3-суретте Қазақстан Республикасындағы негізгі
өңірлерге сәйкес 2012 жыл бойынша мүгедектігі
бар балалардың жалпы санының бөліну кар-
тасы бейнеленген. Абсолютті сан бойынша
мүгедектігі бар балалар негізінен Қарағанды,
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан об-
лыстарында шоғырланған. Мұны бұл өңірлерде
тұратын халық санының көптігімен түсіндіруге
болады (бүкіл халықтың 40 пайызға жуығы
осы өңірлерде тұрады). Мүгедектігі бар бала-
лар саны біршама көп басқа өңірлерге Шығыс
Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыста-
ры мен Астана және Алматы қалалары жата-
ды, мұнда 18 жасқа толмаған мүгедектігі бар
балалар саны 2 752 -ден 4 421-дің арасында.
Бұлардан кейін Павлодар, Ақтөбе және Батыс
Қазақстан облыстары тұр, мұнда мүгедектігі
бар балалардың жалпы саны 2 440 -тан 2
752-ге дейінгі аралықты қамтиды. Мұндай
айырмашылықтарды халықтың құрылымымен,
сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан аумағындағы
уран концентрациясымен немесе қалаға жақын
жерлердегі 456 ядролық сынақтың (Кеңес
Одағы Семей ядролық полигонын (СЯП) алғашқы
жарылыстан бастап 1949 жылдан 1989 ж. дейін
басқарды) салдарлары секілді мүгедектіктің
неғұрлым жиі болуына ықпал ететін басқа фак-
торлармен түсіндіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: