Мұғалім портфолиосы
Амангелді Сабина Нуриддинқызы
ПШО Алматы қаласы
АВС есеп
А есебі Мен «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарласмасы курсына 19-қыркүйектен бастап қатыстым. Мен бағдарламаны оқи отырып, оның идеясын бойыма сіңіре білдім және екінші айында «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде алған білімімді ұжымыма, оқушыларыма, оқыту әдістеріне ықпалдастыру қажет болды. Үйретуші ұстаз ретінде ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, сыни жағынан мән беру керек екенін түсіндім. Бірінші бетпе-бет кезінде өзімнің білімімді, тәжірибемді тереңдете отырып теориялық жағынан білімімді кеңейттім. Біз бұл айда жаңа әдіс-тәсілдерімен, топтасып жұмыс жасауға дағдыландық. Топқа бөліну арқылы бойымыздағы жақсы қасиетерімізді танып, берілген тапсырма бойынша жоба жасауды білдім. Күнделікті берілген сабақтар, тапсырмалар кері байланыс арқылы қорытылып, жинала берді. Бағдарламада берілген модульдегі жаңа тәсілдерді оқи отырып, күнделікті жұмысымның жүріп жатқанын байқадым. Оған дәлел: бірлескен топтық жұмыстағы диалогтік әдіс арқылы пікірлесу, оны сын тұрғысынан талқылауымыз, көп болып атқарған жұмыста дара шығып, топтың белсендісі, дарындысы анықталып отырды. Курс барысында біз АКТ-ны кішкене болсада тиімді пайдалануды игердім. Біліктілік курсна келу арқылы менің бір байқағаным біз оқыту мен оқудағы кедергілерді анықтап жатпай тек қана жоспарды қатаң орындауға тырысады екенбіз. Оқушы нені оқу керек, қалай оқу керек оқыту барысында осыған басты назар аудару керек екенмін. Осы курста оқушының тану тұжырымдамасына, оның оқуына қандай фактор әсер ететінін, соған сай іс-әрекет жасауды және сабақ өту барысында балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін түрлі әдіс-тәсілдерді үйрендім. «Тиімді оқыту мен оқу» курсында алған білімімді сабақ барысында қолдануды жөн санадым. Күнделікті сабақ барысында оқушыларға әртүрлі әдістерді пайдаланып, жұптық және топтық жұмыс жасап, жаңа сөздерді меңгертіп, мәтінмен жұмыс жасап, тірек сызбалар арқылы өз ойларын ауызша және жазбаша жазуға машықтандырдым.
«Оқытудың қандай жолы қолданылса да, «оқыту тиімділігі» ұғымына қатысты қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің қызметін бағалау барысында бағалаушы белгілі бір факторлар жиынтығын пайдалана отырып, «сапа» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет. Оқытудағы сындарлы тәсіл оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, тиісті сұрақ қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Аталған ойлану үдерісі оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болғаны абзал. [МАН 6 бет] Осы жерде «оқыту тиімділігі» дегеніміз не? Оқыту тиімділігі қазіргі таңда білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көз қарас пайда болды. Кез келген оқыту адамды белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқудағы барлық жаңа тәсілдермен байланысты. Мұғалім балалардың қай мақсатқа жеткісі келетінін білу маңызды болып табылады, ал мақсатқа жету үшін түсінушілікті талап етеді. Сол үшін бағдарлама сыни бағалау тәсілдерін қарастырады. Оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту талантты және дарынды балалрды оқыту маңызды екенін білдім. Оқушы білімді болу үшін тағы қандай әдіс-тәсілдерді меңгерсем екен? деген сұраққа жауапты осы курс бағдарламасынан тапқан сияқтымын. Курсты ұйымдастыруда бар идеясы мен тәжірибесін бөліскен тренерімізге ризамын.