу орнына З.Молдахметов басшылық етті. Осы кезеңде «В» оқу ғимараты тұрғызылды. Зейнолла Молдахметұлының бастамасымен 1977 жылы «Химия өндірісінің заманауи машиналары мен аппараттары» атты Бүкілодақтық 1-ші конференция өткізіліп, 1979 жылы теориялық химия бойынша бүкілодақтық мектептің негізі қаланды.
Ал осынау оқу орнына қатардағы ассистенттен оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор қызметтері баспалдақтарынан өткен Ш.М.Молдабеков 1980-1987 жылдарда басшылық жасап, осы кезеңде 2 студенттер жатақханасы, оқытушыларға арналған 2 тұрғын үй, «Машат» сауықтыру кешенінде көптеген жаңа құрылыстар бой көтерді, институт республика жоғары оқу орындары арасында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ең жақсы оқу орнына айналды.
Ғылыми зерттеу саласында да айтарлықтай үлкен табыстарға қол жеткізілді. Айталық 1980 жылы институтта 133 ғылым кандидаты болғанымен, ғылым докторлары мүлде жоқ еді. Еселі еңбектің, шынайы жанашырлықтың арқасында, айналасы 7-8 жылдың ішінде, нақтырақ айтқанда 1988 жылы ғылым кандидаттарының саны 276-ға, ғылым докторларының саны 13-ке дейін артты. Жаңа салалық және проблемалық ғылыми зертханалар, 3 ғылыми-өндірістік оқу кешені, кәсіпорындарда 7 филиалдар ұйымдастырылып, ғылыми зерттеулер өндіріспен тығыз байланыстырылды. Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
1988-1991 жылдары институтты М.Қ.Наурызбаев басқарған кезеңде «Г» және «Д» оқу-зертханалық ғимараттары пайдалануға берілсе, Т.Ш.Кәлменов жетекшілік еткен 1991-1997 жылдары Қазақ химия-технология институты Оңтүстік Қазақстан Техникалық университеті болып қайта құрылып, оқу орнымыз еліміздегі жетекші техникалық оқу орнының бірі болды.
Оқу орнына 1997-1998 жылдары А.И.Айнабеков ректор болған кезде коллоидтік химия, түсті металдар технологиясы, механика мамандықтары бойынша докторантура мен аспирантура ашылып, үздік студенттердің екінші курстан кейін Ресейдің оқу орындарында тегін білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Сондай-ақ университетте «Оңтүстік Қазақстандағы ғылым мен білім» ғылыми журналы жарық көре бастады.
1996 жылы ҚР Үкіметінің №573 қаулысымен оқу орны Қазақ химия- технологиялық университеті болып аталды, ал 1998 жылы Үкіметтің №256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің бірігуі негізінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта құрылды. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті Шымкент педагогикалық мәдениет институты мен Шымкент дене тәрбиесі институтының қосылуы нәтижесінде пайда болған еді. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын 1967-1977 жылдары С.Т.Темірбеков, 1977-1996 М.Ж.Жүнісбаев, ал Шымкент дене тәрбиесі институтын 1990-1996 жылдары М.С.Сапарбаев басқарған еді.
1996 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне ректор болып тағайындалған Е.Ө.Медеуов 1998 жылдан 2001 жылға дейін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне басшылық етті. Ол жоғары білікті кадрларды сақтап қалуға үлкен көңіл бөле отырып, оқытушыларға қосымша жалақы төлеу жүйесінің енгізілуіне мейлінше күш салды. 2012 жылдан бастап оқу орнын Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы басқарып келді. Ж.Мырхалықовтың басшылығымен ғылымды басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, орындалып жатқан ғылыми және білім беру жобалар саны 3,5 есеге артты.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған «Инновациялық Қазақстан» республикалық жастар конкурсының нәтижесі бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қазақстан Республикасының екінші инновациялық ЖОО болып танылды.
Тарихы тереңде жатқан өңіріміздегі оқу орнына бүгінгі күнде тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Д.Қожамжарова басшылық етеді.
Университетте 2018-2019 оқу жылында 18145 бакалавриат, оның ішінде 13304 күндізгі, 4180 сырттай, 661 кешкі бөлімде білім алуда. Бакалаврлардың мемлекеттік білім гранты негізінде білім алушылар саны - 6085 студент.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде 800-ге тарта студент білім алып жатса, оның 600-ге жуығы мемлекеттік білім гранты негізінде, Дайындық курсындағы 170 тыңдаушының 143-і мемлекеттік білім гранты негізінде.
Магистратурада білім алушы 1182 магистранттың 1038-і мемлекеттік білім гранты негізінде, 133 докторанттың 106-сы мемлекеттік білім гранты негізінде білімдерін арттыруда.
2.1 Кафедраның оқу жүйесінің құрылымын сипаттау
«Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасында 6В07150 «Электрэнергетикасы» және 6В07151 «Электрмен жабдықтау» бағытында бакалаврларды келесі мамандандыру бойынша дайындайды:
-электр жетек және технологиялық кешендерді автоматтандыру;
-электрмен жабдықтау
-электрмен қамтамасыздандыру және ауыл шаруашылық өндірісін автоматтандыру;
-дәстүрлі емес жаңғыртылған энергия көздері;
6В07140 «Жылуэнергетикасы» бағытында келесі мамандандырулар бойынша бакалаврларды дайындайды:
-жылу электр станциялары
Кафедра Электроэнергетика кәсіби мамандандыру бағыты бойынша оқу мерзімі 1 жыл және ғылыми педагогикалық мамандандыруы бойынща оқу мерзімі 2 жыл магистранттарды дайындайды. Кәсіби магистратураны бітірген магистранттар «Электроэнергетика» бағыты бойынша техника және технология магистрі академиялық дәрежесін алады және ғылыми педагогикалық магистратураны бітірсе « Электроэнергетика» бағыты бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесін алады.
ОҚУ мен Гамбург Қоданбалы Ғылым Жоғарғы Мектебі арасында «Renewable energy systems» бағдарламасы бойынша бірлесіп магистранттарды дайындау жобасы бар. Кафедраның бітірушілері кез келген кәсіпорындарда жұмыс істей алады және технологиялық кешендерді және электр жетектерді автоматтандыру, тасымалдау көлік құралдардың электржабдықтарын ,электр жүйелермен желілерді және электр станциялар мен қосалқы станциялар жұмысының сапасын бақылау мен техникалық қызметті көрсете алады.
Кафедрада барлық пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін казіргі заман талаптарына сай қондырғылармен жабдықталған 5 оқу зертханалары бар.
Кафедраның негізгі ғылыми зерттеу бағыттары төмендегідей:
-электрлік технология мен электр жетектері үшін электр энергиясының түрлендіргіштерін зерттеу және өндеу;
-ультрадыбыс және электр акустикалық технологияларын зерттеу және өндеу;
-дәстүрлі емес және қайта жаңғыртылған энергия көздері үшін түрлендіргіштерді зерттеу және өндеу;
Бұл бағыттар бойынша қашықтықтан оқыту үшін әдістемелік қамтамасыздандыру және дербес компьютерлер базасындағы зертханалық жабдықтар үшін, ақпараттық-өлшеуіш жүйесін өндеу, біркелкі емес жүктемедегі қозғалтқыштар жұмысының ПӘК-нің орташа мәнін арттыру мақсатында асинхронды қозғалтқыштарды параметрлік реттеуді зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Кафедрада қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату, кадрларды дайындау, электр энергиясын түрлендіру және тасымалдау аймағында бірге зерттеулер жүргізу үшін ЖШС «Онтустик жарык» кәсіпорынмен оқу-ғылыми-өндірістік кешен құру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында: дәстүрлі емес энергетика, баламалық энергетикадағы жоғары технологиялар, энергия үнемдеу, компьютерлік модельдек және робототехника мәселелері қарастырылады.
5В071800 - «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалаврлар төмендегі тәжірибелерді өтеді:
● оқу (оқу-танысу);
● өндірістік;
● кәсіптік (диплом алды).
Оқу тәжірибесі студенттерді өнеркәсіп өндірісіндегі жұмыстарды ұйымдастыру, технология жайлы бастапқы мәліметтерді алу мақсатында өткізіледі.
Өндірістік тәжірибе өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру, экономика мәселелері, лауазымдық міндеттермен танысу, жалпы кәсіби және арнайы пәндерді оқу барысында тсуденттердің алған теориялық және практикалық білімдерің бекіту мақсатында жүргізіледі.
Кәсіптік тәжірибе бакалаврдың бітіруші кәсіптік жұмыстарының тақырыптарына байланысты материалдарды жинақтау мүмкін болатын ғылыми зерттеу мекемелерінде, өндірістік кәсіпорындарында жүргізіледі. Студенттердің тәжірибесі оқу процессі міндетті және негізгі формасы болып табылады, студенттерге алған білім деңгейлерін бағалауға мүмкіндік береді, өзіндік жұмыстар дағдыларын қалыптастыруға, теориялық білімдерін тереңдету және бекіту мақсатында жүргізіледі.
Студенттер өндірістік және диплом алды тәжірибелерін төмендегі облыс пен қалалық кәспорындарда өтеді:
1. ЖШС «Оңтүстік Жарық транзит»
2. АҚ «Южполиметалл»
3. АҚ «Энергоорталық-3»
4. ЖШС «Оңтүстікқұс»
5. АҚ «Карданвал»
6. ЖШС «Электроаппарат зауыты»
7. АҚ «Шымкентмай»
8. АҚ «Шымкентцемент»
9. ЖШС «Шымкентсыра»
10. ЖШС «Петро Казахстан»
11. АҚ «Кентау трансформатор зауыты» Кентау қ. және т.б.
Білім бағдарламасын іске асыру үшін кафедра заңдық күші бар санитарлық нормалар мен ережелерге сай келетін арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалармен жабдықталған.
11 арнайы оқу зертханалары мен кабинеттерінің жалпы ауданы 413,4 м2 құрайды.
Кафедраның аудиториялық фонды: 501Г, 502Г, 503Г, 504Г, 505Г, 506Г, 507Г, 101Г, 119Гл, 123Гл, 106А бөлмелерінен тұрады. Кафедра штаты 506Г, 501Г, 507Г кабинеттерінде орналасқан.
5В071800 «Электрэнергетикасы» бойынша оқу процессін жүргізуге арналған оқу алаңы санитарлық және өртке қарсы нормаларға, норма көрсеткіштеріне толығымен сай келеді. Пайдалы оқу алаңы сабақтың екі ауысымдығын ескере отырып есептегенде, келтірілген контингенттің бір білім алушысына шаққанда 9,6 кв.м. құрайды.
Мамандықтың пәндеріне арналған зертханалық база «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының 8 зертханасында қамтамасыз етіледі және ұйымдастырылады: 503Г, 504Г, 504Г, 505Г, 101Г, 119Гл, 123Гл, 106А.
6В07140- «Электрэнергетикасы» білім бағдарламасы бойынша зертханалық құрылғылармен жабдықталғандығы
1.503Г «Электр тізбектері теориясы » зертханасы
а)Компьютерлік зертханалық кешен «Электр тізбектері теориясы» -2 дана
2.504Г «Электрлік жүйелер, релелік қорғаныс, ақпараттық датчиктер мен түрлендіргіштер» зертханасы
а)Компьютерлік зертханалық кешен «Релелік қорғанысы және автоматикасы бар электрлік жүйе моделі» -2 дана
б)Компьютерлік зертханалық кешен «Электр тізбектері теориясы» -2 дана.
в)Компьютерлік зертханалық кешен «Электротехникалық материалдар» -2 дана
г) Компьютерлік зертханалық кешен «Датчиктер және берілгендерді өңдеу жүйесі» -2 дана
3.505Г Электр тізбектері теориясы, электр жетегі және электр машинасы бойынша зертхана
а) Компьютерлік зертханалық кешен «Электр машиналары және электр жетек» -2 дана
б) Компьютерлік зертханалық кешен «Электроника» -2 дана
в) Зертханалық кешен «Электротехника» - 4 дана
4.119 Бас ғимарат «Электротехникалық материалдар» зертханасы Зертханалық комплекс «Электротехникалық материалдар»
101Г «Дәстүрлі емес энергетика» зертханасы Жел генераторының электромеханикалық моделі, күн электрстанциясы, жылулық сорап
123Гл. «Түрлендіргіш техника» зертханасы Желгенераторымен жұмыс істейтін инвертор, желгенераторымен жұмыс істейтін түзеткіш
106А «Техникалық термодинамика және суды дайындаудың физико-химиялық әдістері» термометр, дифференциальдық манометр, диафрагма, желдеткіш, ағындық калориметр, амперметр, вольтметр, реостаттар, герметикалық сосуд, манометр, компрессор, барометр, термометр, электрлік жылытқыштар, зертханалық тоңазытқыш, бу қазандығы, барометр, аспирациялық психрометр, гигрометр, ылғал ауаның hd-диаграммасы, дифференциальдық манометр, диафрагма, вентилятор, ағындық калориметр, персональдық компьютер, компьютерлік бағдарламалар
Кафедра зертханаларының рәсімделген формада паспорттары бар. Зертханаларда қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жалпы ережелеріне сай рәсімделген формадағы техника қауіпсіздігі журналы, сондай-ақ техника қауіпсіздігі және өртке қарсы техника бойынша инструкциялар бар. Зертханалар оқу-техникалық құрылығылары мен макеттеріне техникалық инструкциялармен жабдықталған.
2.2 Кафедраның электр техникалық жабдықтарын сипаттау
Зертханалық кешеннің сипаттамасы
Кіріс/шығыс модулы
Кіріс/шығыс модулы әлсіз токты аналогтық сигналдардың (± 10 В) өтпелі процестерін осциллографқа енгізу мақсатында, кіргізу және шығару үшін қолданылады.Зертханалық кешенді дербес компьютермен байланыстыру үшін қолданылады.
Күштік модуль
Күштік модуль электр машиналары бар күштік сұлба жиынтығын жеңілдету,атап айтқанда электр машиналарының мнемосхемаларына сәйкес,модулдың бет жақтауларында орналасқан клеммалармен күштік түрлендіргіштерді жалғау үшін қолданылады.Электромашиналақ агрегатқа тікелей қосу сыртқы жағында жүргізілген.
Күштік модулда асинхрондық электр қозғалтқыш статорлық және роторлық тізбектерде шығыстары бар,бірақ зертханалық стендтер фазалық роторлы және роторлары қысқа тұйықталған қозғалтқыштармен жинақталады (жинақталуы стендтің нұсқаларына байланысты).Егер зертханалық кешенде роторлары қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштар қолданылса,онда ротор тізбегінің шығыстары қолданылмайды[4].
Модулдың бет жақтауында электр қозғағыштарының айналу жиiлiгiн кескіндейтін индикатор бар. Жылдамдықты өлшеу каналы құрамында энкодер МЗ және (ПЧН ) жиiлiк-кернеу түрлендiргiші болады.ПЧН шығысы(XS15 клеммасы) қозғалтқыштың айналу жиiлiгiне пропорционал кернеу болады.
Модуль құрамына LV25-P түрдегі кернеу датчигі (ДН) және НХОЗ-Р типтегі ток датчигі (ДТ) кіреді. Датчиктер шығыс күштік токтар мен кернеулерге пропорционал аз қуатты кернеулерді алуға мүмкіндік береді. Датчиктер күштік тізбектер мен басқару тізбектерінің потенциалдық бөлiнулерiн қамтамасыз етеді.
2.3 Зертханалық жұмыстарды орындауға техникалық қауіпсіздік ережелері
Электр тоғынан қорғау жүйелерін есептеу және талдау мынадай болып жүргізіледі. Электр тогы организмнен өте отырып, оған термиялық электролиттік, биологиялық әсер береді нәтижесінде көптеген бұзылулар және демалу органдарының іскерлігі толық тоқтатылуы мүмкін. Адам денесінен өтетін тоқ шамасы залалданудың негізгі факторы болып табылады. Ток көп болған сайын, оның әсері қауіпті. Сезім тоғы –0,6-1,5мА (50Гц). 10-10мА (50Гц) тоқ көкірек клеткаларының қатты жиырылуын тудырады. 100 мА ток кезінде жүрекке кері әсерін тигізеді, соңында ол өлімге алып келеді. Ең қауіпті болып жиілігі 20 – 100 Гц болатын ауыспалы ток табылады. Токтың негізгі әрекеттері факторлар қатарына, адамның жеке қасиеттері мен токтың жиілігі мен типіне тәуелді болады. Адам денесінің электрлік кедергісі және оған қойылған кернеу бұзылуға әрекет етеді, бірақ ток мәнін қаншалықты анықтағанға байланысты. Токтың және кернеу деңгейлері ГОСТ 12.1.038 беріледі.
Сөндіру - электр тогымен зақымдану қауіптілігі туған жағдайда электр қондырғысын автоматты түрде сөндіретін сақтау жүйесі.
Өрт қауіпсіздігі:
Электр қондырғылардағы өрттер аса қауіпті, өйткені үлкен материалдық шығындарға әкеп соғады. Өрттің келесі себептерден туындауы мүмкін:
Отты абайсыз пайдаланудан;
Өндірістік жабдықтардан ақауларынан;
Электр жабдығын пайдалану ережелерін бұзудан;
Электр, газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі шараларының бұзылуынан.
Өрт қауіпсіздігі, бірінші кезекте, электрмен қоректендіру жүйелерінің өрт қауіпсіздігі талаптарын орындаумен және оны профилактикалық жұмыстарды орындау кезінде сақтаумен қамтамасыз етеді.
Өрт профилактикасының мақсаттарына дәлізде өрт сөндіру құралдары: ОХП-10,ОУ-5 өрт сөндіргіштері қарастырылған. Мұнан басқа жұмыс істеушілер арасында өрт қауіпсіздігінің шаралары жөніндегі инструктаждар өткізіліп тұрады.
Жөндеу-профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелері сақталады.
Санитария және гигиена жөніндегі іс шаралар.
Жұмыс орнын жоспарлау маңызды мәнге ие болады. Жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде адамның физикалық мәндеріне көңіл бөлу қажет. Адамның, оның жұмыс аймағында орналасқан барлық құжаттарға, заттар мен қондырғыларға оңай қол жеткізе алуы қажет.
Микроклимат
Ғимаратқа қойылатын талаптар, компьютердің орнатылуына қойылатын талаптардан және микроклиматтың қажетті көрсеткіштеріне қойылатын талаптардан тұрады:
Ғимаратқа орташа температураның және жоғарғы емес салыстырмалы ылғалдықты болуы, шаң-тозаңның болмауы қажет. Температураның салыстырмалы ылғалдылық пен ауаның қозғалыс жылдамдығының нормалары 9.3 кестеде берілген. Жоғарғы температура мен ылғалдылық кезінде дененің қызуы орын алады. Төменгі температура кезінде, ауруларға әкеп соғатын организмнің салқындауы жүреді. Ғимараттағы белгілі бір микроклиматтың көрсеткіштерді ұстап отыру үшін ауа желдету және ауаны салқындату жүйелері орнатылады.
Ғимарат өлшемдерінің, негізгі жабдыққа қойылатын негізгі санитарлық техникалық қанағаттандыруы қажет, сондай-ақ сымдар, өткелдер, техникалық жабдықтар үшін кеңістіктің қарастырылуы қажет. Бір жұмыс орнына өндірістік ғимарат көлемінің кем дегенде 15 м және ауданның кем дегенде 4,5 м2 сай келуі қажет.
СНИП-245-91 және 12.1. 1003-91 МЕСТ (ГОСТ) сәйкес ғимараттағы шу деңгейі 65 дБ-ден аспауы қажет. Шудың негізгі көздері принтерлер, мониторлар болып табылады.
3 Жеке тапсырма:
Әуе электр желілерінің құрылғысы Әуе электр желісі (VL) - ашық ауада орналасқан және траверстердің (кронштейндердің), оқшаулағыштардың және арматуралардың көмегімен тіректерге немесе инженерлік құрылымдарға (көпірлерге, эстакадалар). Әуе желісінің жобасы, оның дизайны мен құрылысы арнайы желілерді қоспағанда (мысалы, трамвайдың, троллейбустың, темір жолдың байланыс желілері, т.б.). ВЛ классификациясы және жұмыс режимдері. Тағайындалуына сәйкес әуе электр желілері бөлінеді: - 500 кВ және одан жоғары ультра ұзын кернеу, негізінен жеке электр жүйелері арасындағы байланыс үшін қызмет етеді; - қуатты электр станцияларының энергиясын беру үшін, сондай-ақ энергетикалық жүйелер арасындағы байланыс үшін және электр жүйелерінің ішіндегі электр станцияларын біріктіру үшін пайдаланылатын кернеуі 220 және 330 кВ магистральдық желілер (әдетте электр станцияларын тарату пункттерімен байланыстырады); - 35, 110 және 150 кВ тарату кернеулері, кәсіпорындар мен ірі аумақтардың елді мекендерін электрмен жабдықтауға қызмет етеді (тарату пункттерін тұтынушылармен қосу және трансформаторлық қосалқы станциялармен тармақталған желілерді ұсыну); - тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ететін 20 кВ және одан төмен электр желілері.

Әуе электр желісінің конструктивтік ерекшеліктері мен параметрлерін анықтайтын негізгі элементтер тірек конструкциялар (тіректер мен негіздер), сымдар мен кабельдер, оқшаулағыштар және сызықтық арматура болып табылады. Кернеуі 6-220 кВ электр желілерін салу тәжірибесінде 1958-1960 жылдарға дейін әуе желілерінің құрылымдық элементтері. негізінен оқшаулау және желілік арматура саласында шамалы өзгерістерге ұшырады. Физикалық көлемдер бойынша да, күрделі шығындар бойынша да ең үлкен үлес салмағы бар әуе желілерінің тірек құрылымдарын жетілдіру мақсатында жаңғырту бағытында кейбір өзгерістерді, әдетте, жеке ұйымдар жүзеге асырды. қазіргі дизайн, сондықтан жергілікті сипатта болды. Қолданыстағы тірек құрылымдарын жаңғыртуды немесе жаңасын әзірлеуді кейде мұндай мәселелерді білікті шешу үшін қажетті өндірістік мүмкіндіктері жоқ мамандандырылған емес жобалау және құрылыс-монтаждау ұйымдары жүзеге асырғанын атап өткен жөн. Сондықтан, әрине, бұл көп жағдайда әуе желілерін салу құнының өсуіне және құрылыс материалдарының негізсіз шығындарына әкелді. Тірек сызбаларын әзірлеуде орталықсыздандырудың және жобалауда унификациялық элементтердің болмауының нәтижесінде 1959 жылға қарай 6-220 кВ әуе желілерін салуға қабылданған әртүрлі тірек конструкцияларының бірнеше жүздеген түрлері пайда болды. Соңғы жылдары жаппай энергетикалық құрылыс жағдайында салынып жатқан желілердің техникалық-экономикалық және пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсаттарына жауап ретінде бұл салада белгілі бетбұрыс болды. Құрама темірбетонды халық шаруашылығына кеңінен енгізу, тірек конструкцияларын бір жүйеге келтіру, оқшаулағыш материал ретінде қымбат фарфордың орнына шыңдалған шыныларды зерттеу және өндіріске енгізу, желілік арматура мен орнату әдістерін жетілдіру сапаны айтарлықтай жақсартты. әуе электр желілерінің құрылыс-монтаждау кешенінің.
BJ1 құрылғысы және негізгі элементтері. Әуе электр желілері тірек конструкциялардан (тіректер мен негіздер), траверстерден (немесе кронштейндерден), сымдардан, оқшаулағыштардан және желілік арматурадан тұрады. Сонымен қатар, әуе желісінің құрылымы тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды және желінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті құрылғыларды қамтиды: найзағайдан қорғайтын кабельдер, разрядтағыштар, жерге қосу, сондай-ақ пайдалану қажеттіліктеріне арналған қосалқы жабдық (жоғары жиілікті байланыс құрылғылары). , сыйымдылық қуатын алу және т.б.).
Сымдар ілулі тұрған екі тірек орталықтарының арасындағы көлденең арақашықтықтар арақашықтық немесе аралық ұзындығы деп аталады. Аралық және якорь аралықтары бар. Анкерлік аралық әдетте бірнеше аралық аралықтардан тұрады. Кез келген құрылысты немесе табиғи кедергіні (сай, өзен) кесіп өтетін якорь немесе аралық аралықты өтпелі деп атайды.
Сызықтың айналу бұрышы - бұл сызықтың көршілес аралықтардағы бағыттары арасындағы бұрыш.
Аралықтағы сымның ең төменгі нүктесінің қиылысатын инженерлік құрылымдарға немесе жердің немесе судың бетіне дейінгі тік қашықтықты сымның өлшеуіші деп атайды.
Әуе электр желісінің тіректері сымдарды бір-бірінен және жерден берілген қашықтықта ұстап тұрады. Сымның түсуі - аралықтағы сымның ең төменгі нүктесі мен тіректердегі сым бекіту нүктелерін қосатын көлденең түзу сызық арасындағы тік қашықтық. Бекіту нүктелерінің биіктігі әртүрлі болса, ең жоғары және ең төменгі нүктелерге қатысты шөгу қарастырылады.
Кернеу - сым немесе кабель тартылып, тіректерге бекітілетін күш. Кернеу желдің күшіне, қоршаған орта температурасына, сымдардағы мұздың қалыңдығына байланысты өзгереді және қалыпты немесе әлсіреген болуы мүмкін. Қауіпсіздік шегі немесе әуе электр желісі элементтерінің қауіпсіздік коэффициенті - бұл элементті бұзатын ең аз жүктеменің ең ауыр жағдайларда нақты жүктемеге қатынасы.
Материалдың механикалық кернеуі - бұл олардың жұмыс бөлігінің бірлік ауданына байланысты әуе желісінің элементтеріне түсетін жүктеме. Мысалы, сымның көлденең қимасына байланысты кернеуі сым материалының механикалық кернеуін анықтайды.
Өлшемдері (a) және шөгу (b) сымдар:
F және f - сымның түсуінің көрсеткілері: L және B - сымдарды бекіту нүктелері; L2 - жерден сымның өлшемі

Уақытша қарсылық материалдың максималды рұқсат етілген механикалық кернеуі деп аталады, одан кейін оның бұзылуы басталады


ҚОРЫТЫНДЫ:
Оқу іс-тәжірибені орындау барысында мен университеттегі негізгі материалдық-техникалық базасымен таныстым. Кафедра оқытушыларымен және жетекшіден зертханалық жұмыс жүргізу барысында электр жабдықтар туралы толық мәліметтер алдым. Кафедраның арнайы оқу зертханалары мен кабинеттерінің электрмен жарықтандыруды және зертханалық кешендерді қоректендіру үшін кернеуі 380/220 В бейтараптамасы жермен тікелей қосылған үш фазалы ток жүйесімен барынша толық таныстым. Жарық көздері мен кейбір шағын қуатты тұтынушылар фазалық кернеуге, ал басқа электр жабдықтарының (зертханалық кешен жабдықтары) үшфазалы желілік кернеуге қосылатыны туралы толық мағлұмат алдым.
Сонымен бірге электрондық каталогпен жабдықталған электрондық кітапханада есеп беруді дайындауда толығымен қолдандым.Оқу іс-тәжірибені орындау барысында мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, құжаттарымен таныстым. Оқу іс-тәжірибені толық көлемде орындадым.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Технология и информатика: проекты и задания. ПерваРобот. Книга для учителя. – . – М.: ИНТ, 2010. – 80 с.
Технология и физика. Книга для учителя. LEGO Educational . – М.: ИНТ, 2010. – 80 с. 27.
Ушаков А.А. Задачи для факультатива робототехники : сборник задач: демонстрационный вариант / А.А.Ушаков. - Барнаул : Гимназия №42, 2009.
Филиппов С. А. Робототехника для детей и родителей / С. А. Филиппов; под. ред. А. Л.Ф радкова. - СПб. : Наука, 2010. – 94 с. 13 Юревич Е. И. Основы робототехники / Е. И. Юревич. - СПб. : БЧВ Петербург, 2010. –
Предко М. 123 эксперимента по робототехнике [Текст] / М. Предко ; пер. с англ. В. П. Попова. – М. : НТ Пресс, 2007. – 544 с. 15 Воротников С. А. Информационные устройства робототехнических систем / С. А. Воротников. - М. : Изд МГТУ им Н.Э.Баумана, 2005.
Мартыненко Ю. Г. Динамика мобильных роботов / Ю. Г. Мартыненко // Соровский образовательный журнал. - 2000. – №5. – С. 110116. 17 NXT-G ver 1.1 : Help and Support for Lego Mindstorms NXT/LEGO Group [Электронный ресурс].-Электрон. дан. и прогр. (253 Mb). - 2007. - 1 электрон. опт. диск (CD-ROM)
Энергия, работа, мощность. Книга для учителя. LEGO Group. – М.: ИНТ, 2010.
Ловин, Дж. Создаем робота-андроида своими руками /Джон Ловин . – Москва, ДМК Пресс, 2007.
Макаров И.М. Робототехника: История и перспективы / Макаров И.М., Топчеев Ю. – М.: Наука; Изд-во МАИ, 2006. – 245с.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет