қараша | ноябрь | november № 11 (23)
15
ЖАҢАЛЫҚТАР
2015 жылдың 17 қарашасында
Мемлекет басшысы «Қазақстан Ре-
спубликасының бірқатар заң актілері-
не оңалту және банкроттық мәселе-
леріне қатысты өзгерістер мен то-
лықтырулар енгізу туралы» Заңға қол
қойды.
Үкімет мәжілісінде Қаржы мини-
стрі Бақыт Сұлтанов, процедуралар-
дың азайтылуы және жеңілдетілуі
қарастырылған заң, кәсіпкерлерге өз
бизнестерін сақтап қалуға жаңа мүм-
кіндіктер беретінін атап өтті. Бұған
Мемлекет басшысы да 18-қарашада
өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісін-
де нұсқау бере отырып, басымдық
берген еді.
Заңның жаңа нормалары, бан-
кроттықтың кез келген сатысындағы
кәсіпорынға, біріншіден – оңалтуға
көшуге, екіншіден – кәсіпорынды сату
арқылы меншік иесін алмастыруға
және бұрынғы брендімен жұмыс-
ты жалғастыруға, үшіншіден – бейбіт
келісімге қол жеткізу арқылы бұрынғы
қызметіне қайта оралуға мүмкіндік бе-
реді.
Сонымен қатар, банкротттыққа
дейін төлем қабілетсіздігін реттеуге
абсолютті жаңа мүмкіндік берілген.
Яғни, борышкер сотқа шыға отырып,
кредиторлармен өз қарызын өтеу
мерзіміне қатысты келісім жасасу
мүмкіндігіне ие болады. Бұл механиз-
мнің ерекшелігі, борышкерге осындай
келісімнің қолданылу кезеңінде бар-
лық берешек түрлері бойынша өсім-
пұлдарды, айыппұлдарды есептеуді
тоқтату сияқты мемлекет тарапынан
қолдау көрсетіледі.
Жаңа нормаларды қолданысқа ен-
гізу барысында, Қаржы министрлігінің
үш бұйрығы негізге алынады, олар
бизнесті сақтау мақсатында банкрот-
ты басқарушылар мен борышкер-
лердің жұмыс тиімділігі үшін қажет.
Кәсіпорындардың қарызына қа-
тысты қалыптасып отырған бүгін-
гі жағдай алаңдаушылық тудыруда.
Мәселен, соңғы үш жылдағы заңды
тұлғалардың міндеттеріне қатысты
жасалған сараптама, төлеумеушіліктің
анағұрлым өсімін көрсетіп отыр. Егер
осыдан үш жыл бұрын міндеттеме-
лердің жалпы сомасы 45 трлн теңгені
құраса, ал өткен жылдың соңында бұл
сан 62 трлн теңгеге дейін өскен. Өсім
темпі 40 %-ға жеткен.
Министр атап өткендей, 2015
жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бой-
ынша, төлемеушіліктің негізгі бөлігі,
қаржылық және сақтандыру қызметі
саласында – 31,4 % (19,6 трлн. тең-
ге), көтерме және бөлшек саудада –
15,2 % (9,5 трлн.теңге), көлік және
қойма қызметі бойынша – 9,7 %
(6 трлн. теңге) құрап отыр.
Соңғы үш жылда төлемеушілік
өсімі темпі бойынша «Көлік және қой-
ма» саласы көшбастап отыр – креди-
торлық берешек сомасы 55 % (3,9 тр-
лн-нан 6,1 трлн теңгеге дейін), «Өңдеу
өнеркәсібі» – 49 % (3,4-тен 5 трлн тең-
геге дейін) өскен.
Аймақтарда қалыптасып отырған
кредиторлық берешек бойынша
жағдайды тілге тиек Қаржы министр-
лігінің жетекшісі, төлемеушіліктің ең
үлкен үлес салмағы – 62 трлн теңге:
Алматы – 45,5% (28,4 трлн теңге) мен
Астана – 26,2 % (16,4 трлн теңге) қа-
лалары еншісінде екенін атап өтті. Ал
облыстық аймақтар бойынша Маңғыс-
тау мен Ақтөбе облыстарына – 3,1 %
(1.9 трлн теңгеден) келіп отыр.
Атап өтерлігі, Алматы мен Астана
қалаларындағы кредиторлық бере-
шектіің негізгі сомасын құрап отыр-
ғандар, бұл қаржы және сақтандыру
қызметтері (14.4трлн. теңге немесе
50,6 %) және 5 трлн. теңге немесе
30,8 %, ал Маңғыстау мен Ақтөбе об-
лыстарында – бұл тау-кен өнеркәсібі
және карьерлерді әзірлеу (1,2 трлн
теңге -61,7 %) және (1 трлн теңге –
52,8 %).
Осыған орай, облыс әкімдері мен
тиісті салаларды бағыттаушы бар-
лық мемлекеттік органдарға, креди-
торлық берешек өсіміне егжей-тег-
жейлі талдау жүргізу керек болады.
Бұл ақпаратты мемлекеттік бағдар-
ламалар: «Аймақтарды дамытудың
бірыңғай бағдарламасы», «Бизнестің
жол картасы – 2020», «Халықты қамту
жол картасы – 2020», «Нұрлы жол»
арқылы кәсіпкерлерді қолдау шара-
ларын жүзеге асыру бойынша шешім-
дерді қабылдау кезінде пайдалануға
болады.
Қазыналық органдар тарапынан
төлеуге қабілетсіз кәсіпорындарға
жаңа Заң нормаларын, ағымдық қыз-
меттерін жалғастыру үшін олардың
мүмкіндіктерін жүзеге асыру бойынша
түсіндіру шаралары қабылданатын бо-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: