Журналистика саласында еңбек өтілі жоқ болғанымен, Сералин өзінің өмір тәжірибесін пайдаланып, халық арасындағы кедейшілік жағдайын ескеріп, іске кіріскен. «Айқап» журналы – бұл кездегі адамдар үшін
Журналистика саласында еңбек өтілі жоқ болғанымен, Сералин өзінің өмір тәжірибесін пайдаланып, халық арасындағы кедейшілік жағдайын ескеріп, іске кіріскен. «Айқап» журналы – бұл кездегі адамдар үшін ерекше құбылыс.
Журналистика саласында еңбек өтілі жоқ болғанымен, Сералин өзінің өмір тәжірибесін пайдаланып, халық арасындағы кедейшілік жағдайын ескеріп, іске кіріскен. «Айқап» журналы – бұл кездегі адамдар үшін ерекше құбылыс.
Әлеуметтік теңсіздік халыққа ауыр әсер еткен еді. Бұл көп адамдардың көкейінде жүрсе де, ештеңе өзгерте алмайтынын білген. Бірен-саран адамдардың қолынан ешнәрсе келмеді. Жаяудың үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас. Сондықтан зиялы қауымға жаңа жол таңдау қажет болды. Мақсатқа жету үшін өз басылымын ашу керек еді. Осылайша «Айқап» журналы құрылған.
Мұхамеджан Сералин тілшілер және ақпарат беретін адамдарды жинады. «Айқап» журналы қызметкерлерінің қатарына көрнекті тұлғалар кірді: Жиһанша Сейдалин, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбт Майлин, Сәбит Дөнентаев, Молдағали Жолдыбаев, Есенғали Хасболатов және басқалар. 1915 жылға дейін шыққан «Айқап» журналының барлық сандарын қарап шықсаңыз, мерзімдік басылымның сапасы өте жоғары болғандығына көзіңіз әбден жетеді. Арнайы оқу орнында білім алмаған Сералиннің кәсіби тілшілерден айырмашылығы жоқ. Әр мақаланың мазмұны және тақырыбы терең әрі жан-жақты ойластырылған.
Осылайша, мерзімдік басылымды шығарып жүрген Сералин өз халқына қызмет еткен. Ол алғашқы қазақ журналының редакторы әрі басқарушысы. Мұхамеджан Сералин қазақстандық журналистикада ірі жетістіктерімен өз қолтаңбасын қалдырған. Сол себептеп де оны қазақ журналистикасының атасы деп атауға толық құқығымыз бар.
Сонымен қоса, Мұхамеджан Сералин – «Егемен Қазақстан» қазіргі республикалық газеттің негізін қалаушы, «Ауыл» (қазіргі кезде «Қостанай таңы») газетінің редакторы. «Айқап» журналы сол кездегі қазақ зиялыларына ана тілінде ойлау және жазуды үйреткен. Мұхамеджан Сералин бүкіл ғұмырын журналға арнаған.