МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет126/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Самуд қаумының қалдықтары және 
Хижр
Қайта қозғалып, Самуд қаумы азапқа ұшыраған 
жерге жеткенде, сахабалар әр-әр жерді аралап көріп, 
құдықтардан су тарта бастады. Аллаһ елшісі болса 
137
Уәсақ: өлшем түрі. Алпыс сағ немесе 199, 680 гр. 
138
Тәбүктен қайтқанда расында да осы бақшаға соққан Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
: – Бақшаң қанша өнім берді? – деп сұрап, 
өзінің болжағанындай, он уәсақ шыққанын біледі. Бұхари, Сахих, 
2/539 (1411); Мүслим, Сахих, 4/1785 (1392); Әбу Дәуіт, Сүнән, 3/179 
(3079). 


368
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
түйесін желдіре түсіп, жүзін бұрып әлгі орыннан тез 
кетіп қалуға тырысты. Сахабаларының іс-әрекетін 
көргенде: 
– Өздеріне кесір жасап, азапқа ұшыраған қауымның 
жеріне тап келгенде, олар ұшыраған жағдайға сендер 
де ұшырамас үшін ғибратпен қарап, мұңданғандарың 
жөн. Бұдан бөлек, ондай жердің суынан да ішпеңдер, 
ол судан намаз үшін дәрет те алмаңдар. Илеген 
қамырларыңды түйелерге беріңдер, – деп бұйырды. 
Сөйтті де сахабаларын ертіп, Салихтың (а.с.) түйесі 
шыққан жартасқа келді. Осы жерде сахабаларына 
былай деп насихат айтты: 
– Қараптан қарап тұрып мұғжиза сұрамаңдар. 
Салихтың (а.с.) қаумы да одан мұғжиза сұраған. 
Өздері сұраған мұғжиза түйе мына жерден шыққан 
кезде, дереу өзгеріп шыға келді. Өйткені Аллаһ оларға 
ұрғашы түйе нәсіп етті. Бұл түйе мына жолмен суға 
түсіп, су ішкеннен кейін кері қайтатын. Жұрт бұған 
шыдай алмай, Раббыларына қарсылық танытты. Сөйтті 
де түйені бауыздап тастады. Анығында ол бір күні осы 
судан ішіп, келесі күні бәріне жететіндей сүт беретін. 
Осыдан кейін Аллаһ жер бетінде қанша Самуд халқы 
болса, бәрін де ащы дауыс шыққаннан кейін жазала-
ды. Харамды (мешітті) паналаған кісіден өзге ешкім де 
аман қалмады.
Таңғалып ол кісінің кім екенін сұрағандарға 
Тайыфқа кетіп бара жатып мазарын көрсетіп:
– Ол Әбу Риғал деген кісі еді, – деп, сөзіне мынаны 
қосты: 
– Алайда Харамнан шыға салысымен ол да өзгелер 
ұшыраған жағдайға ұшырады. Ендеше, сендер иләхи 
азапқа душар болған елдің жұртына бармаңдар! 


369
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Пайғамбарлар падишасы осыны айтқанда, арала-
рынан біреу шығып:
– Өте қызық екен, – деп қарсылық білдіргенде, 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
:
– Сендерге бұдан да қызығын айтайын ба? – деп 
сұрады. – Сендердің араларыңнан шыққан бір кісі 
бұрынғылардың жағдайын да, сендерден кейін бо-
латын жағдайларды да хабар беруде. Ендеше, сендер 
турашылдықты ұстаныңдар. Ақиқат нәрсенің соңынан 
қалмаңдар. Өйткені өздерің тілеп тұрсаңдар, Аллаһ 
сендерге де азап жібереді. Аллаһ өздері тап болған 
жағдайға ештеңе істей алмайтын ел де жаратады
139
.
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Хижрдан кет-
кенде, ол жерден су алмауды сахабаларына ескертті. 
Алайда біраз жүргеннен кейін жолдың машақатына 
аптап ыстық қосылып, сахабаларды қатты қинай ба-
стады. Әскер қатты шөлдегендіктен түйелерін сойып, 
өркешіне жармасып жатты. Соңында Аллаһ елшісіне 
барып жағдайды айтқылары келді. Алғаш барып 
жолыққан кісі хазірет Әбу Бәкір болды: 
– Уа, расулаллаһ! Аллаһ сізге дұғаның берекетін 
нәсіп еткен ғой. Бізе дұға етіңізші?!
Хазірет Әбу Бәкірдің бұл тілегі айтпай-ақ оның 
түрі айтып тұрғандай еді. Пайғамбарымыз оған: 
– Шынымен осыны қалайсыңдар ма? – деді. 
Хазірет Әбу Бәкір «Иә» дегенде, орнынан тұрып 
әуелі екі бас намаз оқыды, артынан қолын жайып дұға 
ете бастады. Дұғаға қол жайғаны сол екен, күбірлей 
139
Осыдан кейін Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сол түні қатты 
дауыл тұратынын айтқан. Ол жағдай сол түні расында да болған. Бұған 
қоса, барғанда да, қайтқанда да Тәбүк жорығы азық-сусын мәселесінде 
небір түрліше мұғжизаларға тола болған. Бұхари, Сахих, 2/539 (1411); 
Мүслим, Сахих 4/1785 (1392); Ахмед ибн Ханбәл, Мүснад, 5/424, 
(23652). 


370
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
бастағаннан-ақ аспан күркіреді. Осы кезде бұлттар 
да көрінді. Әне-міне дегенше жаңбыр құйды да кетті. 
Әскерлер қуанышты жүзбен Аллаһтың сыйын қуана 
қабыл алып, өздері де қанып ішті, жаңбыр суынан 
торсықтарына құйып алды. Осы игілікті мұнафықтарға 
да көрсету керек еді. Сол үшін кейбір сахабалар 
оларға барып жолығып, әлі де күмәннан арылып-
арылмағандықтарын сұрады. Алайда иманның жайы 
бөлек еді. Өйткені ол адам жаңбырдың мұғжизамен 
жауғанына сенбеді. Тіпті шөлге тап болмағандай: – 
Бұл жаңбырды өтіп бара жатқан пәлен бұлт жаудырды, 
– деді. Ол себептерді үйлестіріп тұрған Мүсаббибул-
асбап Жаратушыны көре алмады, арадағы себептерді 
ғана көрді. 
Мұсылмандар кішкене алға жүрген кездерінде 
әлгіндегі пайғамбар дұғасымен жауға жаңбырдың тек 
әскерлер тұрған жерге ғана жауғандығын көріп, иман-
дары тағы да арта түсіп, Раббыларына мақтау, мадақ 
айтысты. 
Бір жағынан тіршілік жалғасып жатты. Адамдар 
арасында кей кездері келіспеушіліктер туындап, ондай 
кездері дауласушылар Пайғамбарымыздың төрелігіне 
жүгінетін. Әскерлердің бірі мен құл арасында осындай 
бір келіспеушілік туды. Талас кезінде әлгі кісі құлының 
қолынан тістеп алды. Тістегенмен жаны ауырып құл 
қолын тартып алғанда, әлгі кісінің алдыңғы тістері де 
бірге жұлынып кетті. Бұл даудың өрши түсуіне себеп 
болды. Нәтижеде мәселе Аллаһ елшісінің алдына келді. 
Дауды шешіп, араларына үкім айтуын күтті. Екі жақты 
тыңдағаннан кейін пайғамбарлар падишасы: 
– Сендердің қайсыбірің түйенің тістегеніндей бау-
ырын да тістей бастаған ба? – деп қарсылық білдірді. 
Артынша: – Қолын сенің аузыңа түйе тістегендей 


371
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
етіп тістесін деп салып па? – деді де, күткендей етпей, 
түскен тістерге құнға кесім айтпады. 
Тәбүкке де жақын қалды. Сахабаларына бұрылып: 
– Иншаллаһ ертең Тәбүктің бұлақтары бар жерге 
жетеміз. Ол жерде сәресі уақытында боламыз. Егер 
менен бұрын барып жатсаңдар, суынан ішпеңдер, – 
деп бұйырды. Өйткені тағы да су жағы қинай баста-
ды. Пайғамбарлар патшасы сол жердегі аз судың өзін 
тиімді пайдаланып, сахабаларының бәріне жететіней 
берекеге себеп еткісі келді. Сол себепті жаршылардың 
көмегімен сахабаларына дауыстап, бұл мәселеге 
мұқият қарауды тапсырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет