Microsoft Word критерии оценки каз 1 курс



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.02.2023
өлшемі86,5 Kb.
#65529
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бағалау өлшемдері (1) (3)

75
балл 
Студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды 
толық баяндай алмады, талқыланатын сұрақтар туралы түсінігі жоқ, 
пайымдауда қателер жібереді, негізгі әдебиетті және қосымша 
әдебиеттерді (басқа оқулық) пайдаланады. Студент маңызы жоқ 
қателер жібереді және оқытушының көмегімен түзетеді.
70 
 балл 
Студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды 
толық баяндай алмады, бұрынғы оқытылған материалдарды 
меңгеруде орташа білім деңгейін көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті 


пайдаланады. Жауабы толық емес, оқытушының белсенді қатысуы 
арқылы түзетуге болатын маңызы жоқ қателер жібереді. Студенттің 
меңгерген материалдары алдағы оқуына жеткілікті, студент негізгі 
әдебиет бойынша білімін көрсетті. Нақты мысалдар келтіргенде 
білімін еркін қолдану оған қиынға соғады.
60
балл 
Студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды терең 
түсінбейді, логикалық 
ойларын негіздей алмайды, бұрынғы 
оқытылған материалдарды меңгеруде білім деңгейінің төмен екендігін 
көрсетті, тек қана негізгі әдебиетті толық емес деңгейде пайдаланады. 
Жауабы толық емес, оқытушының көмегімен кейбір бөлігін ғана 
түзете алатын маңызды қателер жібереді, практикалық машықтарды 
орындаудың техникасын толық білмейді (кейбір кезеңдерді білмейді). 
Практикалық машықтарды қорытындылауды білмейді және 
тұжырымдай алмайды.
50 
 балл 
Студент тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдарды 
талдауда белсенділік танытпады, сондықтан бұрынғы оқыған
пәндердің материалдарын нашар меңгеріп, білім деңгейінің төмен 
екендігін көрсетті, негізгі әдебиетті толық көлемде пайдалана 
алмайды. Жауабы толық емес, қателері көп, оқытушының жаңа 
сұрақтарынан кейін де кейбір қателерді түзете алмайды. Практикалық 
машықтарды орындаудың техникасын толық білмейді. Қорытынды 
жасай алмайды, сонымен бірге зерттеудің нәтижесін де сипаттай 
алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет