Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері



бет4/6
Дата04.11.2023
өлшемі24,3 Kb.
#122204
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мұғалім партфолиосы

портфолиосының мазмұны
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
- Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған;
- Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдарының бір формасын ұсыну: - педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау; ұсыну формасы: эссе, шығармашылық есеп;
- өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.);
- жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес);
- пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес);

2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
- Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар; әдістемелік кеңестің,
- әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезисі;
- бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;
- тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;
- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы туралы қолда бар анықтамалар;

3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
- Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;
Кері байланыс жұмысының материалдары:
- сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар (5-тен кем емес)
- оқушылардың сұрақ-жауап, сауалнамалары,
- ата-аналардың сұрақ-жауап, сауалнамалары;
- педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық пікірлер;
- білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:
- сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;
- соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша да; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)
- Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет