Microsoft Word 1 География doc


В.А. Скольский, Е.А. Скольская, В.Н. Уваров, А. Қамбарбеков



Pdf көрінісі
бет12/146
Дата08.11.2022
өлшемі16,6 Mb.
#48309
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   146
Байланысты:
журнал казну вестник

В.А. Скольский, Е.А. Скольская, В.Н. Уваров, А. Қамбарбеков 
Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы мұнай-газ кен орындарын игеру 
барысындағы экологиялық тəуекелді бағалау 
Бұл мақалада Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіздегі бұрғылау жұмыстарында 
қолданылатын экологиялық тəуекел жөніндегі түсінікті анықтау, сонымен қатар теңіздегі ұңғымаларды 
бұрғылауға қатысты туындауы ықтимал апаттардың экологиялық тəуекелін бағалауды жүргізу жөнінде
қарастырылады. 
V.А. Skolsky, Y.А. Skolskaya, V.N. Uvarov, А. Kambarbekov 
Ecological risk assessment of oil-gas fields development in Kazakhstani sector of the
Caspian sea
This article provides for determination of ecological risk associated with offshore drilling operations elated to 
drilling of offshore wells in Kazakhstani sector of the Caspian Sea. 
 
Статья рекомендована к печати 
д.г.н., проф. Е.Н. Вилесовым 
(кафедра физической географии и геоэкологии) 


ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы. 2010, №2 (31) 
 
11 
ƏОЖ 991.3 (574.5) 
 
М. Кожахмет, С.М. Досмахов 
 
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҚТЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІНДЕ 
 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанда қ. 
Мақалада Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы еңбек бөлінісінде алатын орны 
макро экономикалық жəне шетелдермен жасайтын қарым-қатынасын анықтайтын 
көрсеткіштермен негізделген. 
 
География ғылымында «Орталық Азия» деген аймаққа əртүрлі мазмұндағы көзқарастар 
қалыптасты. Ең алғаш «Орталық Азия» деген терминді неміс географы А. Гумбольт ұсынды. 
Оның айтуы бойынша Орталық Азия Оңтүстік Алтайдан Гималай тауының солтүстік 
беткейіне дейін созылып жатыр. Физикалық-географиялық жəне геоморфологиялық сипатта 
Орталық 
Азияны 
зерттеушілер: 
Ф. Рихтгофен, 
И.В. Мушкетов, 
В.А. Обручев, 
Ш.Ш. Уалиханов, 
П.П. Семенов-Тянь-Шанский, 
Н.А. Северцев, 
Н.М. Пржевальский, 
Г.Н. Потанин, М.Н. Певцов, Э.М. Мурзаев оның аумағы мен шекарасын əртүрлі тұрпатта 
анықтады: Ф. Рифтгофеннің көзқарасы бойынша Орталық Азия су бассеиндері жоқ, Тибет 
тауларының оңтүстігінен Алтайдың солтүстігіне дейін, яғни, Памир су айрығынан, шығыста 
Хинган жоталарына дейін алып жатыр. И.В. Мушкетов Орталық Азияға Ф. Рифтгофен 
белгілеген аймақтардан басқа Түркістан, Иран, Кіші Азияның бір бөлігін қосады. 
В.А. Обручев, Э.М. Мурзаев Орталық Азияға Азияның перифериялық өзен ағысы жоқ ішкі 
аймақтарының бəрін жатқызады. Қорытындылай келе, Орталық Азия саяси экономикалық-
географиялық аумағының шекарасы мен физикалық-географиялық шекарасының сəйкес 
келмейтінін айта кетуіміз керек. Кəзіргі уақытта физикалық-географиялық Орталық Азия –
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тəжікстан, Ауғанстан, Монголия жəне 
Қытай аумағында жатыр жəне бұл елдердің саяси шекарасымен сəйкес келмейді /1/. 
Экономикалық географиялық жəне саяси географиялық тұрғыда Орталық Азия 
аймағының құрамына ТМД елдері: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, 
Түркіменстан елдері кіреді. Оларды біріктіретін басты факторлар: географиялық орнының
табиғат жағдайының, тарихының ортақтығы, тілінің, дінінің, ділінің өзара байланыстырушы 
ұқсастығы, шекараластығы, кемелденген инфрақұрылымы. Сонымен бірге, олардың бір 
экономикалық-географиялық аймаққа бірігуіне Кеңес Одағы кезіндегі қалыптасқан 
экономикалық мамандануы, өзара қарым-қатынас, инфра-құрылымдық байланыс, жалпы 
аймаққа тəн проблемаларды бірігіп шешу (су мен гидроэнергия ресурстары, ирригация, 
пайдалы қазбалар) əсер етеді /2/. 
Дегенмен, экономикалық-географиялық пен саяси-географиялық тұрғыда аймақтың 
құрамы мен шекарасы туралы осы уақытқа дейін бір көзқарас қалыптасқан жоқ. Кейбір 
авторлар (Р. Алшанов), ЮНЕСКО Орталық Азияға Ауғанстанды (жер көлемі 647,5 мың 
ш.ш., халқы 32,9 млн. адам) /3/, Қытайдың Шынжан-Ұйғыр автономиялық ауданын (ШҰАР) 
жатқызады (жер көлемі 1,6 млн. ш.ш., халқы – 17,7 млн.) /4/. Біздің пайымдауымызша, 
мұның себебі: ШҰАР-дың сауда айналымында Орталық Азия елдерінің үлесі 70%-ға дейін 
жетеді, екіншіден, шекаралыстығы (Қазақстанмен – 1718 шақырым, Қырғызстанмен – 
1000 ш., Тəжікстанмен – 450 ш., Ауғанстанмен – 92 ш.). Ауғанстанды Орталық Азия саяси-
экономикалық-географиялық аймағына қосу болашақтың мəселесі. Біріншіден, бұл елдің 
географиялық орналасуы Орталық Азия елдерімен интеграциялық үрдіске бейім болса да, 
əзірше бұл жағдай қалыптасқан жоқ (сауда айналымы, инфрақұрылымдық байланыс жəне 
т.б.). Екіншіден, саяси-географиялық жағдайы тұрақтаған жоқ. Саяси жағдайы тұрақталса, 
экономикасы қалпына келтірілсе Орталық Азия жəне Ауғанстан аумағы арқылы Батыс жəне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет