Мұхамбеткерей Мұхит Мерәліұлының өмірі мен шығармашылық жолы Орал,2021 Мазмұны


Мұхамбеткерей Мұхит Мерәліұлының өмірі мен шығармашылық жолы



бет2/9
Дата03.02.2022
өлшемі1,46 Mb.
#24797
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ғылыми жоба. М.Мерәліұлының өмірі мен шығармашылық жолы

Мұхамбеткерей Мұхит Мерәліұлының өмірі мен шығармашылық жолы

І. Мұхит Мерәліұлының шығармашылығы жолы

1.1 М.Мерәліұлының шығармашылық жолының бастамасы

Қазақ өнерінің «алтын ғасыры» болып саналатын XIX ғасырда шырқау шыңына жеткен, ауызша кәсіби мәдениетімізде бастауын тереңнен алатын орындаушылық мектептердің бірі Мұхит сал есімімен байланысты.

Әншілік өнер - халқымыздың қателеспес талғамы қалыптастырған ғажайып дәстүрі. Мұхит (Мұқамбеткерей) Мералыұлы (1841-1918) Батыс аймағындағы ірі халықтық әншілік мектептің іргетасын қалаған айтулы өнер иесі - дарабоз әнші, ақын, композитор.

Мұхит мектебі орындаушыдан үлкен шеберлікті, дауыс күшінің зор әрі диапазонының кеңдігін, күрделі әрі екпінді, төкпе күйлерде кездесетін қағыстары бар домбыра сүйемелін талап етеді. Композитор әндерінің аспаптық сүйемелі, алуан түрлі қағыстар мен иірімдердің күрделілігі оның дәулескер күйші болғандығынан хабар береді. Бұл жөнінде А.Жұбанов оның Боғданың, Тазбаланың, Абыл-Қошқардың, Сәулебайдың күйлерін нақышына келтіріп орындаушыларының бірі болғандығын және өзінің күй шығарғандығын да жазады [1].

Демек, Мұхит әндерін домбырамен сүйемелдеп айту үшін әншіден домбыраны күйшіден кем меңгермеу керектігі де талап етіледі.

Композитор туындыларын нотаға түсіріп, шығармашылығы туралы алғаш құнды пікір айтқан этнограф, музыка зерттеуші А.Затаевич: «По характеру творчества Мухита можно назвать «баяном» своего народа. Большинство его песен, по своему старинному складу, по суровой и неизменно благородной мелодической линии звучат как «сказанья», как «предание старины глубокой». ...В области казахской песни Мухит создал из национальных музыкальных элементов своего рода школу, так как творчество его нашло себе и продолжателей (...), и подражателей», - деп оның өзіндік орындаушылық мектебінің негізін қалаған тұлға екендігіне осылай назар аудартады [2, 482].

Сонымен қатар Батыс өлкесінің ән мәдениеті туралы академик А.Жұбанов пен ғалым Б.Ерзаковичтің айтқан пікірлері бар. Осы өңірдің орындаушылық өнері жөнінде фольклорист-ғалымдар пікірлеріне тоқталар болсақ, отандық музыкатануда қазақтың ән жанрын зерттеп, нотаға түсіріп, іргелі ғылыми еңбектерін арнаған Б.Ерзакович Қазан төңкерісіне дейін аймақта ән мәдениетінде орындаушылық және репертуарлық тұрғыдан алғанда екі орындау стилі қалыптасқан деген пікір айтады. Оның біріншісі, негізінен лирикалық және тұрмыстық әндерді домбыра сүйемелінсіз орындайтын әйел адам даусы, яғни «ровное и спокойное, характеризуется камерностью исполнения, созерцательностью без особых темпераментных нюансов», - ал, екіншісі, домбыра сүйемелімен батырлық-эпикалық тақырыптар мен тарихи сюжеттерге құрылған әндерді орындайтын ер адам даусы, «предназначенное для выступлений на состязаниях (айтысах) характеризуется эмоциональной звуковой насыщенностью, темпераментным исполнением, рассчитанным на большое число слушателей», - деп, дауыс мүмкіншілігіне байланысты камералық әйел адам мен сол өңірдің ауызша кәсіби дәстүр өкілін - ер әншіні салыстырады [3,258].3

Халықтық кәсіби әншілік дәстүр болған тұста ондай мектепті «даярлайтын» (кең мағынада: ӘН мен орындаушылық) халықтың ғұрыптық-тұрмыстық фольклоры мен әнсүйерлер шығармашылығының белсенділігі екендігі әннің тарихи-әлеуметтік қалыптасу барысында түсінікті жағдай. Бұл тұрғыдан алғанда Б.Ерзакович бөлген орындаушылықтың бірінші түрі - тұрмыстық және лирикалық шығармаларды айтатын әйел адам дауысы - әуесқой әншілер, екінші түрі - халықтық кәсіби өнер өкілдері. Демек, зерттеуші айтқан «екі стиль» аталған аймаққа ғана емес, Қазақстанның кәсіби әншілік мектептері бар басқа да өңірлеріне қатыстылығы бар: ауызша кәсіби дәстүр бар жерде әуесқойлық деп бөлінетін шартты категория міндетті түрде өмір сүреді. Ал олардың арасындағы айырмашылықтар, ғалым айтқан дауыс мүмкіншілігі мен соған сәйкес репертуарымен анықталмақ.

Дегенмен соңғы жылдардың зерттеу нәтижесі бұл аймақта Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде негізінен қалыптасқан екі кәсіби әншілік дәстүрдің болғанын көрсетеді. Олар – өз ізбасарларымен жалғастығын тауып бүгінімізге жетіп отырған Мұхит мектебі мен Маңғыстаудағы «Адайдың жеті қайқысы» атанған қайқылыр дәстүрі. Бұл өнерпаздардың шығармалары орындаушылық ерекшелігімен қоса арнайы игерілмей келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет