Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет16/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100
ференциялану  -  бұл  əртүрлі  маманданған  жасушалардың 
түзілуі, яғни даму үдерісінде біртекті меристемалық жасушалар-
дан морфологиялық құрылымы жəне атқаратын қызметі əртүрлі 
маманданған жасушалардың түзілуі. Мысалы, дифференциялану 
нəтижесінде  меристемадан  пайда  болған  маманданған  жасу-
шалар  (мезофилл,  эпидермис  тағы  сондай  сияқты  ұлпаның 
жасушалар) сол меристемаға да жəне де өзара бір-біріне мүлдем 
ұқсамай  кетеді.  Дедифференциялану  үдерісі  арқылы  мамандан-
ған  жасуша  бөліну  күйіне  қайта  оралады  да  меристема  тəрізді 
каллус  жасушаларына  айналады.  Бұл  жасушалар  көбінесе  жұқа 
қабықты болып, паренхималық жасушаларға ұқсайды. Каллус 
бұл ұлпаның ерекше түрі, өсімдік жасушалардың ретсіз бөлінуі 
нəтижесінде  пайда  болған  ұлпа,  баскаша  айтқанда  ол - бүтін 
өсімдіктің  зақымданған  жері  (жарасы)  біте  бастаған  кезде 
түзілетін  білеуленген  бұлтық.  Барлық  физиологиялық  процес-
терді  реттейтін  фитогормондар  болғандықтан,  олар  қоректік 
ортаның маңызды құраушылары деп есептеленеді. Жасушаларға 
бөліну  жəне  дифференциялану  үшін  əсіресе  ауксин  мен 
цитокинин қажет. Тек қана ісік жасушалары мен «қалыптасқан» 
ұлпалар  гормондары  жоқ  ортада  өсе  алады. «Қалыптасқан» 


 
23
каллус  жасушалары  гормондарды  қажет  етпейді,  олар  гормон-
дарға прототрофты келеді, себебі өздерін-өздері қамтамасыз ете 
алады.  
Өндірісте  иммобилденген  жасушаларды  жалпақ  түбіне 
негізделген  биоректорларда  немесе  бағана  (колонна)  тəрізді 
биореакторларда  өсіреді.  Өндірісте  қолданылатын  иммобил-
денген жасушаларды өсіру үшін биореактордың бағана тəріздесі 
қолайлы,  өйткені  мұнда  орын  үнемделеді  жəне  жасушалар 
арқылы  ағып  жатқан  қоректік  ортаны  бақылау  оңайланады. 
Иммобилденген  жасушалар  түрлі  заттардың  биотрансформа-
циясына да қолданылуы мүмкін. Көптеген  жануар  жасушасын  
антидене сияқты ақуыздарды бөліп шығарады. Бірақ бір  жасу-
шаның  бөліп  шығаратын  ақуызының шамасы  өте  аз  болады,  
қайткенде  көп  мөлшерде   ақуыз  шығарып  алуға  болады,  ол 
үшін  зор  көлемде  жануар  жасушасын  өсіруі  керек.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет