Эссе
Мұғалім – мәртебелі мамандық.
Ойлау философиясы өзгерсе, бәрі де өзгереді.
Абрахам Маслоу
Ұстаздық мамандықты таңдап,оның ыстығына күйініп,суығына тоңып жүргеніме жиырма алты жылдың қалай өткенін байқамай қалыппын.Бұл аз ба,әлде көп пе?Сірә,уақыттың өткенін сезбеуім қызығы да,шыжығы да мол менің таңдаған мамандығыма байланысты болса керек.Мұғалім жанұясында өскен адам біледі:кез келген жаңашылдықты ендіруде педагог бірінші тұрады,яғни іс-әрекетті іске асырып,оны қоғам дамуына қызмет етуіне әсер ететін де педагог.Жаңашылдықты не үшін енгізу қажет?деген сұрақ туады.Оған осылай деп жауап беремін: « Жаңарған Қазақстанға-жаңаша білім беру керек».Өйткені қазіргі таңда қоғам алдында тұрған өзекті мәселе-жан-жақты дамыған,көп мәдениетті,шығармашыл,әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру.Оның маңыздылығы-бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде мән беруінде.Мектеп түлектері оқу үдерісінде үнемі даму үстінде болса,ертең ел сенер,елі мен жерін әлемге танытар,инновациялық идеяларымен халқына қызмет ететін азаматтар болатынына сенемін.Бүгінгі шәкірт-ертеңгі ел тізгінін ұстар мемлекетіміздің болашағы. «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек.Ол үшін жаңа формацияның педагогі қажет»деген тұңғыш елбасымыз.Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды талап етеді.Елімізде дүниежүзілік бәсекеге қабілетті экономика,ғылым мен білім салалары болу үшін,ең алдымен бәсекеге қабілетті,өз саласында құзыретті,өзін-өзі реттей алатын,өзіне-өзі кәсіп таба білетін ұрпақ болуы керек деп ойлаймын.Ол мұғалімдердің аса зор білімді,білікті болуын талап етері сөзсіз.Мен орыс халқының белгілі педагогі К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды,ізденуді тоқтатса,оның мұғалімдігі де жойылады»деген ұлағатты сөздерін өзімнің өмірлік ұстанымыма алдым. «Бетпе-бет»курстарына келуім де және жаңа формация мұғалімі ретінде қалыптасуына түрткі болған 2009 жылдың шілде айында өткен теміртаулық жаңашыл-педагог Ф.Я.Вассерманның «Биоинформатика және синергетика» деген курсының тыңдаушысы болуым.Оның тәжірибесінің жаңашылдығы,өзіндік ерекшілігі бойыма қатты әсер берсе де,әлі де бір нәрсенің жетіспейтіндігін сезіп жүрдім.Сол іштегі арпалыс,өзіме көңіл толмағаны мені «Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан Ойлауды Дамыту »семинарына әкелді.Осы оқудан шыққан мұғалімдердің бәрін демесек те,басымын жаңа бір ой толқындырды: «Заманнан қалмау үшін оқытуды басқаша құру керек!Бұрынғы оқыту өз мәресіне жетті!»Айым оңынан туып,менің Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған «Педагогикалық шеберлік оқулары»орталығындағы курстарының қатарына енгенім.Өзімізге сыни қарап,әділ баға беріп,өзгенің ой,пікірлерімен санасуға түрткі болатын күш болды.Курста арттырған біліктілігімізбен мектепте жүргізілген тәжірибелерімізді ұштастырған сәтте,бүгінгі оқушының сұранысын қанағаттандыратын,мұғалімді жаңашаландыралатын жобаның білім жүйесіне енгізуінің орынды екендігін түсіндім.Мектепте 7 модулге бағыттап жоспарланып,жүргізілген сабақтарым оқушыларыма берері мол екендігін ұқтым.Оның дәлелі:сабаққа енжар қатысып отырған балалардың ынтасы артып,өз бетімен пікірлерін айтып,ортаға салу дәрежелері өскені.Бұрынғы дәстүрлі сабақтарда көп ескерілмей,тыныш отыра беруге дадыланғандар «оянып»,көздері жарқырай бастаған сәттерін байқаған кез-мен үшін ұмытылмас кез.Атақты Томас Эдисон өте үлкен бір ой салады: «Цивилизацияның ең маңызды мақсаты-адамды ойлауға үйрету».Бұл айтылған ойға толық қосыла отырып,ұстаздың алдында тұрған басты міндет-шәкіртін ойлауға,өз бетімен білім алуға,оларды іс-тәжірибеде қолдануға үйрету. Өзін-өзі жетілдіру тақырыбымды «Шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру»деп атадым.Әр сабақ мақсатын оқушыларға бағыттай отыра,сабағыма баланың көзімен қарауға тырысамын.Оқушы сабақ барысында бір-бірімен тапсырмаға сәйкес сипаттауды,өзіндік пікірлерді және ой-өрісті кеңейтетін нақты деректерді ұсына алуға,өзара сұхбаттасуға,әңгімелеуге қатысуға білетіндігін байқадым.Бұл қадамдар оқушыларды білгенін,түсінгенін өмірмен байланыстыра білуге,қолдана алуға жетелейді.Оның дәлелі-әдебиеттік оқу сабағында белгілі жерлес жазушымыз Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы»ертегісінің кейіпкерлері жақсы мекен іздеуіне аттанғанына Мадияр оқушым «Басқа жерден жақсы мекен іздегенше,өз үйін бағаламай ма,жақсартуға өзі не жасады?»деген тұжырымы жас баланың сыни тұрғыдан ойлағанының айғағы. Маргарет Мид: «Көптеген адамдар өз істеріне берілген ойшыл адамдардың бүкіл тобы әлемді өзгерте алатынына күмәнданады, өйткені тарих көрсеткендей, бұл әрқашан солай болады», - деді.Сондықтан сондай топты құрайтындардың бірі және ең бастылары-мұғалімдер.