Педагогтерді аттестаттау 5жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшылары – 3 жылда бір рет өтеді. Педагогтер аттестаттаудан өтініш беру жолымен ҰБТ-ді электрондық форматта тапсырады. Педагогтердің өтініштерін қабылдау кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын, білім беру ұйымдары басшыларының өтініштерін қабылдау тестілеу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын жүргізіледі. Педагогтер тапсыру тілін, күнін, уақытын таңдайды. Ұлттық біліктілік тестілеу: 1 (бір) рет – тегін, қайта 1 рет және сынақ (педагогтің қалауы бойынша) - күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде, білім беру ұйымдарының басшылары үшін - ақылы негізде тиісті күнтізбелік жылдың 1 айлық есептік көрсеткіші (АЕК) мөлшерінде өтеді.