Microsoft Word Филология 1 ч doc



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата05.03.2022
өлшемі492,07 Kb.
#27081
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Филология 2011-3-74-91

1.  Ыңыршақты мінгенмен, ер болмайды, 

Жағаң үлкен болғанмен жең болмайды. 

Бəрі — адам, бəрі — мал дегенменен, 

Жақсы мен жаман нарқы тең болмайды. 

 

2.  Еліне білінгені — 

Жігіттің дабысы. 

Бəйгеге ілінгені — 

Жүйріктің шабысы. 

 

3.  Гауһар — көзде болады, 

Сөз асылы сөзде болады. 

Жаман жігіт езбе болады. 

 

4.  Жаман атта жүріс болмайды, 

Жақсы жігітте сыбыс болмайды. 

 

5.  Əйелің жақсы болса — 

Далада отырып дабырла. 

Əйелің жаман болса, 

Үйіңде отырып сыбырла. 

 

6.  Қар үстінде қаз жүрмейді, 

Қас дұшпанға наз жүрмейді. 

 

7.  Болатын бала 

Отбасында талпынады, 

Болмайтын бала 

Кесесінен артылады. 

 

8.  Ер қадірын ел баққан 

Ерлер білер деген сөз. 

Зер қадірын зер соққан 

Зергер білер деген сөз. 

Өмірде құны ескірмес, 

Бағасы құнды асыл сөз. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Ұрпақтан ұрпаққа өнегесі жайылған... 

Серия «Филология». № 3(63)/2011 

89 

Ақынның  «Нақылдары»  көтерген  мəселесі  жөнінен  тікелей  гуманистік,  тəрбиелік  сипаты  бар 



шығармалар қатарына жатады. 

Елдің  ертеңгі  тағдыры  туралы  көп  ойланып,  тынымсыз  толғанған  ақын  өзінің  тамаша 

философиялық  «Əділеттік  орнаса»  атты  толғауында [1; 33] ел  берекесі  бірлікте  екенін  ескертеді. 

Сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызды ерекше екенін баса айтады: 

 

Жау басынар халықты, 

Басқарушы оңбаса. 

Малша айдап адамды, 

Орынсыз күштеп зорласа. 

Ауға түскен балықтай, 

Шыға алмассың бұлқынып, 

Əділетшің болмаса. 

Күннің көзін жасырар, 

Аспанды бұлт торласа, 

Елдің бағы ашылар, 

Əділеттік орнаса. 

Сүйінбай  ерлікті,  жауға  мейірімсіздікті  жырлайды.  Батырлардың  абзал  қасиеттерін  арамза 

қожалар, байлар мен төрелерге қарама-қарсы қояды. Жастарды батырлар үлгісінде тəрбиелейді: 

Самғай жүйрік жүгірер, 

Аяқтан біреу шалмаса, 

Жау десе батыр киінер, 

Тоқталмас кегін алмаса. 

Ел елдігі бола ма, 

Ермен жауға бармаса. 

Елшілігі бұзылмас, 

Өз жерін жаудан қорғаса. 

Адамдар  азғындап,  аярлық  асқан  заманда  күн  кешіп  жатқан  қазақ  халқының  келешегі 

Сүйінбайды қатты толғандырады. Оның жүрегі елім деп дүрсіл қағып, тыным таппайды: 

Ағаш қалар қурап, 

Жапырақ тамыры болмаса. 

Теңіз де қалар суалып, 

Құятын өзен болмаса. 

Өзен де ағар күшейіп, 

Бастау мен бұлақ самғаса. 

Сүйінбай кетер ағындап, 

Халқым бір мені қолдаса. 

Халықты тілмен қорғадым, 

Сөз шындыққа келгенде, 

Бас кессе де болмадым. 

Құтылып жарлы кеткенше, 

Зорларды сөзбен торладым. 

Сүйінбай  Аронұлы — ақындық  өнердің  мəні  мен  мақсатын  терең  түсінген  өнерпаз.  Поэзия 

қадірін  жоғары  қоя  білген  данышпан  ақын,  өмірінің  соңында  адам  ғұмыры  түгелдей  ел  игілігіне 

жаратылуы  керек  деген  азаматтық  тұжырымға  келеді («Жорға  едім  сартылдаған,  самғайтұғын...» 

деген философиялық шығармасы [1; 47]): 

 

Жорға едім сартылдаған, самғайтұғын, 



Бəйге аты шу дегенде шалмайтұғын. 

Жасымнан көп шабылған жүйрік едім, 

Сұңқардай көкке өрлесе талмайтұғын. 

Сүйінбай сөйлер сөзге тарылмаған, 

Жалтылдап жанған оттай жалындаған. 

Саңқылдап қалың қазақ арасында, 

Еліріп өлең айтса арындаған. 

Ре

по



зи

то

ри



й К

ар

ГУ




Р.С.Каренов 

90 


Вестник Карагандинского университета 

Сонымен, Сүйінбайдың философиялық өлеңдері мен нақылдары əрқашан гуманистік ой-санамен 

ұштасып  жатады.  Ол  адам  тағдыры  мен  заман  жайлы  терең  толғанады.  Адамның  ішкі  нəзік 

психологиясын  ақтара  қарап,  оның  əлеуметтік  ортадағы  салмағын  анықтайды.  Өзінің  көз  жеткізген 

ой  қорытындыларын  жасайды.  Адам  бойынан  жақсы  қасиеттердің  табылатындығына  шек 

келтірмейді.  Жас  шақтағы  қайтуды  білмейтін  табандылықтың,  алғыр  сипаттың  адам  өмірінен  алар 

орнын жоғары қояды. Жақсы нышандар кімде  де болмасын бар, тек соның көзін таза сақтай білуге 

құштарлық қажет, өзін-өзі тани, бағалай білуге үйрену керек дейді. 

 

Құсмұрын тастың үстінде 

Ақсұңқар құс шаңқылдар. 

Оны естіп астында, 

Қарға, құзғын барқылдар. 

Саудагер болған ер жігіт, 

Шаһар мен шаһар қатынар. 

«Əтшу» десе қара нар, 

Жүк астында тартынар, 

Ақымақ жігіт белгісі, 

Аз күнгі баққа алқынар. 

Анық туған нəсілдің 

Үлгілік жұртқа салты бар. 

Жақсы менен жаманның 

Шекарасын байқасаң, 

Аспан мен жердей парқы бар. 

Жақсылар, құлақ салсаңыз, 

Əңгімеміз айтылар. 

Дүние — ескі сарай-ды, 

Жолаушы жүрген азамат 

Көркіне оның қарайды. 

Сонда-дағы тауарих 

Көшіп өткен керуендей, 

Аттандырған талайды, — 

секілді  сом  пішінді  қазақи  философиялық  ойлар («Құсмұрын  тастың  үстінде...»  атты  толғауы 

[1; 34,35]) жоғарыда айтылған пікірімізге кепіл. 

 

 



Əдебиеттер тізімі 

1  Аронұлы С. Ақиық. Толғаулар, сын-сықақтар, айтыстар. — Алматы: Жазушы, 1976. — 140-б. 

2  Бес ғасыр жырлайды: XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары: Үш 

томдық. — 2-т. / Құраст. М.Байділдаев, М.Мағауин. — 1984. — 336-б. 

3  Екімыңжылдық дала жыры / Бас ред. Ə.Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., 2000. — 752-б. 

4  Жолдасбеков М. Жүз жыл жырлаған жүрек: Зерттеу. — Алматы: Жазушы, 1992. — 69-б. 

5  Үмбетбаев М. Жырдың пірі — Сүйінбай // Қазақ əдебиеті. — 2005. — 22 сəуір. — 5-б. 

6  Қазақстан Ұлттық энциклопедия: — 8-т. / Бас ред. Б.Аяған. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., 2006. — 704-б. 

7  XIX ғасырдағы қазақ ақындары. — Алматы: Ғылым, 1988. — 306-б. 

8  Қазақ Совет энциклопедиясы. — 10-т. / Бас ред. М.Қ.Қаратаев. — Алматы: Қаз. Сов. энцикл. Бас ред., 1977. — 468-б. 

9  Жеті ғасыр жырлайды: Екі томдық. — 1-т. — Алматы: Жазушы, 2004. — 391-б. 

10  Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: Оқулық. — Алматы: Санат, 1997. — 577-б. 

11  Садырбаев С. Алтын діңгек // Егемен Қазақстан. — 2005. — 10 қырк. — 4-б. 

12  Садырбайұлы С. Өлең — сөздің жарық жұлдызы // Жұлдыз. — 2008. — № 12. — 265-б. 

13  Ерғалиев Х. Сөз піріне мен бекер сыйынбаймын // Қазақ əдебиеті. — 1990. — 5 қазан. — 9-б. 

14  Сүйінбай. Өтеген батыр: Аңыз-дастан // Жұлдыз. — 1990. — № 11. — 134–141-б. 

15  Жалайыр Ж. Қасқараудан шыққан Өтеген // Жұлдыз. — 2004. — № 3. — 176-б. 

16  Тарихи  тұлғалар.  Танымдық-көпшілік  басылым / Құраст.:  Б.Тоғысбаев,  А.Сужикова. — Алматы: «Алматыкітап» 

ЖШС, 2006. — 376-б. 

 

Ре



по

зи

то



ри

й К


ар

ГУ



Ұрпақтан ұрпаққа өнегесі жайылған... 

Серия «Филология». № 3(63)/2011 

91 

Р.С.Каренов  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет