Ынта (стимул) (лат. Stimuls-жануарларды үркітетін үшкір аяқ тақ)
|
Тұлғаға сыртқы әсер, ұжым, адамдар тобы, олардың түрткіленген саласын белсендіретін және сол арқылы белгілі бір әрекетін тудырушы.
|
Халық педагогикасы:
|
халықтың ғасырлар бойы жинақтаған тәрбие
туралы өмір тәжірибесінің жиынтығы.
|
Эвристика (эвристика)
|
Ғылым, адамның шығармашылық қызметінің заңдылықтарын зерттейтін, күрделі интеллектуалдық міндеттерді шешудегі ойлап табу ізденісін ұйымдастырудың теориясы мен іс-тәжірибесі, жетелеуші сұрақтар жолымен оқыту әдісі.
|
Қарым-қатынас:
|
әртүрлі құралдар арқылы іс-әрекет кезіндегі адамның байланысы, танымдылық, эмоционалды-еріктік және мінез-қылықтары арқылы жүзеге асатын мақсат көздеген процесс.
|
Қалыптастыру
|
әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға болып қалыптасу процесі.
|
Конструктив-ті іс-әрекет
|
педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру түрінде жүзеге асатын іс-әрекет.
|
Коммуникативті іс-әрекет
|
педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатуға бағыттылған іс-әрекет.
|
Кәсіби дайындық
|
белгілі кәсіп бойынша арнаулы білім, дағды, шеберлік, еңбек тәжіребиесін қалыптастыру. Кәсіби дайындық кәсіби біліктілігінің күрделілігі мен әзірлік деңгейіне қарай жоғары, арнайы, орта немесе төмен білім түрлеріне бөлінеді.
|
Кәсіп
|
адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.
|
Эмпатия
|
педагогтың өзге адамды, оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне білу дағдысы; бұл - рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру.
|