Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары


Педагогикалық технологияның түрлері



бет4/4
Дата10.03.2022
өлшемі4,51 Mb.
#27476
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс-14 (1)

Педагогикалық технологияның түрлері:

  • Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиясы.
  • Ұжымдық-танымдық іс-əрекет технологиясы.
  • Ойын технологиясы
  • Проблемалы оқыту технологиясы
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
  • Деңгейлеп саралау технологиясы
  • Жекелеп оқыту технологиясы
  • Топтық технология
  • Кезеңдеп оқыту технологиясы
  • Жеке пәндік педагогикалық технология
  • Өзіндік дамыту технологиясы
  • Дамыта оқыту технологиясы
  • Модульдік оқыту технологиясы
  • Оқытудың белгі-контекст технологиясы.
  • Case study оқыту технологиясы.
  • INSERT оқыту технологиясы.

Біздің пікірімізше, педагогикалық технология дегеніміз – белгілі бір тәрбиелеу немесе оқыту мақсатында тиімді нәтиже алу үшін ұсынылатын технологияның бір түрі.


Әдіс - білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.

Оқыту әдістері деп оқу-тәрбие мақсатына жетуге бағытталған мұғалім (оқытушы) мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекет тәсілдері.


«Интерактивті» - ағылшын «interact» (« inter» - «өзара», «act» - «әрекет ету»)

Интерактивті оқыту технологиялары :

  • білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуі диалогты формаға негізделген тәсіл;
  • өзара араласуға (сөйлеуге) негізделген оқу, оның барысында оқушының жұмысты бірлесе орындау дағдысы қалыптасады;
  • «барлығы әр қайсысын зерттейді (таниды) және әркім барлығын зерттейді» .

Педагогикалық мүмкіндіктердің арасында ең жемістісі – ол интерактивті оқыту!!!

Интерактивті оқытудың мақсаты – оқытушы студенттің өзі білім алуға және құрастыруға жағдай жасау.

Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:

  • тұлғаның еркіндігі мен құқықтарының сақталуы;
  • тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
  • педагогикалық қолдау көрсету.

Интерактивті оқытудың негізгі варианттары

  • Модерация
  • «Ми штурмы» (шабуылы)
  • Case-study (нақты практикалық жағдайларды талдау) / Ситуациялық міндеттерді шешу
  • Сахналау
  • Мозаика
  • Рөлдік ойындар
  • Ойындық жаттуғылар
  • Мини-жобалар жасау
  • Іскерлік ойындар
  • Инсерт
  • Дебат және т.б.

Интерактивті оқытудың оң және теріс жақтары


Оқу және танымдық мотивация жоғарлайды. Қатысушылардың қобалжу деңгейі төмендейді. Білімді меңгеру және актуализациялау тиімділігі жоғарлайды. Аудиторияда психологиялық климат жақсарады. Қатысушылардың бірлесе орындау тәжірибесі интеграцияланады. Студенттердің өз пікірлері қалыптасады, олар өз ойларын дәлелдеуді үйренеді. Студенттер бір-бірлерімен, оқытушымен дұрыс сөйлеуді үйренеді, коммуникативті құзыреттілікті меңгереді. Студенттерде жауапкершілік, өзара көмек көрсету сезімі пайда болады.

Топтық жұмысқа бірінші үйрету қажет. Топтық жұмысты ұйымдастыру оқытушыдан ұйымдастырушылық білікті, төзімділікті талап етеді. Интерактивті оқыту процесінде басқа адамдардың ойымен және ісәрекетімен алмасу жүзеге асады.


Пайдаланатын әдебиетіңіз


https://forms.gle/dxmvjSSMmowQdoSu8

Назарларыңызға рақмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет