Microsoft Word 1Лессон стади


САБАҚТЫ ТАЛҚЫЛАУ /РЕВИЗИЯ



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата10.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#49101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
41Лессон стади

 
5.САБАҚТЫ ТАЛҚЫЛАУ /РЕВИЗИЯ 
Сабақты талқылау сабақты өткізіп болған соң жүзеге 
асырылады. Сабақ топтың əрбір мүшесінің жадында əлі жақсы 
сақталып, ұмытылмай тұрған кезде сабақты талқылау жəне 
талдауға арналған кездесуді өткізу қажет.
Командалар талқылау үшін бірнеше негізгі ережелерді 
қабылдау мүмкін, мысалы: 
• зейінді оқушыға аудару (мұғалімге емес); 
• оқушылар нені, қалай жəне неліктен еш нəрсе білген жоқ 
жəне сабақтан өздеріне еш нəрсе алған жоқ екендігіне талдау 
жасауға назар аудару; 
• сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу; 
• өзінің 
эмоциялары 
жəне 
жорамалдарына 
емес, 
бақылаудың нақты нəтижелеріне (оқушылардың оқуының 
фактілеріне) ғана сүйену; 
• сабақта орын алған «сəтсіздіктерді» ақтаудан аулақ болу. 
Сабақты талдау басты үш сұраққа негізделеді: 
1. Оқушылар қалайша сабақ мақсатына жетті? 
2. Сабақты қалайша жақсартуға болар еді? 
3. Бұл тəжірибеден біз не білдік? 
Қорытынды жасау барысында қатысушылар өздерінің 
бақылауларын, интерпретацияларын жəне сабаққа арналған 
коментарийлерді ұсынады. Бұндағы мақсат оқушылардың оқуы, 
олардың ойлауы жəне қарым – қатынасы тұрғысынан сабақты 
егжей-тегжейлі талдау жəне бағалау болып табылады. 
Қорытынды жасап болған соң топ алдағы ұйымдастыру жəне 
нəтижелерді талдау мақсатында қосымша кездесулер өткізеді. 
Есте сақтау керек ең маңызды нəрсе: талдау үрдісін 
оқытудан емес, бақылаудағы жəне басқа оқушылардың оқуын, 
білім алғандығын қадағалаудан бастау керек (1 - сурет). Бұл 
реттілік оқушылардың білім алуына баса назар аударып
мұғалімдердің оқытуын талқылауға ойысып кетуге жол бермеуге 
көмектеседі, себебі талқылаудың соңғы түрі мұғалімдерге 
субъективті жəне кəсіптік дамуға ықпал ете алмайтындай болып 
көрінуі мүмкін.


~ 9 ~ 
Талдау нəтижесінде топтар сабақ жоспарында нені өзгерту 
керек жəне келесі сабақты кім өткізетіні туралы шешім 
қабылдайды.
1 – сурет. 
Lesson Study– ден кейінгі талқылау сабағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет