«Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады». Н. Ә. Назарбаев
Кіріспе сабақ Мектеп мұғалімі.
Бұл тақырыпты оқып-үйрену үстінде сіздер таңдап
алған мамандықтарың – мұғалім қызметі туралы,
Оның қоғамдағы ролі, педагогикалық еңбегінің
ерекшелігі, құрылымы, ұстаздық шеберлік, әдеп-мораль
түсініктерін аласыздар.
Ұстаздық қызметте қажетті дағдылар негізі мен
іскерліктер, ұстаздық шеберлік компоненттерімен
таныс боласыздар; Ұстазға тән негізгі қасиеттерді өз
бойларыңызда тәрбиелеу қажеттілігін анықтайсыздар.
Болашақ маман, ертеңгі ұстаз қандай болу керек ? –
профессиограммасын жасап,
«Болашақ мектеп моделі» атты шығармашылық жұмыс
орындайсыз.
«Ұстаз – мектептің жүрегі»
Ыбырай Алтынсарин.
(1841-1889)
«Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім.
А.Байтұрсынов.
(1873-1937)
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман – Мұғалім.
Ұстаз деп те, оқытушы, тәлімгер, мастер, педагог деп те атауға болатын адам – арнайы кәсіби дайындықтан өткен, педагогикалық іс-әрекетпен айналысатын тұлға.
Мұғалім әр оқушы, өсіп келе жатқан ұрпақ алдында, қоғам мен мемлекет алдында үлкен жауапкершілік жүктелген әрекет иесі. Болашақтың қандай болатындығы – бүгінгі педагогтардың әрекетінің нәтижесі. Ешқандай да басқа мамандық иесінен тап осындай Отан, мемлекет, халық тағдырының жауапкершілігін арқалаған мамандық иесін таппайсың.
Мұғалім оқушының, тәрбиеленушінің дүниеге ғылыми дүниетанымын, диалектикалық материалистік көзқарасын, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, менталдық сапаларын, жоғары адамгершілігін, белсенділігін, адамдарға, мамандыққа сүйіспеншілігін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын үйрететін, оқыту-тәрбиелеу процесіне ғылым жетістіктерін игеріп енгізуші, белсенді әрекет иесі.
Мұғалімге қойылатын талаптар өте көп. Г.Г. Воробьев «Школа будущего начинается сегодня» деген мұғалімге арналған кітабында оқушылардың мұғалімге қоятын 20-дан астам талабын көрсеткен. (ал сіз ше? Қандай талаптар қояр едіңіз?)……
Негізінен, ол талаптарды С.Б.Елканов үш топқа бөліп көрсетеді:
Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік сезімі (педагогикалық мораль).
Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдылық білімі. Өз пәнін, ғылымын игеруі, оны оқыту методикасын, психологияны, педагогиканы меңгеруі.
Педагогикалық технологияны игеру.
Мұғалім педагогикалық процестің субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа , іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас қалыптастыруға бағыттауы керек.
Мұғалімнің кәсіптік іс-әрекеті төмендегі бағыттарды қамтиды: тәрбие жұмыстарын, оқыту процесін ұйымдастыру. Тәрбие негізгі мақсат болғандықтан мұғалімнің жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек. Осыдан мұғалімнің әлеуметтік позициясы (өз мамандығына бағыттылығы, педагогикалық борышты сезінуі, жауапкершілігі, педагогикалық моральды, тактіні сақтауы, педагогикалық әділдігі, беделі, т.б) және кәсіптік позициясы (азаматтық белсенділігі, балаға деген сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық ойлауының қалыптасуы, шығармашылық-жаңашылдық көзқарас, көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т.б.) айқындалады.
Мұғалімнің
кәсіптік құзырлылығы теориялық дайындықтан (талдау іскерлігі, болжам жасау іскерлігі, құрастыру (проектілік) іскерлік, рефлексивтік іскерлігі т.б.) және практикалық дайындықтан (ұйымдастырушылық, өз ықпалына ерту, ақпаратты жеткізу, дамыту, бағыттау, перцевтивтік қарым-қатынас орнату, қолданбалы іскерліктері)
☺Сөздік жұмыс:
Педагогикалық мораль – мұғалім тәртібіне, мінез-құлқына, өзін-өзі ұстау, қарым-қатынас жасау мәдениетіне қойылатын белгілі бір талап-тілектердің, қағида-ережелердің, қалыптың (норманың) мазмұндық тұжырымның жүйесі, жиынтығы.
Маман, кәсіби шеберлік иесі
Нағыз мұғалім : Адам, ізгілікті тұлға
Зерттеуші, ізденуші
Ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер
Мақсаттылық (целепологания)
Зерттеушілік (диагностикалық)
Құрастырушылық (конструктивтік)
Танымдық (гностикалық)
Қарым-қатынас (коммуникативтік)
Реттеушілік (коррекциялық)
Ұйымдастырушылық
Бақылау-бағалау
болжау
Айтпақшы,
Сократ мұғалімдерді: «акушеры мысли» - (ойды тудырушы), ал педагогикалық шеберлік түсінігін – «майэвтика – повивальное искусство» - (ойдың кіндігін кесу өнері),- деген; Яғни балаға ой туғызуға, ойлануға көмек. Қазіргі таңда мұғалім-менеджер деген түсінік етек алуда. Менеджмент –управление – басқару. (ағылшын).
Мұғалім – күн сәулесі іспетті!
Ұстаздық шеберлік компоненттері
Психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімдарлығы, өз пәнін еркін, терең игеруі.
Мұғалім мамандығына бейімділігі, қабілеттілігі.
Кәсіптік көрегендігі.
Балаларға деген сүйіспеншілігі, сенімділігі.
Ұйымдастырушылық шеберлігі.
Оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі, шешімді дұрыс, уақтылы қабылдай алуы.
Ұстаздық сезімталдығы, мейірімділігі.
Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.
К.Д. Ушинский
Педагогикалық техника.
Альтруизм.
Толеранттық.
☺ Сөздік жұмыс: Альтруизм – франц., басқа кісінің бағыт–бағдарына бағытталу, аңсары кетуі.
Толеранттық - өзгемен серіктестік рухта болу, өзгемен санасу, сыйласу, ізгілік, төзімділік, т.б. жақсы қасиеттер.
Артық етпес білгенің...
12 жылдық білім беруде педагогикалық процесті ұйымдастыратын мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар немесе
Болашақ мұғалім моделі:
1.Өзінің пәнін терең білу
2.Дидактиканы білу
3. Пән әдістемесін білу
4.Баланың жас ерекшелік психологиясын білу
5. Мектептегі оқыту мақсатын анықтай алуы
6.Білім мазмұнының теориялық негіздерін терең білуі
7.Ғылым жетістіктерін қолдана білу
8.Озат тәжірибені талдап, жетістіктерін үйрену
9. Күтілетін нәтижені болжай алуы
10.Жоғары адамгершілік мораль
11. Ұйымдастырушылық қабілет
12. Жағымды мінез – құлық
13. Қарым – қатынас шеберлігі
14. Әділеттілік
15. Құрастыра білу
16. Реттеушілік
17. Альтруизм
18. Толеранттық
19. Сезімталдық
20. Балаға деген сүйіспеншілік......
Білім жүйесі, ұрпақ тәрбиесі-баршаның ісі, әркімнің төл міндеті.
Бұл талап-міндет кеше де қымбат болған, бүгін де аса маңызды. Өйткені: болашақ бағбаны-жас ұрпақ тәрбиесіне ата-ана мектеп, қоғам мемлекет, Мұғалім жауапты. Тарих тағылымы, ұлт өнегесі осы. Осы тұста еске алар жайт: ұлттық рухтың мықты ақыл-парасаттың биік, тәлім-тәрбиенің терең, сана-сезімнің мөлдір болғаны абзал-ақ. «Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын-ұлты да ойламас болар» (Р.Ғамзатов) деген даналық сөзде үлкен шындық, тағылым бар. Біздіңше, мұның білім беру жүйесіне, тәлім-тәрбие ісіне де қатысы бар. Ақиқатқа тура қарасақ, білім беру ісі прогрестің қозғаушы күші және рухани әлеуметі ретінде уақыт талабына сай жауап беруі, жас мамандардың өзгермелі жағдайларға бейімделе білу қабілетін қалыптастыруы секілді мәселелерді шешіп алмайынша, қоғам дамуының тұрақты болуы екіталай. Еліміздің ғылыми-техникалық қуаты едәуір қарқын алып, білім берудің ұлттық моделі құрылды, мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы күшіне енді. Білім мен ғылымды дамытуға, орта және жоғары білім сапасымен қатар жастарды өз Отанына деген сүйіспеншілік сезіміне баулу, салт-дәстүрді санаға сіңіріп өсіру секілді маңызды мәселелерді қамтуға көңіл бөлу нәтижесінде кез келген ұлт пен ұлыстың әлемдік білім кеңістігінде өзіне тиесілі орнын иеленуіне мүмкіндік береді.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау- мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта не жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп,өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім кәсіби дамиды: ол жаңашыл, оқушыларға тәрбие мен білім берудің теориясы мен практикасындамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Қазіргі заман мұғалімнің жаңа проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеуін талап етеді. Сондықтан, әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен,шетел психологтары және педагогтарының тізденістерімен үнемі танысып, керектерімен қаруланып отыруы қажет.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде екі жағдайды ескерген жөн. Олардың бірі-мұғалімнің жеке жоспарына сәйкес өз бетімен білім алу жолы, екіншісі- әр түрлі ұжымдық жолмен мамандықты көтеру. Ұжымдық формалары: әдістемелік және теориялық семинарлар; мұғалімнің білімін жетілдіру институты жанындағы қысқа мерзімді курстар. Мұғалімнің қандай да болса педагогикалық еңбекке жарамдылығын, деңгейін үнемі жаңартып, жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Тест арқылы өзіңді тексер:
Сіз қандай ұстазсыз?
1.Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
а) жүрек қалауымен
ә) кездейсоқ
б) лажым жоқтықтан
2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
а) керемет жұмыс
ә) күнкөріс үшін
б) бас қатыру
Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы
а) өте сауатты деп есептейді
ә) қанағаттанарлық
б) жұмысы жоқ
Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
ә) кейде
б) маңыма мүлде жоламайды
5. Сіздің сабақ өткізу тәсіліңіз қандай?
а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
ә) сирек қолданамын
б) оқулықпен шектелемін
6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
а) қатені мойындап, кешірім өтінемін
ә) үндемей құтыламын
б) өзімдікі дұрыс деп, жеңістік бермеймін
7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда
а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын
ә) басшылар ескерткенде ғана
б) бас ауыртқым келмейді
8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
А) мүлде қол жұмсамаймын
ә) анда-санда
б) «Аюға намаз үйреткен - таяқ» деп есептеймін
9. Мұғалім болғаныңызға
а) ризасыз
ә) сізге бәрібір
б) өкінесіз