мәслихаттар болып табылады. Мәслихаттар құрылмайтын өзге жергілікті
қауымдастықтарда жергілікті өзін-өзі басқару органдары құрылады. Мұндай
жергілікті қауымдастықтар ауылдар, селолар, қаладағы аудандар болуы
мүмкін [14].
Сондай-ақ кейінгі конституциялық өзгерістерде жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының мемлекеттік
функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі
де қарастырылды, яғни жергілікті өзін-өзі басқару органдары заңмен
шектелмеген жағдайларда мемлекеттік
функцияларды да жүзеге асыруы
мүмкін.
Зерттеушілердің пікірінше, біздің еліміздің басшылығының саяси еркін
орталықсыздандыру қағидасының сәтті жүруін жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесінің құрылуының басты факторы ретінде сануға болады. Жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесін реформалау мен жергілікті өзін-өзі басқарудың
құрылуы — бұл маңызы жағынан ұлттық қауіпсіздік немесе азаматтардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарына әсер ететін экономикалық
өсуден төмен емес мемлекеттің құрылуының басты элементі. Сол себепті бұл
мәселедегі саяси ерік мемлекеттік саясаттың өзге де маңызды сұрақтарын
шешудегі еріктермен қатар келуі тиіс.
Жергілікті өзін-өзі басқару институтының енгізілуі мемлекеттік
органдармен ертерек шешіліп қойған жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін
шешуге азаматтардың да қатыстырылуын анағұрлым күшейтуге мүмкіндік
береді, сонысымен де тұрғындардың белсенділігін көтереді. Басқарудың
тиімділігі пропорционалды түрде тікелей биліктің халыққа қаншалықты
жақындығынан тәуелді.
Біздің еліміздегі қазіргі таңдағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму
процесі бастапқы сатыда тұр. Жергілікті өзін-өзі басқару — биліктің халыққа
ең жақын бұтағы. Оның қалыптасуына қатыса отырып, адамдар мен
азаматтар демократияға, заңды тыңдауға, туындаған мәселелерін заң шегінде
өз бетінше тиімді шешудің формаларын іздеуге үйренеді. Көптеген
зерттеушілер еліміздегі осы мәселені шешудегі міндетті қадамның бірі
жергілікті өзін-өзі басқару туралы нормативті акт қабылдау екенін алға
тартады. Шын мәнінде де, жергілікті өзін-өзі басқаруды нақты, толыққанды
реттейтін және оны еліміздегі жергілікті жердегі басқару жүйесінің бір
тармағы ретінде танытатын заңды негіздің болмауы жергілікті өзін-өзі
басқарудың даму процесінің жүруін баяулатады.
Қоғамды
демократияландырудың,
сәйкесінше
конституциялық
реформаның маңызды шарттарының бірі мен нақты мақсаты болып, сөзсіз,
азаматтық қоғамның қалыптасуы табылады. Бұл мағынада, Конституцияға
енгізілген өзгерістер озық сапасымен анағұрлым ерекшеленеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару институты оның өкілдеріне мемлекетті
басқаруға және азаматтық қоғамға деген белгілі қадам болып табылатын,
үкіметтік емес өзге де қоғамдық ұйымдармен әріптестіктің кеңеюіне кең
мүмкіндік береді.
Қазақстан көптеген халықаралық саяси институттар мен процестердің
мүшесі болып табылады.
12.
Корпоративтік этика. Компанияның Байқау кеңесінің 2016 жылғы 10
қазанындағы
(№32
хаттама)
шешімімен
«СҚ-Фармация»
ЖШС
Корпоративтік этика кодексі бекітілді
Достарыңызбен бөлісу: