Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет58/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
3.6.2. нормативтік-құқықтық база
Көптеген респонденттертым болмағанда нақты 
нормативік-құқықтық база тұрғысында соңғы 
жылдардағы құқық қорғау ісіндегі елеулі ілгері 
басушылықты атап көрсетті. Әртүрлі респон-
денттер бірнеше басты заңнамалық актілердің 
өзгерістеріне назар аудартты. «Мүмкіндігі шектеулі 
балаларға әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық коррекциялық қолдау көрсету 
туралы» ҚР Заңын оңалту және білім беру 
мекемелері жүйесін құруға мүмкіндік беретін заң 
ретінде бір респондент баса атап көрсетті. ҮЕҰ бір 
өкілінің сөзіне қарағанда, төмендегі мекемелер 
заң енгізілгеннен кейін құрылған:
Білім беру жүйесі шеңберіндегі 17 оңалту 
орталығы;
психологиялық және арнайы білім беретін 200-
ден астам кабинет;
инклюзивтік білімді дамытатын 200-ден астам 
мектеп;
58 психологиялық-медициналық-
педагогикалық кеңес (ПМПК) (бір орталық 60 
000 балаға арналған);
спецификалық ауытқулары бар балаларға 
арналған арнайы мектепке дейінгі желі (мы-
салы, есту, көру, сөйлеу және т.б. қабілеті 
бұзылған);
әртүрлі ауытқу категориялары бар балаларға 
арналған 8 мектеп желісі;
спецификалық ауытқулары бар 103 арнайы 
мектеп.
Респондент осы қызметтердің географиялық 
қамтуы соңғы жылдарда ұлғайғанын және көптеген 
офистер әрбір облыс орталығында ашылғанын, 
сонымен қатар Алматыны қоспағанда, аудандар-
да басқа да орталықтар ашылғанын атап көрсеті. 
Респонденттің айтуынша: 
«Алматы, бұл - мүгедектігі бар балаларға 
қарым-қатынас ең нашар деңгейде тұрған 
жер. Бұл өте үлкен қала, бірақ бұл мәселе 
мұнда әлі шешуін таба алмай келеді. 
Сіздер мұны ескеріңіздер және шара 
қолданыңыздар, себебі бұл масқара ғой!» 
(Менеджер; IN21).
Мүгедектігі бар балалардың қажеттіліктерін 
қанағаттандыру мәселесінде қол жеткізілген 
елеулі прогресс, әлі қол жеткізуге тиіс прогресс 
туралы қате түсінік береді. Респондент атап 
көрсеткендей заң шығару және қызмет көрсету 
тұтас ел бойынша бір уақытта жүргізілген 
жоқ. Бұған қоса, соңғы жылдарда оңалту 
82


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
және кеңес беру орталықтары анағұрлым 
көбейгенімен, олардың саны сұранысты өтей 
алмай, бұрынғыша жетіліксіз болып қалып 
отыр. Әсіресе халық санына жетпейтін, белгілі 
бір қызметтерді ұсыну үшін қажетті құрал-
жабдықтары бар психологиялық-медициналық-
педагогикалық қызметтер жетіспейді. 
Респонденттердің бірі былай деп түсіндірді
«Қағида бойынша, бір ПМПК 60 000 балаға 
арналған... ал бізде қаланың өзінде 80 000-
нан астам бала бар ...[әртүрлі] аудандарда 
тұратын, басқа ПМПК–ге қарасты болса да 
бізге қаралатын балалар да бар ... оларға 
біздің қалаға қатынау жеңілірек және біз 
аязды күндері суықтан дірілдеп келіп тұрған 
олардың ата-анасына қарсылық білдіре ал-
маймыз» (Директор; IN26).
ПМПК аса маңызды қызметтерді ұсынады 
және олардың қол жетімді болғаны дұрыс. бір 
орталықтың жауапкершілігіне жүктелетін бір 
ПМПК-ге сондай-ақ 20 000 баладан артық ша-
мадан тыс артық міндет жүктелмеуі тиіс, бұл 
ресурсқа күш түсіруі және қызмет жасау сапа-
сын төмендіп жіберуі мүмкін. Мүгедектігі бар 
балаларға қатысты нормативтік-құқықтық база 
саласындағы жетістіктерге қарамастан, ұлттық 
нормаларды халықаралық стандарттарға 
сәйкестендіру үшін күрделі қайта қарау 
жүргізілуі тиіс. Бұдан басқа, қағидаттарды 
нақты іске асыру қиындық тудырып отыр:
«Егер жалпы заңнама туралы айта-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет