1)Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
-Бүгінгі күн сәтті болсын!
-Бәріңе сәттілік тілеймін!
Оқу іс- әрекет барысы:
2)Ұйымдастыру кезеңі. Сұрақ қоюдан бастаймын.
-Балалар,бір аптада неше күн бар?
-Кім апта күндерін атап берер екен? Балалар, бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты.
Біздің қазақ халқы жеті санын «киелі сан» -деп есептейді..Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына. Байқап отырған боларсыңдар бәрі жеті санына байланысты айтылады.Ал бүгін біз жеті қазына деп нені айтады екен , соны біліп үйренеміз.Кәнеки, жеті қазынаны мына суреттерден көріп танысайық.
1.Жүйрік ат-қанаты, адам баласын баратын жеріне жеткізеді, көлік.
2.Құмай тазы-абыройын асырар сенімді серігі, көмекшісі, аң аулауға өздерімен бірге ертіп алып жүретін ит.
3.Қыран бүркіт-қуаты,құстың мықтысы, қорғаушы, аң аулауға пайдаланады.
4.Берен мылтық-қаҺарлы оты, аң аулау, құс атуға көмекші құрал, қару
Достарыңызбен бөлісу: |