Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағЫ 3-том мақалалар, ӘҢгімелер, аудармалар, пьесалар 1921-1929 "ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата19.01.2017
өлшемі4,32 Mb.
#2190
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.  ӘУЕЗОВ  АТЫНДАҒЫ 

ӘДЕБИЕТ  ЖӘНЕ  ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

Мұхтар Әуезов

ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ 

ЕЛУ ТОМДЫҚ ТОЛЫҚ ЖИНАҒЫ

3-том 

МАҚАЛАЛАР,   ӘҢГІМЕЛЕР,   АУДАРМАЛАР,



ПЬЕСАЛАР

1921–1929

“ДӘУІР”

“ЖІБЕК ЖОЛЫ”



АЛМАТЫ

2014


УДК 821.512.122 

ББК 84 Қаз-7 

 82

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат 

министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің 

әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы 

бойынша шығарылды

Редакциялық кеңес:

Кеңес т рағалары – М. Құл-Мұхаммед, А. Сәрінжіпов

Жалпы редакциясын басқарған – ҰҒА корреспондент мүшесі, 

филология ғылымдарының докторы У. Қалижанов

Кеңес мүшелері:

кім Т.,  уезов М., Жұртбай Т., Кекілбаев  ., Қанапиянов Б., Қасқабасов С., 

Қирабаев С., Қонаев Д., Қошанов А., Құрманғали Қ., Мағауин М., Мұртаза Ш., 

Нұрпейісов  ., Оразалин Н., Сүлейменов О., Тасмағамбетов И., Ыбырай Ш.

уезов М.

 82

Шығармаларының елу томдық толық жинағы. – 

Алматы: “Дәуір”, “Жібек жолы”, 201 .

3-том: Мақалалар, әңгімелер, аудармалар, пьесалар. 

1921–1929. – 424 б.

ISBN 978-601-294-145-6

УДК 821.512.122 

ББК 84 Қаз-7

ISBN 978-601-294-145-6  (3-том)

ISBN 978-601-294-142-5

© М.О.  уезов атындағы  дебиет 

және  нер институты, 201

4

4



Мақалалар

5

«ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЗАҚСЫЗ ҚАЛАДЫ...»

(Қазақ Орталық атқару комитетінің 1921 жылғы 10 

желтоқсан күнгі ашаршылық туралы кеңестегі сөзі)

Қырдағы  аудандардың  аштыққа  ұшыраған  тұрғындарына 

нақты көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы М. Әуезовтің ба-

яндамасы  тыңдалды.  Әуезов  жолдас  аштарға  көмек  көрсету 

ұйымдарының  аяғы  әлі  қыр  еліне  жеткен  жоқ.  Олардың  таяу 

арада жетуі де неғайбыл екенін айтты. Әуезов оның себебі мы-

нада деп көрсетті:

1.  Ауылдардың  тікелей  өзімен  араласа  отырып,  олардың 

мұқтаждықтарын анықтайтын бұл саладағы міндетті атқаратын 

қызметкерлер жоқ. 2. Аштыққа ұшыраған қазақтар нақты бір 

жетекші  адам  болмаса,  олар  аштарға  арналып  мемлекет  та-

рапынан  бөлінген  сыбағаның  өзіне  де  қол  жеткізе  алмай-

ды, өйткені қазақтар бір үзім нан үшін жат жерде қол жайып 

қаңғып  жүргеннен  гөрі  үйінде  өлгенді  артық  санайды,  тіпті 

көмек  сұрап  ел  кезе  қалған  күннің  өзінде  де  қараңғы,  аңқау 

қазақ  оларды  өз  бетімен  іздеп  таба  алмайды,  көмекке  қолы 

жетпейді. 3. Жергілікті жердегі аштарға көмек көрсету ұйымы 

қолтығының астындағы, яғни жақын жердегі қалалар мен қала 

маңындағы  селолардағы  күйзелгендерге  ерекше  қамқорлық 

жасауға тырысады, сондықтан да қаладан шалғай орналасқан 

қазақ ауылдары үнемі кейінге ысырылып қалады. Шындығына 

көшсек, ашаршылық жайлаған қырдағы елдің қырылғанының 

жанында, қаладағы аштықтың үрейлі көріністері ойын сияқты 

әсер етеді. Егер де бұл аудандарды аштықтан құтқару үшін дәл 

қа зір  шұғыл  түрде  шешуші  шара  қолданылмаса,  онда  Қазақ 

Республикасы қазақсыз қалады. Көптеген аудандардағы қазақ-

тар көптен бері тек қана көртышқанмен, тышқанмен, суырмен, 

тағы  сол  сияқты  ұсақ  жәндіктермен  өзегін  жалғауда,  соның 



кесірінен әртүрлі жұқпалы аурулар мен індеттер естіп-білмеген 

деңгейде таралып барады.

Мұның барлығы аштарға көмек көрсету ұйымдарының қыр 

еліне жаны ашымайтындығын, оларға немкетті қарайтындығын 

көрсетеді,  сондай-ақ  осындай  қасіретті  өртті  өшіруге  қазақ 

қызметкерлерінің  де  бейғамдығы  байқалады.  Өкімет  басында 

отырған қазақ қызметкерлері, бұл істі дәл осы күйінде қалдырып 

қоюға болмайтыны өз алдына, бұл – сіздер үшін қылмыс, біз 

бұл үшін қазақ елінің алдында, өзіміздің арымыздың алдында 

жауаптымыз.

Баяндамасының  соңында  Әуезов  жолдас  қырдағы 

аудандарға,  аштарға  көмек  көрсету  шараларының  жоспарын 

ұсынды, жарыс сөз бен талқылаудан кейін ішінара өзгерістер 

мен толықтырулар енгізілген соң бұл ұсыныс қаулының негізі 

етіп алынды.


7

ҚАЗАҚ ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ

(Ашық хат)

Әдебиеттің бір сүйенетін діңгегі газет-журнал екендігін бұл 

күнде жұрттың бәрі де ұққан. Даусыз хахиқат екенін бәріміз де 

мойындаймыз. Газет-журнал жалпы әдебиетпен қосылған жер-

де  елдің  қисығын  түзейтін,  түзу-терісін  көрсететін  айна,  ойы 

менен көңілін білім жарығына қарай айдайтын айдаушы екенін 

де тегіс ұғамыз.

Бірақ қазақ баспасөзі шыға бастағанына бірталай заман бол-

са  да,  дәл  әлгі  айтылған  тәрбиенің  міндетін  атқарып,  ойдың 

бітімі  мен  рухын  өзі  ұғып,  өзінің  бетімен  рухын  елге  үнемі 

ұғымды қылып, түзу жолмен аумай жүріп отырған газет-журнал 

көп болды деп айта алмаймыз. Бұл сынды көтеретін толымды 

жалғыз газет – «Қазақ» еді. Оның өмірі ұзын болған жоқ. Одан 

кейінгі шыққан газет-журнал болса, көбінесе бір қалыпта тұра 

алған жоқ. Не басындағы адамы ауысады, не заманы ауысады, 

көбінің  өмірі  тіпті  болымсыз,  қысқа  болады.  Сонымен  тәуір 

сөздің қадірін ұғып, құлағын түріп қалған қазақ бәрінен де қана 

жұта алмады, әдебиеттің тәуір бұйымдарын көксеп отыр.

Бұл  айтылған  сөз  біздің  баспасөздің  ұйқын-тұйқын  бо-

лып,  жөндеп  шыға  алмай  жүрген  бір  дәуіріне  тиісті  болса, 

осы  соңғы  бір-екі  жылдың  ішінде  тағы  бір  дәуір  туып  отыр. 

Бұл баспасөздің басылуы күшейген уақыт деуге болады. Бірақ 

қалың  қазақтың  тілегіне  келгенде,  бұл  саны  бар,  сапасы  жоқ 

сөздерге  ұқсайды.  Өте  көп,  өте  қиын  жаңа  сөздер  сөйленіп 

жатыр.  Солардың  әдебиет  арқылы  бірде-бірі  қазақтың  миына 

кіріп, рухына сіңді ме? Сіңген жоқ. Сіңбей, бұл сөздер сұйықтық 

қылып отыр. Елдің қышулы жерін тауып, өзінің керек боларлық 

орнын білмегендіктен оқушыны таба алмай отыр.

Сондықтан біздің осы күнгі баспасөзімізден арзан сөз жоқ. 


8

Бұл  арада  ел  біржолата  баспасөзді  оқи  білмейді,  надан,  сөз 

қадірін  әлі  ұққан  жоқ  деп  елді  орынсыз  кінәлаудың  қисыны 

жоқ.


Ежелден жазу заңы – әрбір жазушы өзіне лайықты оқушы 

табу  керек.  Әрбір  әдебиет,  ретті  әдебиет  болам  десе,  сол 

оқушының  ауданын  үлкейту  керек.  Сондықтан  жазушының 

міндеті:  ол  неге  қызығады,  нені  көксейді,  қандай  рухы  бар, 

соны ұғып алу һам соған лайықтап сөзін жазу.

Біздің  осы  күнгі  газеттерімізді  алсақ  –  кейбірі  бұл  шарт-

тардан  біржолата  таза  болып  аман  тұр.  Кейбірінің  кім  екені 

белгісіз.  Көбі  әрі-бері  сандалуда.  Сондықтан  газеттерден 

қазіргі уақытта жұрттың көбі жамандау бөлімін ғана оқиды. Ол 

неден?.. Себебі – жамандау қазақ мінезінде өсекшілдіктің сал-

дары; бұл жерде газет те ел рухына жақындайды. Сондықтан ол 

бөлімнің оқушысы бар.

Оның  үстіне,  өзге  кішілікті  қоя  тұрғанда,  қазіргі  кейбір 

баспасөздерде, көбіне қазақтың мақтаншақтығы шығатын бол-

ды. Бұл әдет оқушы жиюдың орнына көп жұртты баспасөзден 

жирентіп  барады.  Осы  айтқанның  бәрі  де  –  әдебиеттің  елге 

тәрбие бере алмай, иә, рухына жақындай алмай жүргендігінің 

белгісі.


Бірақ  осымен  қатар  елдің  қазіргі  тілегіне,  әдебиеттен 

іздейтін бөліміне (спросына) қарасақ, ол белгілі: ашық, дұрыс 

бір-ақ тілек болып отыр. Қазірде қаладағы оқыған тобын бы-

лай  қойып,  қырдың  көпшілігін  алсақ  та,  солардың  осы  күнгі 

іздейтіні – таза әдебиеттің бұйымдары екені даусыз.

Ертеден  айтып  жүретін  бір  сөз  бар,  қазақ  жаратылысын-

да,  беллетрист  деген.  Бұл  қазақтың  қай  заманына  болса  да 

қисынды сөз. Осы күндерде мұның шындығын көріп отырмыз. 

Таза әдебиетке өсіп келе жатқан қазіргі құмарлық осының сал-

дары.


Сондықтан  шығып  жатқан  газеттердің  бұндай  істерге  жа-

мандау  мен  мақтаудан  қолы  тимейтін  болса,  оларға  бетіңнен 

жарылқасын  деп,  әдебиет  бөлімі  бар  журналдарда  елдің  әлгі 

тілегін  де  еске  алып,  таза  әдебиет  ауданындағы  сөздерді  жа-

зуы – жас жазушылардың міндеті. Бұл айтылғандардан басқа 

екінші бір мәселе – қазақ әдебиетінің неше түрлі үлгісі болса да, 

әлі қалыпқа түсіп, бір тәртіпке салынған жоқ, соған һаркімнің 


пікірін біліп, таза әдебиетке бір жол салу, бет түзеу де бүгінгі 

күннің қарызы сияқты. Бұл жерде көмекші болу – тағы да біздің 

жазушылардың міндеті.

«Шолпанның»  бетінде  осы  айтылған  сөздерді  іске  асыра-

мыз ба деген үмітпен басқарма, журналдың ілім һам әдебиет 

бөлімдеріне лайықты мақалаларды жіберіп тұруын қазақ жазу-

шыларынан сұрайды.

Басқарма атынан  

Мұхтар Әуезов.  

1922 ж.


10

«ШАНШАР» ЖУРНАЛЫ

Апрельдің  аяқ  кезінде  Семейде  «Шаншар»  журналының 

бірінші  саны  алынды.  «Шаншар»

1

  –  қазақтың  тұңғыш  күлкі 



журналы.

Қазақтың аз да болса ілгері қарай басып келе жатқан өнер 

білімінің  тұсында  «ІІІаншар»  мезгілімен  шыққан  журнал. 

Білімді елдің үлгісімен қазақ оқушысы аз танысқандай болып, 

осы күнде баспасөздің неше алуан түрлерін көріп келеді. Қазақ 

баспасөзі түр тауып молайған сайын оқушы да қалыптанып ек-

шеле бермек. Бұрын біз қазақтың хат таныған баласының бәрі 

бірдей оқушы деп есептесек, осы күнде ондай көп оқушы бар 

деп  санамаймыз.  Бірақ,  оның  есесіне,  саяси  санасы  артқан, 

сынап  оқитын  нағыз  оқушы  шыға  бастады  дейміз,  бүгінгі 

шығып жатқан газеттер, журналдар мен пән кітаптарын көріп 

оқығаннан  бері,  әрбір  жазылған  сөздің  құр  ғана  мағынасын 

ұғып  қоюмен  тоқтамай,  сынайтын  да  болып,  ұнатқан  түріне 

еліктеу, қостау да көбейіп келеді. Солардың санын көбейтіп, бо-

ратып жазып та жүр еді. Біздің бұл күнде көпшілігіміз сондай 

көп  жазушының  етек  алып  жайыла  бергендігін  ұнатпаған  да 

боламыз. Ол ұнатпау келе жатқан жастың өнерін, жақсылығын 

қызғанғандық емес.

Көбінесе,  қазақ  әдебиеті,  қазақтың  жас  өнері  құр  қарасын 

ұлғайтып,  санын  көбейте  беруге  тырыспасын,  нені  алса  да 

талғап,  таңдап  алуды  дағды  қылсын,  аз  болса  да  нәрлі  сөзді 

алатын болсын. Көп аламыш, дәнсіз болса, жас өнердің бойын 

өсірмейді дейміз.

Бұл  сөздер  қазақ  білім  өнерінің  тазалық  саулығын  ойлап 

айтқан да дұрыс шығар. Бірақ сол сөзді айта жүрсек те, естен 

шығармайтын бір сөз бар. Ол – өнері аз болса да, жазушының 

көбейгенін тілеу. Бүгін солар көп болса, ол – жақсы белгі. Біздің 

оқушы оқып ұғумен қанағаттанбай, өзі де араласқысы келсе, өзі 



11

де көп күшпен істелетін істің көмекшісі болғысы келсе, оның 

өнері көптігіне қарамай-ақ жалғыз сол талабының өзіне қуану 

керек. Бұндай жас жазушылардың көптің сезім-біліміне беретін 

жемі аз болса, ең болмаса өз басы мен өз ойына жиятын сезім 

мен  білімі  әншейін  оқушы  ғана  болып  жүрген  күндегісінен 

әлдеқайда  тереңірек,  орнықтырақ  болады.  Олай  болса,  біз 

бүгінгі  көп  жазушы,  көп  сыншының  барлығын  ең  алдымен 

жақсы есті оқушы деп тануға керек.

Сол оқушыны бастау, баулу, сын сезімін тәрбиелеу – бүгінгі 

баспасөздің міндеті, баспасөз сол оқушының жетекшісі, неше 

тарау жолға қарай беттетіп басшылық ететін себепшісі деп білу 

керек.

Қазақтың  жас  оқушысының  ой-сезіміне  жем  боларлық 



баспасөзге  қандай  жаңа  түр,  жаңа  үлгі  қосылса,  барлығы  да 

әлеуметтің  саналы  тіршілігіне  бір  бағалы  қосымша  сияқты, 

жалпы әлеумет өнерінің бір жаңа табысы сияқты болады. Осы 

жағынан  қарағанда,  бұрыннан  шығып  келе  жатқан  газеттер, 

журналдардан  соң  солардың  ішінде  бір  алуан  жаңа  үлгінің 

түрін  көрсететін  күлкі  журналдар  алдыңғылардың  қалпына 

қосылған бір жаңа кесте, жаңадан салған қошқар мүйіз сияқты. 

Оқушының  ойы  мен  сезімін  күлкісіз  салқын  түспен  оты-

рып  тәрбиелейтін  баспасөздің  ішінде  күлкі  журнал  орынды 

болып  шықса,  тәуір  сөздің  тұздығы  сияқты  болады.  Бұл  да 

тәрбиеші, бұл да ой сезімді бастайтын жетекші, басшы, бірақ 

бұның  өзгелерден  әдісі  бөлек.  Бұның  өзгеден  айырмасы  – 

сыртқы пішінінде ғана. Күлкі журнал да ойды жетілтіп, сезімді 

ұстартпақ. Сондықтан ол күле отырып, біле отыр дейді. Ойнап 

отырып,  ойлап  отыр.  Біреудің  мініне  күлсең,  өзің  сол  міннен 

бойыңды арши отыр дейді.

Күлкі  журналдың  оқушысы  –  неше  алуан  ел.  Оның  мен-

шіктейтін  елі  өзге  баспасөздің  барлығынан  санына  қарағанда 

да мол болады.

Бұл журнал сол неше алуан елдің барлығының да әлеумет 

алдындағы міні мен кемшілігін білу керек. Әрбір кемшіліктің 

әлеумет  тіршілігінен  ең  залалды,  ең  жұқпалы  жерін  тауып, 

соны  көпке  паш  болған  пішінінде  көрсетіп,  орнымен  ажуа-

лай  білу  керек.  Орынды  күлкі  өткір  мысқылмен  міні  барды 

түзетуге  тырысып,  сол  мінге  жақындап  жүрген  адамдарды 

бойын жиғызып жирентетін болу керек. Негізгі мақсаттарына 



12

келгенде, күлкі журнал да барлық баспасөздің «үйретемін, үлгі 

айтамын, бастаймын» деген негізімен жүреді, бірақ олардан ісі 

қиынырақ. Олар ұзын сонардың, өрісті сөздің бетімен жүрген 

болса, мынау аз сөзбен, емеурінмен, нобай тұспалмен, күлкімен 

білдіру  керек.  Әрқашан  күлкі  ұзақ  сонар  әңгімемен  келсе, 

қырғын күлкі бола бере алмайды. Күлкі тез шығып, тез басыла-

тын, қылт етпе, иек артпаны іздейді. Күтпеген жерде тосыннан, 

оқыстан келгенді сүйеді. Бұл да шығуы мен таусылуының ара-

сына қарағанда ақындық сөзінің ішіндегі лирика (сыршылдық) 

сияқты.  Сыршылдық  неғұрлым  бір  күрсіну,  бір  өксу,  жылау, 

не болмаса қабақтың бір ғана шытынауы сияқты болып жан-

ды күйінде туып, жанды күйінде басылатын болса, дәмді бо-

лады.  Көпке  белгілі  жүрек  күйін  тақылдатып,  бақайшағына 

шейін айтпай, емеурінмен ым қағып қана тоқтаса, сол күйінде 

ерекше  тәтті  көрінеді.  Күлкі  де  сондай:  әлемге  мәлім  жайды 

ұзақ сонарламай, не болмаса құр ғана сөздің сырт пішіні күлкі 

болғанына қанағаттанбай нағыз күлкіні алу керек. Нағыз күлкі 

сөзде емес, күлкі қылған халде болады. Күлкі сөздің шатасы-

нан  тумайды.  Сырт  пішіні  дарақы,  оспадарлау  келген  сөзден 

шын күлкі шықпайды. Онымен бірен-саранды болмаса, көпті 

күлдіре  алмайды.  Бұл  туралы  «Шаншарда»  «қатын  аламын» 

деген  сөз  сондай  кемшілікті,  мінді  сөздің  мысалы  сияқты. 

«Адресім:  город  Албасты,  Сұмырай  көшесі,  Оспан  қажының 

сиыр  қорасына  қарсы  дом,  боқбасар»  деген  сияқты  сөздерде 

не ойға, не сезімге әсер беріп, қарқылдатып күлдіріп жіберетін 

қанша  күлкі  бар?  Бұл  –  құр  ғана  сөздің  өрескелдігімен  күлкі 

тудырамын  деген  сөз.  Оның  ішінде,  былғаныштау  былапыт 

сөзбен  күлкі  шығарғысы  келгендік.  Біздің  қазақ  күлкісіне 

бұл соңғы хал ертерек еске алып, шама келгенше сақтанатын 

кемшілік  болар.  Өйткені  қазақтың  ел  қалжыңының  көбі  сол 

сияқты  әдепсіз  оспадарлау  сөздермен  келеді.  «Шаншардың» 

қулары  Тонтай

2

,  Текебайлардың



3

  қулығы  да  көбінесе  сондай-

мен келген. Бірақ олардағы күлкі сөзінде емес, көбінесе күлкілі 

ерекше халдерінде болады. Күлкі іспен аралас келсе, бір жағы 

шынға тіреліп, қысылшаң кезде ауыр мен жеңілдің жапсарын-

да  келсе,  көбінесе  оқыс  қиындыққа  ұшырап  қалатын  жерден 

туса, сонда дәмді болмақ. Сол кезде тәтті, дәмді күлкі болаты-

нын бұрынғы ел күлдіргілері әбден білген. Қазақ – өзі күлдіргі 

күлкісі  мол,  мысқыл  мазақшыл  ел.  Оған  күлкі,  әңгіме  жат 


13

емес. Күлкі журнал орынды күлкілермен шықса, ел ортасынан 

оқушыны көп табатынына дау жоқ. Журналдың күлкі әңгімесін 

ел де сынай біледі. Сондықтан жазып отырып, ойланып отырып 

күлдірмек болсаң, бір жағынан, елді де күлдіре алатын, бұл елді 

күлдіру үшін, өзінен өзі сөзсіз-ақ күлкі боларлық жайларды алу 

керек. Әлеумет тіршілігінде ондай хал өте көп. Сондай жайдың 

кейбірін «Шаншардың» тауып күлгені де бар. «Шаншардың» өзі 

айтқан «шапыраш» айнасына құр ғана бұралқы сөздің күлкісін 

түсірмей, өмірді түсіру керек. Күлкі журналы – аз сөзден көп 

мағына шығаратын, аз суреттен көп әңгіме туғызатын журнал. 

Бұл өмірдің түзу, қисығын сөз қыламын деген соң, сол қалың 

көптің өміріндегі ерекше үлгі боларлық мінез (типичное в жиз-

ни) сияқтыларды алу керек. Әлеумет тіршілігінің қай саласын 

алсаң  да,  өзінің  барлық  әдет,  барлық  құрылып  қалыптанған 

салт-санасымен  ерекше  бір  күлкі  күйде  тұрған  халдер  көп. 

Күлкі қылып ажуалағанда сондай жайды алу керек.

Күлкі  журналдар  жайынан  айтқан  осы  сияқты  жалпы 

мөлшер сөзбен «Шаншарға» келсек, «Шаншар» осы қойылған 

шарттардың бірталайын өзінің негізі сияқты қылып белгілеген 

көрінеді.

«Шаншар» кім?» деген мақалада негізі мен бағыты не бола-

тынын қалжыңдап отырып толық айтқан. Қазақтың өз тілінде 

шығып жатқан баспасөздің әр түрін көріп, аз да болса талғауды 

үйренген қазақ оқушысы: «Қазақ тілінде шығатын күлкі журна-

лы қандай болар екен?» деп асығып күткендей еді. Сол күткен 

оқушыға  журнал  көңілдегідей  үлгілі  болып  көрінді.  Қазақ 

пішінді күлкісі бар, қазақша мысқылы, сайқымазағы бар, көп 

күлкісін қазақтың бүгінгі әлеумет тіршілігінің мініне арнаған, 

есті, орынды күлкі.

Осы  ретпен  жазылған  сөздер:  «Шаншардың  өлеңі», 

жатыпатардың  «Не  жазамыны?»,  бақалшының  «Әнке  тасы» 

сияқтылар.  Журналдың  басындағы  «Шаншар  кім?»  деп  негіз 

бен  бағыт  белгілеген  сөзде:  «Заманға  мойынсына  алмай, 

жаңаға  көне  алмай,  ескіні  қолдан  бере  алмай»  жүргендерді 

мүйізіне  ілмек.  «Елді  араламақ,  жақсы  мен  жаманды,  ақ  пен 

қараны сараламақ, тура жолдан аяғы шалыс басқанды біздеп

*

 



жараламақ» дейді.

*

 Біздеп – піскілеп, түрткілеп.



14

Негізі: «Шындық, түзулік, әділдік қылышын қолына тұтып, 

кеңес жолына түсіп, шын кедейлер жаршысы» болмақ.

Бұл  сөздер  «Шаншардың»  күлкілі  жүзі  арқылы  көрініп 

тұрған  шын  түзу  пішінін  көрсетеді.  Жалпы  журналдардың 

негізіндей өзіне айқын көрініп тұрған мықты негізі барлығын 

білдіреді.

Жоғарғы  санап  өткен  мақалаларда  осы  бағытын  ақтап, 

анықтап,  мағыналы  маңызды  күлкімен  әртүрлі  кемшілікті 

ажуа лайды.

Бүгінгі  қалың  бұқараның,  шала  хат  танитын  оқушының 

тілі боламын деген газеттердің кей кезде жазушының өзі ада-

сатын  сөз  шытырманының  ішіне  кіріп  келіп,  сөзіне  оралып 

қалатын  жерлерін  мысқыл  қылғаны  –  орынды  сөз.  Арабша-

ны оқытқан ескі молданың «мән бір мән» деп қазақшалағаны 

сияқты тіл біздің көзі ашық әдебиетте орынсыз екенін күлсек 

те айтқанымыз орынсыз болмайды. Осы сияқты анкетаның* да 

сұрағы мен жауаптарының көбі орынды, мезгілді сөздер. Бірақ 

арасына: «Ағза не нәрсе? Адамның бір мүшесі». «Көшпелі не 

нәрсе? Қазақ». «Магнит не нәрсе? Сұлу әйел болса керек» де-

ген сияқты сұраулары мен жауаптары маңыз, мағына жағынан 

өзге сұраулардан төмен сияқты көрінеді.

Күлкі журналдың халін, елді есіне алып, өзінің мол әңгіме 

мен  мол  мін  табатын  жері  сол  қалың  елдің  іші  екенін  әбден 

түсінгендігін жатыпатардың сұраулары жақсы көрсетеді.

Жатыпатар  бар  сұрауларында  ел  ішіндегі  кемшіліктерді 

атайды.  Кеңес  өкіметінің  заманында  ел  ішінде  жаңа  құралып 

келе жатқан жаңа әлеумет адамдарының кемшіліктерін сынау-

мен  бірге,  ескі  қалып,  ескі  салттың  сарқыны  сияқты  «алты 

қатыннан үйір салып» жатқан байлар мен «500 танап» жері бар 

қосшы мүшесін де шымшып етеді.

Жатыпатардың сөздері сол атаған сұрауларының қайсысын 

жазса  да,  босқа  желге  кететін  емес.  Нысанаға  толық  болып 

ілінетін  үлкен  шоғыр,  қалың  топты  тауып  қадалатын  сөздер 

сияқты.

«Шаншар» ел ішін көбірек сүзу керек. Күлкінің нысанасы 



боларлық мінді денесі мол болып, сөлекет болып біткен көнтерлі 

топтардың  көбі  ел  ішінде.  Бұндай  жандар  туралы  елдің  өз 

*

 Анкета – сауалнама.



15

ішінде ескілі-жаңалы әңгімелер өте кеп. Сондай өрескел адам-

дарды өмір бойы «Шаншар» сияқты күлкі журналдың міндетін 

атқарып мазақ, мысқыл қылып өтетін кулар да көп. Журналға 

сондай ел ішінің айтқан күлкілерді суретімен басса, орынсыз 

сөз болмас дейміз.

Журналдың  маңызы  мен  пішінін  білдіретін  бір  бөлімі  – 

суреттері. Бұл жағына келгенде, суреттің бәрі бірдей күлдіргі, 

бәрі  бірдей  шын  шаншулы  жерден  тиген  орынды  деп  айтуға 

келмейді.  Тәуір  суреттер:  «Өзіме  пайдалы  жерде,  пайдасыз 

жерде» дегені мен «Салықтан құтылу амалы» дегендері. Бұлар 

көп жерде кездесетін көп қауымның міні сияқты. Одан басқа 

суреттердің  көбі  ұсақ  жайларға  арналған,  жаппай  күлдіргі 

боларлық  та  суреттер  емес.  Бұлардың  ішінде  бізше  әсіресе 

орынсызы:  «Бәрі  де  ұлт  қамы»,  «Жоғалсын,  уақытты  босқа 

өткізу» деген сияқты суреттер. Бұлар журналдың нағыз қазақ 

пішінді  болуына  кемшілік  келтіріп,  кімге  арналғаны  белгісіз 

болып қалатын суреттер сияқты.

Ондай мін жалғыз қазақта емес, жалпының міні: қай ел бол-

са да кез келе беретін кемшіліктер. Қайта сол жалпының ішінде 

«бетіне опа жағамын» деп уақытты босқа өткізетін қыз қазақта 

тіпті аз шығар.

«Шаншар» жайынан жалпы айтатын сөзіміз: тұңғыш күлкі 

журналы аз міндері болса да қолға алмақшы болып белгілеген 

кемшіліктеріне  қарағанда  негізді,  маңызды,  күлкілі  боларлық 

түрі бар.

Қазақ баспасөзіне жаңа қосылған түр, жаңа өрнектің бұдан 

да артып, көп жасауына тілеулеспіз.



М.

16


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет