Тыныс алу
|
Фотосинтез
|
Барлық жасушаларға тән
|
Өсімдіктерге ғана тән
|
Оттек сіңіріледі
|
Оттек шығарылады
|
Көмірқышқыл газы шығарылады
|
Көмірқышқыл газы сіңіріледі
|
Энергия түзіледі
|
Күрделі химиялық заттар түзіледі
|
Тәжірбие видеосын көрсету.
Нәтежиесін талқылау.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
Миға шабуыл
|
|
|
Слайд №3
Слайд №4
Слайд №5
Слайд №6
Слайд №7
Слайд №8
|
9 минут
|
|
Өсімдік үшін тыныс алудың маңызы неде?
Күрделі органикалық заттардың қарапайым органикалық заттарға ыдырауы жүзеге асады.
Көп мөлшерде энергияның бөлінуі. Ол энергия өсімдіктің өсіп өнуіне, дамуына жұмсалады.
Тыныс алу процесі өсімдіктің әр мүшесінде әртүрлі жүреді. Өсіп келе жатқан жас мүшелерде , әсіресе жапырақтарда белсенді жүреді. Ал сабағы мен тамырында баяу.
Негізгі тыныс алу мүшесі – жапырақ.
Ал сүректі өсімдіктер жапырағына қоса, сабағындағы жасымықшалар арқылы тыныс алады.
Жапырақтағы тыныс алуды түсіну үшін, бізге жапырақтың ішкі құрылысын еске түсіру керек.
Жапырақтың үстінгі және астынғы өңінде тұйықтаушы жасушалармен қоршалған, лептесік саңылауы орналасқан.
Лептесік саңылауы әсіресе жапырақтың астынғы өңінде ауааралық кеңістікте өте көп орналасқан. Осы ауа кеңістігі арқылы жапырақ өзіндегі жиналған көмірқышқыл газын сыртқа шығарып, ішке оттегін сіңіреді.
Өсімдіктердің тыныс алуына әртүрлі жағдай әсер етеді.
Оның бірі судың әсері. Егер тұқым құрғақ болатын болса, ол баяу тыныс алады.
Егер тұқымда судың мөлшері 33 % болса, ол көмірқышқыл газын бөле бастайды. Сондықтан тұқымды қоймада сақтаған кезде оның ылғалдылығын 12-14 % аспауы керек. Сонда олар ұзақ сақталып, шығымдылығын жоймайды.
Өсімдіктің тыныс алуына қоршаған ортаның Температурасы да әсер етеді.
Температура неғұрлым жоғары болса, тыныс алу соғұрлым жиілейді. Қыстың -20 – 25 С аязында да өсімдіктердің тыныс алуы тоқтамайды, тек баяулайды. Тұқымдардың тыныс алуы +50 С-та тоқтайды, себебі жасушаның цитоплазмасындағы ақуыз ұйып қалады.
Қоршаған ортадағы жарықтың мөлшері де тыныс алуға әсер етеді. Өсімдікке жарық жеткілікті болса, тыныс алу жылдамдайды.
Жасыл өркенді қараңғы жерге қойса, тыныс алу қарқындылығы күрт төмендейді.
Қоршаған ортадағы улы заттардың тыныс алуға әсері теріс. Себебі өсімдіктің улануынан, тыныс алуы да бәсендейді.
Сабағымызды бекіту мақсатында келесі тапсырманы орынданыздар: Тапсырма № 2
Төмендегі тұжырымдардың жалған / ақиқат екендігін анықтаныз:
Өсімдік көмірқышқыл газын сіңіріп, оттекті шығару арқылы тыныс алады -
Өсімдік уланса, тыныс алуы да бәсендейді +
Температура неғұрлым жоғары болса, тыныс алу соғұрлым баяулайды. –
-20 -25 градуста өсімдіктердің тыныс алуы тоқтамай , тек баяулайды. +
Лептесік саңылауы көбінесе жапырақтың үстінгі өңінде көп орналасады. –
Әк ертітіндісі көмірқышқыл газбен әректеттескенде лайланып кетеді. +
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |