МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет52/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Басқа хаттар
Бейбіт күн орнаған кезең болатын. Аллаһ расулы 
уағыз-насихат міндетінің аясын кеңейту үшін тиісті 
адамдарға хаттар жазып, жан-жаққа елшілер жіберді. 
Бәрін қамтығысы келіп, өте ықтиятты әрекет етіп, бір 
минуттың да бос кеткенін қаламады. Жаратушыны 
танытуға, баршаны бір Аллаһқа құл болуға шақырды. 
Негізі, ақырзаманда күтілген соңғы пайғамбардың 
міндеті де осы еді. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
бұл міндетін жоғары деңгейде атқарды. 
Йәмама билеушісі Хауза ибн Алиге Сүхәйл ибн 
Амрдың бауыры Сәлит ибн Амрды, Дамаск билеушісі 
Харис ибн Әби Шәмирге Шужа ибн Уахбиді және Бах-
рейн билеушісі Мунзир ибн Саваға Ала ибн Хадрамиді 
жіберді. 
Ресми хаттар арқылы жасалған уағыз-насихат 
тек белгілі бір уақытты ғана қамтитын жағдай емес
уағыздың барлық түріне жүгініліп, адамдардың иманға 
келу үшін қолдағы барлық мүмкіндіктер қолданылды
47

Пайғамбарлық міндеті Аллаһ расулының хатын 
тасу арқылы тиісті орындарға жеткізу қызметіне 
таңдалған адамдардан және олардың барған 
47
Пайғамбарымыздың қай кезде кімге және кім арқылы хат жібергенін 
білу үшін қараңыз: Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 11\344


151
Елшілер және Исламды тарату кезеңі
жерлерінде жасаған әрекеттерінен аңғарылатыны 
секілді Аллаһ расулының елшілері де уағыздау ісі 
тұрғысынан өте маңызды қызметтер атқарды. Өздеріне 
қойылған сұрақтарға ұтымды жауап беріп, алдындағы 
адамдардың ой-санасын сезініп, солардың түсінетін 
тілімен сөйлесіп, сол күнге дейін үйренген нәрселерін 
ол адамдармен барынша бөлісе білді.
Бұл кезең Хирада туған нұрды жан-жаққа та-
рататын кезең еді. Сол үшін де пайғамбарымыз әр 
түрлі кезеңдерде әр түрлі мәселелерді назарға ала 
отырып хаттар хазып, оларды елшілері арқылы та-
ратуды көздеді. Мысалы, мұсылман болған Амр ибн 
Асты Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
Оман патшасы 
Жәйфар және бауыры Абдқа жіберді. Күні кешеге дейін 
қарсыласып келген хақ дінді бүгін қорғап, басқаларға 
уағыздауға жіберу арқылы хазірет Амрдың саяси 
даналығын осы жолда кәдеге жаратуды қалады.
Әрине, хатты алған билеушілердің барлығы 
мұсылман бола салған жоқ. Біразы Исламды қабылдаса, 
енді бір бөлігі күпірлікке салынып, өз орнында қалып, 
алдына келіп тұрған мүмкіндікті бағаламады. Ба-
ра-бара Араб түбегінде Исламның ықпалы күшейді. 
Дінді қабылдамағандар да бұл ақиқатты көріп тұрды. 
Ендігі жерде Аллаһ расулының көзқарасымен санасу 
қалыпты жағдайға айналды. Адамдардың көңіліне 
жол таба білген Аллаһ расулының 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
тұлғасы айқындала түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет