Ол 1942 жылдын 2 шiлдесiнде Онтүстiк Қазақстан облысының Қасқасу ауылында дүниеге келген.
Ол - Қазақстан Республикасының халық жазушысы.
М.Шахановтың алғашқы өлеңі 1959 жылы «Сырдария» деген атпен жарияланып, 1966 жылы «Бақыт» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.
Шығармашылығы
Ақынның «Балладалар», «Ай туып келеді», «Ғашықтық», «Қырандар төбеге қонбайды», «Махаббатты қорғау», «Ғасырларды безбендеу», «Уақыт бедерлері», «Зерде» атты өлеңдер, балладалар, поэмалар жинақтары жарық көрді.
«Танакөз», «Сейхундария», «Күретамырды іздеу», «Сенім патшалығы», «Махаббатты қорғау », «Нарынқұм зауалы» мен «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателiгi» атты поэмалары окырмандардың сүйіспеншілігіне бөленді.
«Өркениеттің адасуы» атты жинағы Мұхтар Шахановты əлемдік әдебиеттегі белестерге көтердi.
Шығармалары бірнеше тілге аударылып, шетелдерде жарық көрді.
МАРАТ ҚАБАНБАЙ(1948-2000)
Марат Қабанбай 1948 жылы 22 наурыз да Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында туған.
Қазақ балалар жазушысы, публицист.
«Бақбақ басы толған күн », «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана», «Жиһанкез Тити», «Пысық болдым, мінеки», «Қала мен қыз бала». «Қазақ қайда барасың?», «Сурет салғым келмейді» атты повестер мен әңгімелер жинақтары және «Көркем дәм», «Айшылық алыс жол» романдары жарық көрген.
Шығармашылығы
Шығармалары, негізінен, балалар мен жасөспiрiмдерге арналған.
Жазушының негiзгi тақырыбы - заман келбеті,жастардың өмір тіршілігі.
Жазушының «Пысық болдым, мiнеки» повесiнде ұлттық мiнездiң ашылып көрсетілгені үшiн Г.Х.Андерсен атындағы өте беделді сыйлықты иемденген.
Жекелеген туындылары украин, молдаван, латын, неміс тілдеріне аударылған.
«Бауыр» әңгімесі
Кейіпкерлері: Манап, Қали, Директор
Оқиғаның басталуы: Манаптың Директор кабинетіне баруы;
Дамуы: Эльжбета Сергеевна оны інісіне ертіп апаруы;
Шиеленісуі: Інісімен дұрыс тіл табыса алмауы;
Шарықтау шегі: Інісінің ашылып сөйлесуі;
Шешімі: Інісінің спортзалға асыға кетуі мен ағасының кері қайтуы;