МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет55/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Иә, хабарладым, – деп жауап берді хазірет Біләл. 
Ол айтқанмен аттың иесі тыңдамаған болатын. Аллаһ 
расулының жамағат арасында тәртіп орнатқысы келгені 
белгілі. Әлгі адамның жаназа намазын да оқытпады. 
Хазірет Біләлге қарап үш рет: 
– Сөз тыңдамаған адамға жұмақ адал емес, – деді.
Укаша ибн Михсан мен Аббад ибн Бишр алдыңғы 
шепке жіберілді. Жолда Хүсәйіл ибн Хариси
55
мен 
Абдуллаһ ибн Нуайм деген екі жол көрсетушіні 
ақыға жалдады. Жол үстінде пайғамбарымыз әр жол 
айрығында алдағы мекеннің атын сұрап, алған жауа-
бына қарай солардың бірін таңдайтын. Олар көбінесе 
түнделетіп жүріп отырды. Расулаллаһ сахабаларының 
қатты дауыспен тәкбір айтқанын қаламады, оларға: 
– Сендер жалбарынған Аллаһ керең де емес, алыс 
та емес, күмәнсіз сендер бәрін еститін және өздеріңе өте 
жақын Аллаһқа дұға етудесіңдер, – деп, үнсіз жүруді 
талап етті. Хайбарға хайбарлықтар күтпеген сәтте 
жетіп барып, олар дайындықсыз отырғанда басып 
алғысы келгені белгілі еді. Аузынан мына дұғаларды 
жиі естуге болатын еді: «Раббым! Өткенге қайғырып, 
келешектің қайғысын уайымдаудан, қауқарсыздықтан, 
жігерсіздіктен, сараңдықтан, қорқақтықтан, еңсені 
езген қарыздан, залымдардың зұлымдығынан өзің 
сақтай гөр!»
Аббад ибн Бишр шопан кейпіндегі Хайбар 
яхудилерінің тыңшысын кездестіріп, оны ұстап алып 
тілдеспек болды. Ол әуелі яхудилердің бұл соғысқа 
қаншалықты дайындық жасағанын, ешқандай 
күштің оларды жеңе алмайтынын айта бастады. 
55
Іс нәтижеленіп, келіскен ақыны алған соң Хүсәйіл мұсылман болғанын 
жариялады, Аллаһ расулының сахабаларының арасынан орын алды. 
Қараңыз: Ибн Әсир, Усудул-Ғаба, 1\58, 263


159
Даулы Хайбар мәселесі
Хазірет Аббад қинай бастағанда шындықты айтуға 
мәжбүр болды. Шынында, да ғатафандықтар төрт 
мыңдай әскермен қолдау көрсету үшін Хайбарға 
дейін келіп, соғысқа дайындықты бастап кетіпті. 
Тыңшы пайғамбарымыздың алдында да бар білетінін 
айтқаннан кейін қастарында тұрған хазірет Омар 
әлгінің басын шапқысы келді. Бірақ хазірет Аббадтың 
өтінішімен Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
оған 
рұқсат бермеді
56
.
Осы арада мұнафықтардың басшысы тағы да іске 
кірісті. Аллаһ расулы мен сахабаларының Хайбарға 
қарай шыққан хабарын жеткізуге тырысып, өзінше 
яхудилерді дайындық жасауға шақырды. 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
Хайбар 
қамалдарынан Шык пен Натат арасындағы аймаққа 
жеткен кезде тоқтауға бұйрық берді. Шөбі шүйген 
жер болатын, сол жерде намаз оқыды. Қайтадан жолға 
шығып, Хайбар көрінетіндей жерге келген кезде саха-
баларына: 
– Тоқтаңдар! – деп бұйырды. Сахабалар тоқтады. 
Расулаллаһ не істер екен деп таңырқап қарап тұрды. 
Тағы да бар ықыласымен, байсалдылығымен Рақымды 
Раббысына бет бұрып, әдеттегіше қолын жайып, дұға 
ете бастады: «Раббым! Уа, жеті қат көк пен барлық 
нәрсенің, жерлердің және олардың үстіндегілердің 
Раббысы! Уа, шайтандардың және олардың құбылып 
түрленгендерінің, жаңбырмен оларды шашқандардың 
да Раббысы! Біздер өзіңнен осы аймақтың және оның 
халқының қайыры мен жақсылығын тілеп, бұл жерден 
56
Сондай-ақ, Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
шара ретінде іс 
біткенге дейін адамды байлап ұстау керектігін айтады. Негізінде ол 
адам да мұсылман болды. Уақиди, Мағази, 1\641


160
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
және осы жердегілердің кесір-кесапатынан өзің сақтай 
гөр!»
Ештеңеге қарамастан Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм)
одақ құрып, хақ дінге қарсы жасырын жоспар 
жасағандар үшін де қайырлы дұға етті. Осындай қиын 
кезеңнің өзінде шын ықыласымен Раббысына бет 
бұрып, олардың жақсылығын тіледі. Дұғасын бітірген 
соң сахабаларына қарап: «Қане, енді Аллаһтың атымен 
бастап жүріңдер!» деді.
Хайбарға жеткен кезде түн ортасы болды. Аллаһ 
расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
бір орын таңдап, сол жерге 
шатырларын құрып, ертеңгі күнге дайындала баста-
ды. Түн болғандықтан Аллаһ расулы тәһәжжуд нама-
зын да осы жерде оқып, таң намазына бірақ тұрды. Са-
хабалары мен бірге таң намазын оқыды. Тағы да дұға 
жасап, Ұлы Жаратушыдан медет тіленді.
Бір кезде жанына Хубаб ибн Мунзир келді. Ол: 
– Уа, расулаллаһ! Біз тоқтаған бұл жер егер
Аллаһтың бұйрығымен болса, оған айтар уәжіміз 
жоқ, ал соғыстың талабына байланысты таңдау болса, 
біз де өз ойымызды айтайық! – деді. Кейінгілерге де 
үлгі боларлықтай бұл сөзге Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи 
уәссәлләм)

– Жоқ, бұл менің жеке таңдауым, – деді. Сол кезде 
Ибн Мунзир былай деді: 
– Олай болса, уа, расулаллаһ! Бұл жер олардың 
қамалдарына ең жақын жер, олардың барлығы да Натат 
қамалына бекінген. Сонымен қатар, олар оқ атудың хас 
шебері, биіктен оқ жаудыратындықтан бізді оп-оңай 
жайратып тастайды біз оларға төменнен оқ атқанда
қатты қиналамыз. Ең болмаса мына қара тастақ жерді 
артымызға алайық, яхудилердің ататын оғы бізге 
жетпейтін болсын. 


161
Даулы Хайбар мәселесі
Расулаллаһтың да бір білгені бар еді, әуелі: 
– Айтқаның орынды. Алайда, бүгінше осы жерде 
болайық, кешке басқа жерге ауысайық, – деді. Сосын 
қасына Мұхаммед ибн Мәсләманы шақырып, шатыр 
тігуге болатын ыңғайлы жер табуды бұйырды. 
Ендігі кезек намаздағы дұғаны іске асыруға 
келген еді. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
әскерін 
соғыс жағдайына дайындап, Хайбар қамалдарының 
дәл алдына келді. Атының үстінде отырып: «Аллаһу 
әкбар! Қирады Хайбар! Біз жау жеріне шабуыл жасап 
кірместен бұрын елшілер жіберіп, алдын ала ескерту 
алған кәпірлердің жағдайы жаман болады», – деді
57



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет