Түзу токтың магнит өрісі:
B
μ0 I
2π
r ,
мұндағы
r - ток пен қарастырылып отырған нүктенің ара қашықтығы.
Дөңгелек токтың центріндегі магнит өрісі:
B
μ0 I ,
2
R
мұндағы
R - дөңгелек токтың радиусы.
Магнит индукциясының сызықтары деп әр нүктесінде жүргізілген жанамалары өрістің сол нүктесіндегі
B магнит индукциясы векторымен бағыттас болатындай етіп жүргізілген сызықтарды атайды. Индукция сызықтарын оларға перпендикуляр орналасқан бірлік бет арқылы өтетін
сызықтар саны сол жердегі B векторының модуліне тең (немесе пропорционал) болатындай қоюлықпен жүргізеді.
Магнит индукциясының сызықтары әрқашан тұйықталған болады және тогы бар өткізгішті қамтиды. Үздіксіз сызықтарды иеленетін векторлық өрісті
құйынды өріс деп атайды.
Магнит өрісі - құйынды өріс.
Магнит өрісін сипаттау үшін магнит индукциясымен
қатар басқа физикалық
шаманы қолданады – ол магнит өрісінің
H кернеулігі. Вакуумде ол
магнит индукция векторымен