Лизинг,ағыл.,аренда, имущественный наем (мүлікті жалдау)- жабдықты, машиналарды,өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға беру.
Меритократия- аса дарындылығын, ерекше қасиеттерін ескере отырып хан сайлау принципі.
Маркетинг,ағыл.,рынок (нарық), сбыт (өтім);нем.,реализация (іске асыру) ,сбыт (өтім)-өндірісті басқаруға және өнімді өткізуге кешенді көзқарас, ол өндірілетін тауарлар өткізімін ұлғайту мақсатымен нарық талаптарын ескеруге және тұтынушылар сұранымына белсенді түрде ықпал етуге бағдарланған.
Маргинал-қалыптасқан әлеуметтік шеңберде, тұрақты әлеуметтік институттарда жікке, топқа жату белгілерін жоғалтқан, олардың арасындағы жеке жағдайдағы адамдар.
Мобилизация-(лат. mobilis)- әскери міндетті адамдарды жаппай әскери қызметке шақыру ісі, жұртты белгілі бір іске жұмылдыру әрекеті.
Мәмілегер-елді келістіретін, білімдар, ақылгөй, бітімші.
Менеджмент-өндірісті және қызметкерлерді басқару қағидаттарының, нысандарының, әдістерінің тәсілдері мен құралдарының жиынтығы, онда басқару ғылымының соңғы жетістіктері қолданылады.
Мердігерлік (подряд)- бір жақ (мердігер) екінші жақтың (тапсырма берушінің) тапсырмасы бойынша оның немесе өзінің материалдарын пайдаланып, белгілі бір жұмысты келісілген еңбекақы бойынша орындауға міндеттенетін, ал тапсырыс беруші атқарылған жұмысты қабылдап, келісілген ақысын төлеуге міндеттенетін шарт. Бұл шаруашылықты, жұмысты жүргізудің үдемелі әдісі.
Монополия (дара,жеке иелік) грек.тіл –бір адамға , бір адамдар тобына немесе мемлекетке тиесілі өндірудің, сауда жасаудың, кәсіп қылудың,қызмет көрсетудің т.б айрықша құқығы.
Мемлекеттік мұрағат-ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық беретін мекеме (Қ.Р заңы)
НАТО-саяси одақ 1949 жылдың сәуірінде құрылған.ОЛжылы Европаның 10 елі кірді
Оралман-шетелдерден өз елдеріне оралған адамдар.
Округ-патша үкіметінің 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы жарғы» бойынша Орта жүзде енгізілген әкімшілік-территориялық бөлігі.