Ұстаздарға жадынама
1.Мұғалімнің биік те, абзал атына лайық болыңыздар.Жеке адам ретінде қалыптасу жолында жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар. Сіздердің Отанға адал қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп қалатындай болсын!
2.Білімгерлерді силаңыздар . Олардың ар – намысын қорғап, дамытып отырыңыздар,Бойында ар – намыстың дамуымен қоса жақсы қасиеттер өріс алады.Ар – намысты сақтаңыздар.Ар – намысын сақтай білмеген ұстаз, тәлім – тәрбие бере алмайды.
3.Өз артықшылықтарыңызды баса көрсетпеңіздер.Олар сіздердің мұғалім, тәлімгер, сіздердің үлкен, тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп правоға ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды. Сіздердің білімгермен өзара қарым – қатынастарыңызда аралық шек
“Жүрек жылуы ойыны”
Қағаздан киылған жүрек суретеріне жүрек жарды тілектер жазу.
“Комплемент айту”
болуы қажет екенін жоққа шығармаймын,бірақ ол аралық шек өте алмас кедергіге айналып кетпесін.
4.Білімгерлер мен қарым – қатынаста тактикаларыңызды олардың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отырыңыздар. Оны жаңа тактикалық тәсіл және әдістеріңмен байыта түсіңіздер.Тактикаларыңыз икемді болсын,көзге ұрып тұратындай көрнекі болмасын.Тәрбиелеу әдістерінде де оқыту әдістеріндегі сияқты талап қою жоғары дәрежеде болсын.Тым тіке бетке айтудан, ақылгөиліктен аулақ болыңыздар, одан кінәратсыз кеңес, ескерту әлде қайда өтімді.
5.Педагогикалық көтермелеуді барынша кең пайдаланыңыздар, бірақ мақтауға жомарттау, жазалауға сараңдау болыңыздар. Жазаның әсер етерліктей болуын бақылаңыздар. Қас – қабақтарыңызбен, көзқарасыңызбен, үнсіз қимыл – қозғалыстарыңызбен басқаруды ұйреніңіздер.
6.Үн қатысу, сөйлесу мәдениетін игеріңіздер, айқайдан алыс жүріңіздер. Айқай сіздің
9.Педагогикалық тұрғыдан алғанда ол қаншалықты бетімен кеткен болса да, білімгерді мақтауға сылтау іздеңіздер.Егер білімгер өзі мұндай сылтауға мүмкіндік бермесе, оны өзіңіз табыңыз. Орынды мақтау – ондаған ескертулерден пайдалы.
10.Тұтас топпен тіл табысу белгілі бір дәрежеде сіздің әр білімгермен жеке тіл табуыңызға байланысты.Олармен оңаша болуға, мектептен бірге қайтуға, көшеде, паркте, стадионда бейне ойламаған жерден жолыққандай кездесуге уақыт табыңыздар. Егер сіз әдеп сақтасаңыз, не болса соған ілініспесеңіз, ақылгөй болмасаңыз, онда бүкіл білімгерлермен жақындаса түсесіз.
11.Білімгердің ата – аналарын қуанышқа бөлеңіздер.Өз білімгеріңізді көп жамандамаңыздар. Балалары туралы ата – аналарына көп шағынсаңыздар, олар балаларын қорғаштайды, қайшы шаралар қолданады.Оның үстіне басқа біреудің әрекетімен орнаған тәртіп тиімсіз болады.
12.Реті келгенде білімгерге өздеріңізде бар жақсылықты қабілетіңізді, іскерлігіңізді көп
білетіндігіңізді, әдеттеріңізді және т.б.) асырмай, жасырмай көрсете біліңіз.
13.Өз білімгерлеріңіздің сенімін ақтаңыздар. Бұл сенім – білімгермен қарым – қатынастарыңыздың ұшар шыңы, олардың жан –дүниесіне енер жол.Бір білімгердің, сенімін ақтамасаңыз бүкіл топ сенімінен айырылуыңыз мүмкін.
14.Жылдан – жылға, күннен – күнге, балалардың бойына қазақ азаматына тән жоғары сезімдерді, еңбек адамын қадірлеуді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, оның мүддесіне өзінің барлық күші мен барлық өмірін жұмсауға дайындықты сіңіре беріңіздер.