МФПКО-301 тобы
Қожаберген Сабира
Академиялық жазу пәні
9 апта
Рефлекция
Мен бұл сабақтан кез-келген зерттеу оны жүргізудің натты бір схемасы болуын көздейтінін білдім. Әдістемелік зерттеулерде қандай схемаларды ұстанған дұрыс екенін ұғындым.Нәтиже дегеніміз не және оның түрлері деген сұраққа жауап алдым. Зерттеу пәні, объектісі, мақсаты, міндеттері жайында білімімді толықтырдым. Тақырып бойынша зерттеу материалдарын жинақтау жұмысы маңызды рөл атқаратыны маған тың ақпараттардың бірі болды. Ақпарат жинауды қайдан бастау керектігін білдім, және бұл ақпарттар маған біршама бағыт-бағдар берді десемде болады. Сонымен қатар электрондық кітапхана ресурстары бізге үйден шықпай ақ ақпарттарды қол жетімді ала алатындығымызды көрсетеді. Және жазбаша жұмысты рәсімдеу үлгісімен, сілтемелер мен әдебиет тізімін рәсімдеу ережесімен таныстым. Сондай ақ дәйексөз және плагиат ұғымдарына қатысты нақты ақпараттар алдым. Осы сабақтан алған тың ақпарттарымның барлығы болашақта өз көмегін тигізері сөзсіз.
БОӨЖ 9 апта
Оқытудағы математикалық модельдеу
Қазіргі қоғамда болып жатқан ақпараттық дамудың өңделу, жеткізу, сақталу заңдарының негізін ұғыну және дұрыс болжамдау үшін болашақ маманға компьютерлік модельдеу, ақпартты өңдеу аса қажет.
Ақпараттық модель - 1) басқару жүйесінде - автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну; 2) мәліметтер базасында тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формальдық болып табылады.
Ақпараттық модельдің басқада ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға - яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі «физикалық» тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық, жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпарттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық теңдеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық теңдеу формуласы болып қала береді.
БӨЖ 9 апта
Ақпарат жинауды кітапханадан, өзге де электронды қорлардан бастаған дұрыс. Зерттеу мәселесі бұрын-соңды, жанама, ішінара түрде болса да, басқа авторлардың еңбектерінде сөз болмауы мүмкін емес. Олай болса, қарастыратын мәселе тұралы зерттеулер жүргізген, осы зерттеу мәселесіне ұқсас тақырып бойынша еңбек жазған адамдардың жұмыстарымен танысу міндетті. Ең алдымен, кітапхананың каталогімен (карточкалық немесе компьютерлік) танысу қажет. Каталогте көрсетілген әдебиеттерді жинап алып, қайсысын толық оқып шығу, қайсысын тек қарап шығу керектігін анықтаған дұрыс. Бұл үшін кітаптың аңдатпасын, мазмұнын, түрлі тараулардан бірнеше абзацтар, пайдаланылған әдебиеттерін қарап шығу керек.
Абдуразаков М.М., Доржпалам О. Математическое моделирование как средство обучения // БГЖ. 2017. №4 (21). https://cyberleninka.ru/article/n/matematicheskoe-modelirovanie-kak-sredstvo-obucheniya
Александров П. Математика и человеческая культура / П. Александров // Журн. «Квант», 1982. - №8. - С. 2-3.
Болтянский В.Г. Использование логической символики при работе с определениями // Математика в школе, 1973. - №5- С. 45-50.
Введение в математическое моделирование: Учеб. пособие / Под ред. П.В. Трусова. – М.: Университетская книга, Логос, 2007. – 440 с.
Гнеденко Б.В. Математические модели. Формирование мировоззрения учащихся в процессе обучения математике. - М.: Просвещение, 1982. - С.65-71.
Гладкий А.В. Размышления о взаимодействии лингвистики и математики// Интернет-ресурс: http://elementy.ru/nauchno-populyarnaya_biblioteka/164549
Дорофеев Г.В. Математика для каждого. - М.: Аякс, 1999. - 292 с.
Естествознание и математика//Интернет-ресурс: https://students-library.com/library/read/52197-estestvoznanie-i-matematika
Землянская Е.Н. Моделирование как метод педагогического исследования // Преподаватель ХХI век. 2013. №3. https://cyberleninka.ru/article/n/ modelirovanie-kak-metod-pedagogicheskogo-issledovaniya-1
Фридман Л.М. Наглядность и моделирование в обучении. - М.: Знание, 1984 - 80с.
Достарыңызбен бөлісу: |