«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады» К.Д.Ушинский. Таң ата жұмысына қуана барып, кеш бата үйіне қуанышпен оралатын адам ең бақытты адам. Біздің өмірімізде кәсіби қызметтің қандай орын алатындығын айтқанның өзі артығырақ болар. Онда абзалдықтың бастауы жатыр. Кәсіби қызмет өзіңнің жан – жақтылығыңды көрсетудің, өзіңді дамытудың үлкен мүмкіндігі, ол қарым – қатынастың кең ауқымын береді.
Соңғы жылдары біздің елімізде білім беруді дамытудың ең ауқымды мәселелерінің бірі ол педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру болып табылып отыр. Нарықтың экономиканың шарттарына сәйкес еңбек қызметінің барлық саласының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар артып отырғанын ескерсек бұл қалыпты жағдай. Педагогтың кәсібилігінің деңгейі мен оның шығармашылығының бірегей «Менін» қалай және не арқылы анықтауға болады? Тек үнемі өзін – өзі дамыту арқылы ғана ол заман және кәсіп талабына сәйкес келе алады, тіпті асып түсуі де мүмкін. Ерте қытай ойшылы Конфуций (551-479) « Кім ескіге қарап, жаңаны аша алатындай болса , ол оқытушы болуға лайық » деген екен.
Кәсібилікпен жеке тұлғаның дамып, кемелденуіне жетудің түрлі жолдары болуы мүмкін. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытудың жолдары жеткілікті. Бірақ оларды тізбектеп айта беру үшін аз уақытын кетпейді және бұлардың барлығының жүйелілігі болады ма? Сондықтан да мен ең әуелі кәсіби іс – әрекеттерде жақсы әрі сапалы нәтиже берген, кейбіреулеріне ғана тоқталып өтейін.
Мұғалімге өзін шығармашыл, рухтанған, жігерленген жеке тұлға ретінде сезіне білу өте қажет қасиет. Бұл қасиетсіз мұғалім жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі әдісі өзін жоғары бағалауы, белсенді кәсіби қозғалысын , ішкі жан дүнесінің тыныштығын, шығармашылдық мүмкіндігін сақтап қалуы мүмкін емес. Ішкі жан – дүнесінің оянуы педагог үшін де, педагогикалық үдеріс кезіндегі қойылған мақсаттарының әсерлі орындалуы үшін де, білім беруде, тәрбиелеуде, оқушының дамуында туындайтын мәселелерді шешуі үшін де өте қажетті жағдай.