Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет59/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
тын болсақ, ол өте әлсіз. Мүгедектігі бар 
балаларға әлеуметтік, медициналық және 
педагогикалық қолдау көрсету туралы заңға 
түзету енгізу қажет. Әсіресе оны Мүгедектер 
құқығы туралы конвенцияны ратификациялау 
шеңберінде өзгерту қажет». (Маман; IN21)
«Қазақстан Республикасында құқықтық 
негіздер мен нормативтік-құқықтық 
құжаттар жеткіліксіз. Мәселе оларды орын-
дау тетіктерінің жоқтығында. Бірінші мәселе 
кері байланыстың жоқтығы, ал екіншісі 
бенефициарлардың өз құқықтары туралы 
ақпаратқа қол жетімсіздігі және сәйкесінше 
әлеуметтік салада балалар мен ата-ана-
ларды қорғауға арналған ешқандай тетіктер 
құрылмайды». (Директор; IN6)
Жан-жағынан алып қарағанда, инклюзивтілікті 
қамтамасыз ету масқатында балалар құқығын 
толық қорғау үшін медициналық қызметтегідей, 
ақпараттың қол жетімділігінің шектеулі бо-
луы басты кедергілердің бірі болып табылады. 
Басқа бір респонденттің айтуынша, 
«Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңды 
іске асыру заң актілерінің жоқтығына бай-
ланысты күрделенген, мұның өзі балаларға 
күтім жасаау бойынша қызметтер мен 
мекемелерді лицензиялау қиындығын 
туғызады. Лицензиялау талаптары одан бері 
өзгергеніне қарамастан, басқа мәселелер 
сол күйінде қалды: «Ауылдық жерлерде басты 
мәселе, сөз жоқ, мамандардың жетіспеушілігі 
болып табылады». (Директордың орынбаса-
ры; IN7)
«Балам-ай» толық күн болатын балаларды 
дамыту орталығында , Астана қ.
83


Бірқатар респонденттер әртүрлі көзқарас 
тұрғысында құқықтық нормаларды немесе 
негіздерді іске асыру мәселесіне баға берді. 
Мысалы, респонденттердің бірі қазіргі уақытта 
қозғалу қабілеті шектеулі қарт адамдарды, 
жүкті әйелдерді және мүгедектігі бар адам-
дарды қамтитын, қозғалу қабілеті шектеулі 
тұлғаларға арналған қол жетімді жерлерді 
ұйымдастыру ескерілетін ғимараттар мен 
құрылыстарды жобалау бойынша 20-ға жуық 
құжат бар екенін атап көрсетті. Осы құрылыс 
нормалары мен ережелері барлық нысандарға 
қолданылғанымен, олар жаңа ғимаратты 
салған уақытта қолданымды болады. Ал ескі 
ғимараттарға келетін болсақ, оларды жаңарту 
және қайта құрылымдау жиі жүргізілуі тиіс. Бір 
респонденттің сөзіне қарағанда:
«Қазіргі уақытта қоғамдық ғимараттарға 
кіріп-шығу балалар үшін ғана емес, сондай-
ақ мүгедектігі бар адамдар үшін де аса 
қолайсыз». (Директордың орынбасары; IN7).
Қоғамдық ғимараттардың мүгедектігі бар 
адамдарға қолайсыздығына жауап ретінде 
Шығыс Қазақстан облысында қолданыстағы 
нысандарға бағалау жүргізілді және мүгедектігі 
бар тұлғалардың кіріп-шығуына қолайлылықты 
қамтамасыз ету мақсатында жаңартылуы тиіс 
басым нысандардың тізімі белгіленді. Ерекше 
басымдыққа ие болған мекемелерге Зейнетақы 
және жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік 
орталықтардың бөлімдері, медициналық меке-
мелер мен дәріханалар, оқу мекемелері және 
кітапханалар жатады. Осыған ұқсас шаралар 
Қызылордада жүргізілді, нәтижесінде мынадай 
қорытынды шығарылды:
«4000-ға жуық нысан тексерілді және 
құрылыс нормасы мен ережелері тұрғысынан 
алып қарағанда олардың 7%-ы ғана дене 
мүгедектігі бар тұлғаларға қолайлы екен».
(Директордың орынбасары, IN9). 
Осы бағалау негізінде, қазіргі уақытта жиі 
қатынайтын мекемелерді қол жетімділік 
деңгейіне дейін жеткізу үшін қанша қаражат 
жұмсалады деген сметалық ұсыныс дайында-
лып жатыр. Құқықтық шеңберлер минималды 
стандарттарды белгілеуде пайдалы болғанымен
мұндай стандарттар олардың орындалуын 
қамтамасыз ету үшін қомақты ресурстарды 
жұмылдыру қажеттілігін білдіреді. Дүниежүзілік 
банк қолайлылық құны туралы өзінің таяудағы 
түйіндемесінде жаңа салынатын мектептердің 
қолайлылығын қамтамасыз ету, қағида бой-
ынша, құрылыстың жалпы құнының бір пай-
ызын ғана құрайтынын, мұның өзі салынып 
біткен ғимаратты жағартуға қарағанда арзан-
дау түсетінін атап көрсетті (Дүниежүзілік банк, 
2005 ж.). Қазіргі мақсат халық жиі қатынайтын 
ғимараттарды қолайлы етуді қамтамасыз ету 
болғанымен, бұл елеулі шығындарды талап 
етеді; ал болашақта ғимараттардың қолайлы 
болуын жоспарлау экономикалық тиімді шешім 
болады. Респонденттердің көпшілігі мемлекетті 
мүгедектігі бар балаларға арналған қызметтерді 
дамытуға көмек көрсететін сенімді серіктес деп 
санаса, кейбір респонденттер бұл туралы теріс 
пікір білдірді. Респонденттің бірі мемлекет пен 
заңнамалық орта мүгедектігі бар балаларды 
емдеуге мүдделі емес деп санайтынын айтты:
«Жұмыс істеп жүрген қаншама жылдан бері 
мен мемлекеттік құрылымдардан көмек 
сұраған емеспін. Қандай да бір қызметтер 
жүргізіліп жатқаны туралы хабарлап тұрдым, 
бірақ олар көбінесе келмейтін, себебі 
олар бұл іске мүдделі емес. Егер олар кел-
се де, тек бірнеше адаммен кездесумен 
ғана шектелетін, ол сұрақтарға өздері де 
жауап бере алмайтын ... Лауазымды тұлға 
өзіне жауаптылық ала алмайтын көптеген 
мәселелер бар. ... Мен мұны департаментте 
жұмыс істеген тәжірибемнен білемін. Мен 
онда үш жыдан астам қызмет еттім. Сол үшін 
жұмыстан да кеттім, себебі бұл балаларға 
ешкім көмек бермейді». (Директор; IN24).
Респондент, ҒӨБ директоры, ресми мемлекеттік 
құрылымдардың тиімсіз екенін атап көрсетті, 
себебі мемлекет қызмет көрсетуге нақты 
мүдделі емес. Мүгедектігі бар адамдардың 
мәселесіне деген әлеуметтік селқостық 
деңгейін ескерсек, белгілі бір қызметтерді ҒӨБ 
беру пайдалы болар еді. Осы респонденттің 
пікірі басқа респонденттерден қолдау таппаса 
да, мемлекеттің баса көңіл бөлгенін атап өткен 
жөн. Екінші респондент, ҒӨБ төрағасы, егер 
заңмен кепілдік берілген қорғаныс қамтамасыз 
етілмеген жағдайда мемлекет жауапкершілік 
алмайтынын мәлімдеді. Ата-аналар мемлекетті 
жауапкершілікке өздері тартулары керек: 
«Мен ата-аналарға әрдайым мемлекеттен 
талап ету туралы ескертемін, себебі мем-
лекет көмек беруге міндетті. Үкімет көмек 
беруі тиіс екені туралы заң бар, ал қалғанын 
ата-аналар талап етуі тиіс. Өзіне қажеттіні 
заңды қолдана отырып, талап ете білу керек» 
(Төраға; IN28). 
Жауап беруші, егер мемлекет заңмен 
бекітілген қызметтерді немесе жеңілдіктерді 
көрсетпейтін болса, ата-аналар өз балаларын 
қорғау үшін көбірек бастама көтеруі тиіс деп 
84


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
санайтын сияқты. Мүгедектігі бар балалардың 
құқықтарын қорғауда әлі де кемшіліктер 
болғанымен, олардың қажеттіліктерін құптау 
артты, бұдан басқа, соңғы жылдарда осы 
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған ар-
найы қаржыландыру ұлғайды. Бір акушер соңғы 
бірнеше жылда мүгедектігі бар балалардың 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған 
құқықтық базаның недәуір жақсарғанын, атап 
айтқанда, мемлекеттік қызметтер мүгедектігі 
бар балаларды тіркеу және мониторингілеу 
үшін құзыреттілікке ие болғанын атап көрсетті:
«Теледидардан өзінің мүгедектігі бар баласы-
нан қысылатын отбасы туралы әңгімеленетін 
бағдарлама көрсетті, сондықтан бала сиыр 
қорада өмір сүріпті. Бірақ бізде ондай 
жағдайлар жоқ... Бізде бұл салаға қомақты 
қаражат бөлінеді. Осылардың нәтижесінде 
әрбір медициналық қызмет жеткізушісі үй-
үйді аралап, әр үй бойынша тізім құрады. 
Әрбір медициналық қызмет жеткізушісі өз 
учаскесінде қанша адам өмір сүретіні тура-
лы нақты дерек ала алады ... мүгедек бала 
тіркеуге алынбаған бір де бір оқиға орын 
алған жоқ». (Дәрігер; IN15).
Мүгедектігі бар баласы бар отбасыларға көмек 
көрсететін облыстық әкімшіліктің мүмкіндігі 
мүгедектігі бар балаға байланысты стигма мен 
табуды төмендетуде рөл атқарды. Алдыңғы 
қатысушы атап көрсеткендей барлық сала-
ларда бюджеттік еркіндік бола бермесе де, 
тұрақты монитрониг негізін қалай мүгедектігі 
бар баланың әлеуметтік интеграциялануын 
қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет