Мұғалімнің сөйлеу мәнерлілігі және дикциясы Дайындаған:Құлгелдиева. А. А



бет7/8
Дата02.12.2023
өлшемі60,32 Kb.
#132086
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мұғалімнің сөйлеу мәнерлілігі және дикциясы

6. Сөздің қисындылығы
Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады.
Сөздің қисындылығын функциональдық стильдерден бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, функционалдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу керектігі білініп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілмен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы сөздің пайдаланылу табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік құрылымының болғаны жөн. Сондай-ақ, іс қағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегідей сөздің стилистикалық бояуын қолданудың еш қисыны болмайды.
Мұғалімнің сөз мәнері тек оқыту міндеттерін ғана шешпейді. В.А.Сухомлинский мұғалімнің педагогикалық шеберлігі сөздің тәрбиелік мағынасын аша білу дағдысына тікелей байланыста анықталады деп санайды. Мұғалім кадрларды даярлаудың маңызды шарты барлық сала бойынша студенттерде тиілге деген ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеуді қалыптастыру.
Тілде және сөз арқылы әр адамның өз Отанының, өз халқының өткен және осы жағымен байланысы анықталады. Сондықтан үнемі сөз мәнеріне, ана тілдің тазалығына мәнерлеп сөйлеу мәдениетіне көңіл аудару қажет.
2. Сөйлеу әрекетінің мәдениеттілігін анықтайтын сөз сапаларының төмендегідей 23 түрін айқындайды. Олар мыналар: Сөздің дұрыстығы, тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқындылығы, жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылымилылығы, идеялылығы, ықпалдылығы, сендірімділігі, тұтастылығы. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі-тіл тазалығы.
Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы –тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын,сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әрі қимыл-қозғалысы арқылы жеткізеді. Сөйлеуші өзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану әрі оларды дұрыс байланыстырумен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылды көбен көрудің ықпалы екенінде.
Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:
Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына,ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет.
Оқушылардың тілінде байқалатын кемшіліктерді жою мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен тығыз байланыс жасау қажет.
Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп,олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу-оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі.
Тілдік бай лексикалық–сөздің жүйесі мұғалімнің сөздік мәнеріндегі педагогикалық мәдениеттілігінің анық белгісі болып табылады. Тіл байлығы тек сөз қорына (санына) байланысты емес, оларды бірнеше мағынада қолдану мүмкіндігімен де анықталады. Бір ғана «жүру» сөзінің бірнеше мағынасы («жаяу жүру», «адымдап жүру», «іс оңға басты» т.б.) бар. Тілдің лексикалық байлығы әр түрлі ойлар мен сезімдерді жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Сөйлеу мәдениетінің маңызды белгісі нақтылық болып табылады. Сөз мәнерінің нақтылығы мен анықтылығына тілдің көптеген құралдарын қолдану арқылы қол жеткіземіз.
Ауызша сөйлеудің анықталған анафора, градация (бірден – бірге сатыланушылық), инверсия (сөйлемдегі сөздердің дағдылы ретін өзгерту) т.б. тәрізді сталистикалық фигуралар күшейтеді. Анафора– бір сөздің бірнеше жол т.б. барысында қайталануы. Мұндай тәсілді М. Ю. Лермонтов пайдаланған. Градиция–сөйлемдегі сөздердің айтылу деңгейіне қарай орналасуы.
Сөз мәнерінің жекелеген элементтерін ашып көрсету үшін, инверсия жиі қолданылады. (сөйлемдегі сөз ретінің өзгеруі ).
Мұғалімнің сөз мәнері тек пән жөнінде жаңа ақпараттар болған жағдайда ғана емес, оқушылардың сезімдері мен ойларын белсендіре алған жағдайда да ойдағыдай нәтижеге жетеді.
«Сөз мәнерінің жоғары мәдениеттілігі» ұғымын ашып көрсету барысында С. И. Ожегов былай деп жазған: «....бұл өз ойларын тіл құрылғылары арқылы нақты және айқын жеткізу. Дұрыс сөз мәдениеті деп қазіргі заманғы сай әдеби тіл нормалары сақталған сөз мәнері айтылады».
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру белсенді тілдік қорды толықтырып отырумен тығыз байланысты. Жазбаша мәнердегі мол, белсенді лексикалық сөз қоры ауызша сөйлеу мәнерінің коммуникативті және әр түрлі бейнелі сапаларына әсер етеді. Ауызша сөйлеу мәнерінің мәдениетін арттыру үшін әр кезде (достармен тіл табысқанда да) әдеби тілдің нормаларын сақтауға және үнемі еркін, дұрыс сөйлеу дағдысын өңдеуге тырысу қажет. Классикалық көркем әдебиетке үнемі назар аудару да осыған септігін тигізеді. Егер сөз мәнері дұрыс берілмесе («э-э», «м-м-...» дыбыстары арқылы), аудитория эстетикалық тұрғыдан қанағаттанбайды. Осы әдеттерден құтылу үшін және дауыс ырғағын дұрыстау үшін өзіндік мәтіндерді іштей оқып, өзінің сөз мәнерін жазып алып тыңдап дайындалу қажет.
Оқушылардың ақпаратты қабылдауы мен меңгеруі тек мұғалім дұрыс сөйлеу мәнерін байқатса және анық сөйлесе, екпіндерде қателік жібермесе ғана жақсара түседі.
Сөйлеу техникасы мен оқудағы дауыс маңызын меңгеру. Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл-күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.
Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса ,оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы дауысын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күндерде далала азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау–дауыс күшті мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.
Мұғалімнің сөзі өткір жалынды, бейнелі, жарқын интонациялы, көркем, эмоциялы, дауыс (дикция) ырғағы жағымды, стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақауларды таза болуы шарт. Бір сарынды, жалаң көңілсіз сөзді оқушыларды зеріктіреді,жалықтырады, ұйқысын келтіреді, оларда сабаққа немқұрайлылық пен қалай болса, солай қарауды туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет