Мұхтар Әуезов “Қараш -қараш” повесі
Сайдахметова Висола. ҚТ-121 тобының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі магистр, аға оқытушы Белгибаева Г.А.
Шымкент университеті, Шымкент қ.
Әуезов Мұхтар Омарханұлы – қазақ әдебиетінің классигі, әдебиет тарихында елеулі орынға ие болған атақты тұлға,қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒАның академигі , Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Әуезов 1897 жыл 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде туып, балалық шағы көшпенді ауылда өтті.Ол көптеген шығармалар жазды соның бірі және бірегейі “Қараш -қараш “повесі.Әуезов бұл повесті 1927 жылда жазған Қараш-Қараш оқиғасы» халықты көтеріліске шақыратын үндеу немесе құзырхат емес, әдеби көркем шығарма болғандықтан, ондағы ең маңыздысы – белгілі бір оқиға желісі арқылы идея ұсыну, тұжырым жасау және олардың оқырманға жеткізілу тәсілі, тіл шеберлігі, көркемдік қуаты, еңбектің концепциялық мақсаты болып табылмақ. Шығарма – барша адамзат қоғамының даму жолына тән оның күнгейі мен көлеңкелі тұстарын, қайшылықтар мен қақтығыстардың тамырын тануға жол ашып, әсіресе оған ең алдымен себеп болатын қорлық пен қиянат, зұлымдық пен қылмыс, сатқындық пен аярлық категорияларының сипатын аршып көрсеткен.. Айта кететін жайт бұл шығарма Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың бастан кешірген оқиғаларына негізделген,яғни соның өмірінің желісі бойынша жазылған . Шығармадағы қамтылған оқиғалар революцияға дейінгі уақыттар.Сол үшінде шығармада халықтың патриархалды -феодалдық өмірі бейнеленген. Шығарманың басты кейіпкері Бақтығұл қазақ даласында патшалық Ресей билігінің орнығып, екі-үш ғасыр бойы қалыптасу кезеңдерінен өтіп, ендігі барлық отар елдердің басына орнайтын кепті киген тәуелді қоғамның терең де күрделі дағдарысқа ұшырағандығын қапысыз танытқан қуатты қахарман, жаңа дәуірдің алғашқы хабаршысы, бастаушысы, анығында рәмізі деуге әбден болады.Анығын айтар болсақ, Мұхтар Әуезовтың кең ауқымды, қуатты да парасатты жазылған бұл шығармасының кейіпкері Бақтығұл бейнесінен қилы-қилы замандарда басына түскен ауыртпалықтан еш мойымаған, керісінше, өр кеудесі қасқайып тұрып күресіп өткен, азат, мәңгілік ел болу мұратынан айнымаған қазақ халқының өзін көреміз.Повесте ауылдың жоқ-жұқана жағдайы, Тектіғұл, Қатша, Қатубай, Афанасий Федотыч тәрізді қарапайым жандар да нанымды образдармен көңіл аударады. Олардың Адамгершілік бейнелері шағын штрихтардың өзімен-ақ жақсы беріледі. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: сыртқы құбылыс пен ішкі мазмұнның сырлары осындай жай-күй, өмір детальдарымен де ашылады, образдар кесек мүсінді істермен қатар, шындық тамшыларынан да құрылады дейміз. Сондай-ақ, 20- жылдардағы творчествосында М.Әуезов Гогольше тым қарапайым адамдардың тағдырына ерекше назар аударғанын байқаймыз. Бұған жазушының бұл кезеңдегі, әңгімелері мен повсетері толық дәлел болғандай. Ал енді повестьтен қысқа үзінді келтіріп соны талдап көрейік:
Сайдағы қыстауына жеткен Бақтығұл Сәлменнің бір боз биесін бүгін жардый қылып, жайратып тастаған еді. Оның асылған семіз, дәмді еті әлі өзі түгіл, ашыққан бала-шағасының аузына да тиген жоқ. Естияр ұлы Сейіт ұйықтамай «жылы, жарық оттың қасында бұрқылдап қайнап жатқан жылқының жас етінің» иісі сезеді. Әйелі «Қатша етті тез пісірмек боп, отты қатты жағып асығады. Ерінің шаршағаны асты тездетуді тілейді. Бірталай уақыт өткен соң кішкене қазанның асы да қайнап, пісуге» жақындайды. «Қатша қол жуатын жылы суды шәугімге құйып, қалғып отырған күйеуін» оятады. Бақтығұл да жадырап, «бас жағында жерде жетқан белдігінен өткір, ұзын қара пышақты суырып алып, сол қолының бармағынмен сүйкеп жүзін» көреді. Өткір пышақ «семіздің майында сынатпай дорғалағалы тұр». Сорлы кедейдің төріне қонған бар жақсылық осы-ақ. Кенеттен ол әлсіз шырағданның отындай жалп етіп сөнеді. Тыстан ит үреді. Тасырлатып жау келеді. Боз биенің қазандағы былқыған етін кәніг, бүлік топ астын бір түйірін үй ішіне татырмастан өздері бөліп жеп алады.
Шығармадағы осы бір ғана эпизод бізге қаншама эмоция, психологиялық ахуалін көрсетеді.Ашыққан бала,шаршаған әке,балаларының қамын ойлап ,оларды тойдыруға асыққан ана ,шабып келе жатқан жау… Неткен аянышты сәт еді.
Қараш -қараш повесі туралы айта кететін бір факт, бұл шығарма Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұлдың басынан кешкен оқиғалары желісіне жазылған.Тіпті осы шығарма желісімен “Асуда атылған оқ” деген кино да түсірілген. Бұл әрине шығарманың оқырманға жеткізер ойы үлкен екендігін және де өзектілігімен бірге Реал оқиғалар негізінде жазылғанының дәлелі деп білемін.
Бұл шығарманы оқып үлкен әсерге бөлендім,эмоциялар құрсауында қалдым .Шығармадан түйген ойым: шығармадағы кең ауқымды, қуатты да парасатты кейіпкері Бақтығұл бейнесінен қилы-қилы замандарда басына түскен ауыртпалықтан еш мойымаған, керісінше, өр кеудесі қасқайып тұрып күресіп өткен, азат, мәңгілік ел болу мұратынан айнымаған қазақ халқының бейнесін көрдім.Ерлік -елге мұра ,ұрпаққа -үлгі демекші Бақтығұлдың ерлігі көөп жастарға үлгі болды деп ойлаймын!
Ұлы Абай туралы, туған халқы туралы том-том романдар жазуға кірісудің үлкен бір кезеңі боп табылатын «қараш-Қараш оқиғасы» повесі дүниенің басқа бөлігіндегі езілген жұрттардың жүрегіне қуатты рух беретін аса айтулы, классикалық кесек туынды. Оның әлем әдебиетіндегі алатын қасиетті орны сол себептен де биік. (Р.Нұрғали)
А.Чеховтың тұлғасына айтылған мына бір теңеу М.Әуезов шығармашылығына да дөп келетіндей: «Оның шығармашылығына бір мысқал жалған айту былай тұрсын, титімдей әшекейді, әсіресе қызылды көтермейді». Оны сахналауда да дәл солай. Айналасы жұп-жұмыр дүние жасай білу керек. Бұл тұрғыдан Ә.Оразбеков сахналаған «Қараш Қараш» әлеуметтік драмасында актерлік ансамбль ерекше атмосфера түзе алмады. Дегенмен, шығарма - өміршең, қойылымдағы негізгі ой – тағылымды. Себебі, қазіргі қоғамда да ел үшін жан аямай еңбек еткенімен, бағаламау мен бағаланбаудың шегіне жеткен Жарасбайлар мен қарапайым адамдардың түйсігі жете бермейтін ар саясатының кесірінен тіршіліктен түсініксіз күйде жаза алып жүрген Бақтығұлдар жетерлік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:Айқап журналы ,Мұхтар Кәрібай abay.kz
Достарыңызбен бөлісу: |