«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» бағдарламасының тиімділігі Алматы облысы Ақсу ауданы



Дата04.04.2023
өлшемі14,65 Kb.
#79300
түріБағдарламасы
Байланысты:
docx1554654206

«Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» бағдарламасының тиімділігі


Алматы облысы Ақсу ауданы
Қызылағаш ауылы, «Жансүгіров атындағы
орта мектебі» КММ
І деңгейлі қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімі Ш.Д.Байтуханова
«Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ,, ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы»-деп ұлтымыздың қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, әр бастаманың баспалдағы болады. Мен 2018 жылы 16 қарашада Талдықорған қаласында педагогикалық шеберлік орталығында екі жетілік «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» курс бағдарламасын оқып, сертификатталдым. Бұл кезге дейін «Сабақты зерттеу» әдісін деңгейлік курста оқып, білсек те тәжірибе жүзінде жүргізу мүмкіндігі болмады. Мұғалімдердің түсінік деңгейлері түрліше көзқараста еді. Міне, курс бағдарламасын жете меңгерген соң, тәжірибемізді ортаға салып, бес мұғалім жұмысымызды бастап кеттік. Тобымда әдістеме жұмыс жөніндегі орынбасар, ІІ деңгейлі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Э.Ж.Жомартова, І деңгейлі физика пәні мұғалімі Ж.Р.Муналбаева, ІІІ деңгейлі математика пәні мұғалімі Н.Т.Жауынбаева, 8 сынып жетекшісі Г.Н.Ержубаева және өзім. 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 10 қаңтарына дейін тобымдағы мұғалімдермен теория жұмыстарын жүргіздім. Нәтижесінде деңгейлік мұғалімдер әдістің тиімді тұстарын меңгеріп, (бұған дейін деңгейлік курста өткендерін ортаға салды) түйткіл сұрақтарына жауап алған соң, мектеп әкімшілігімен және «Даму» тобының жетекшілігімен мектепте сапасы төмен сыныпты алдық. 8 «Ә» сыныбына қазақ әдебиеті, физика және математика пәні бойынша мұғалімдер келісе отырып, оқушылардың қай дағды жағынан әлсіреген тұстарына назар аудардық. Қорыта келгенде, айтылым дағдыларының баяу, әлсіз екендігіне көз жеткіздік. Қалай анықталды? деген сұрақ туады. Анкета алынды. Анкета алу кезінде оқушылар өз ойларын жазған болатын. Осыдан келіп зерттеу сұрағы туды. Қандай тиімді әдіс алуға болады деген заңды сұрақ туатыны белгілі. Әдістерді зерттей келе, «Лото» әдісін алдық. Өзіміз тәжірибе жүзінде сабақтарымызда қолдана бастадық. Бұл әдіс ауызша сабақ тақырыптарына қолайлы болғанымен, физика, математика пәндеріне қолайлы болмады. Біз ақылдаса келе, зерттеу тақырыбын нақтыладық. Зерттеу тақырыбы: «Лото» әдісін түрлендіру арқылы оқушылардың айтылым дағдыларын қалыптастыру». Ақпан айынан жұмысымыз басталды. Сәуір айында жалғасын табуда. «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» бағдарламасының сапалы жүргізілуі пән мұғалімдерінің бір-бірімен ынтымақтастық қарым –қатынаста болуы көп жетістікке жеткізері анықталды. Бір-бірімен тығыз байланыс пен қатар зерттеу барысында жүргізілетін бақылау парағының толтырылуы, «сыншы достың» айтар уәжі бәрін дұрыс қабылдағанда ғана нәтиженің айқындылығы көріне бастауы-осының дәлелі деп білемін. Апта ішінде екі күнімді осы зерттеуге арнадым. Дүйсенбі күнге топ мүшелері 9:30-12:00 жиналып, жұмыс жоспары бойынша тиісті міндеттерімізге отырамыз. Ал бейсенбі күні 8:30-12:00 уақыт аралығында сабақтан бос мұғалімдермен теория жүзінде сабақ жүргіземін. Күшті жақтары: мұғалімдердің көзқарасының өзгергені, яғни «Сабақты зерттеу» әдісінің тиімді екенін білді. Әлсіз жағы: мектепте қолайлы кабинеттің жоғы (мектеп екі аусымда, кабинет жетіспеуі) Мүмкіндіктері: деңгейлік оқыған мұғалімдер тобы мен жаңартылған білім мазмұны бойынша білім алған ұстаз санының артуы. Қауіпті тұсы жоқ деуге болады. Авторы О.А.Алдибековна. Астана қаласы 2016 ж., 2017 жылы шығарылған «Сабақты зерттеуді тәжірибеде қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар». «Сабақты зерттеуді қалай сапалы жүргізуге болады» кітаптарының зор көмегі болды деп айта аламын. Әлі де мұғалімдер дәстүрлі сабақтан ажырай алмай жүрген жағымыз бар. Дәстүрлі сабақтан ажыраудың бірден- бір әдісі «Сабақты зерттеу» әдісі деп сеніммен айта аламын. Мен өз тәжірибемде арасында дәстүрлі сабақ кезеңдері араласады. Себебі неліктен деген сұрақ тууы мүмкін. Ауылдық жердегі мектепте оқушы саны 28-32 бала отыр. Ойланта ма? Әрине, толғандырары сөзсіз. Ал 8 «Ә» сыныбында керісінше 15 оқушы отыр. Біздің жұмысымыздың өрге басуы да бала санына байланысты екеніне көзіміз жетті. Қорыта келе, «Сабақты зерттеу» әдісі мектепте білім сапасының артуына, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына, бір-бірінің сабағына қатысуына, «Сыншы достың» ықпалы, заман ағымына ілесе алатын оқушы даярлауға өте тиімді әрекет деп бңлемін. Біліміміз бен тәжірибемізді жетілдіру –әр уақытта да кеш емес екені белгілі. Мен Талдықорған қаласындағы ПШО тренерлеріне алғысым шексіз. Әр курстан өткен сайын жаңашылдық пен талапшылдықты үйрену үстіндемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет