Мұхтар Омарханұлы Әуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Мұхтар Әуезовтің балалар әдебиетінде де өзіндік орны бар. Осы орайда алдымен суреткердің балалар әдебиеті ерекшелігі хақында пікір айтқанын атап айту керек. Мәселен, «Ертегілер» еңбегінде халықтық шығармалардың қайсысы балалар әдебиетіне жақын екендігін айқындап береді. «Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, «Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп суреттеу әсерлі болады», - деп көрсетеді.