Мұғалім портфолиосының құрылымы



Дата15.04.2022
өлшемі28,53 Kb.
#31131
Байланысты:
МУГАЛИМ ПОРТФОЛИОСЫ


Мұғалім портфолиосының құрылымы

Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.


Мұғалім портфолиосы дегеніміз не? Бұл оқытушының педагогикалық қызметінің сапасы мен жетістіктері туралы дәлелді құжаттары. Қолданыстағы атауы: мұғалім портфолиосы, педагог портфолиосы, электронды портфолио
Мұғалім портфолиосын жасау. Бұл дәстүр қайдан пайда болған? Жауап: Бұл өмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын үздіксіз көтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио оқытушы жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігіне аса қажет, бір жағынан педагогтың өзін-өзі бақылауы және білімін көтеріп отыруы үшін де маңызды.
Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:
• жүйелілік;
• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
• ақпараттың объективтілігі;
• көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.
Портфолио
· Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуына;
· Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.
Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады.
Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерленген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады.
Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады.
Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді.
Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональді міндеттеріне:
· педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуға;
· педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);
·мұғалім портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (мұғалімнің кәсіби дамуының деңгейі туралы);
Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.
Құрылымы:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі.
3 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
4 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
5 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
Сыртқы беті:
— фото (5х6),
— тегі, аты, әкесінің аты,
диплом бойынша мамандығы;
— жұмыс орны, атқаратын қызметі;
— білім беру ұйымындағы еңбек өтілі,
— үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттары, кәсіби жетістіктері туралы халықаралық, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдары;
— білімі туралы диплом көшірмесі;
— ғылыми атағы туралы дипломының көшірмесі;
— еңбек кітапшасының көшірмесі;
— бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;
— мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі;
— қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі;
— алған (берілген) біліктілік санаты және оны растауға берілген педагог қызметкердің өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша).
— эссе, шығармашылық есеп.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері
Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде):
— үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі;
— дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
алғыс хаттарының көшірмесі;
— сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
Оқушылардың білім алудағы жетістіктері арқылы (соңғы 5 жыл ішінде) педагогтың кәсіби қызметін бекітетін нәтижесі, сертификатталған құжаттары:
— дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
— алғыс хаттарының көшірмесі;
-сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
3 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
— Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған;
— Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдарының бір формасын ұсыну: — педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау: эссе, шығармашылық есеп;
— өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.);
— жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес);
— пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес);
4 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
— Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар;
— әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезисі;
— бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;
— тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;
— оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы туралы қолда бар анықтамалар;
5 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
— Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;
Кері байланыс жұмысының материалдары:
— сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар (3-тен кем емес)
оқушылардың сұрақ-жауап, сауалнамалары,
— ата-аналардың сұрақ-жауап, сауалнамалары;
— педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық пікірлер;
— білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:
— сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;
— соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша да; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)
— Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет