Microsoft Word на 5 формат doc


будан  пайда  болады.  Ядролары  қосылмаған  будан  жасуша  гетерокарион



Pdf көрінісі
бет41/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

будан  пайда  болады.  Ядролары  қосылмаған  будан  жасуша 
гетерокарион  деп  атайды.  Гетерокарионды  ата-аналық  біреуі-
нің  немесе  екеуінің  субпротопластарын  будандастыру  үшін 
пайдалануға  болады.  Субпротопласт – протопластың  бөлігі, 
цитоплазмалық  мембранамен  қоршалған  құрамында  кейбір 
органоидтары  бар  протопласт;  ядросы  болса,  ол - нуклеопласт, 
ядросы  жоқ  болса,  ол – цитопласт,  ядро  мен  цитоплазманың 
бөлігі  болса,  ол – мини-протопласт.  Хлоропластар  мен  мито-
хондрияларды бір жасушадан екіншісіне көшіру үшін цитоплас-
тарды  пайдалануға  болады.  Ата-ананың  біреуінің    ядросы  бар 
жəне  цитоплазмалық  гендерді  екеуінен  немесе  біреуінен  болса, 
онда цитоплазмалық будан (цибрид) деп аталады. Ата-аналық 
біреуінен  цитоплазмалық  гендері  иеленген  будандарды  цито-
плазмалық  гетерозиготалық  будан  (цитогет)  деп  атайды. 
Жасушада цитоплазмалық гендер хлоропластар мен митохондрия-
ларда  болғандықтан  жəне  кейбір  ядролық  жəне  цитоплазмалық 
гендері жойылу (сегрегация) арқасында, сомалық будандастыру 
нəтижесінде будандардың 27 түріне дейін алуға болады. 
Сонымен сомалық будандастырудың артықшылығы мынада: 
•  əдетте  жыныстық  жолмен  будандаспайтын  тектер  алыс-
жақын түрлерді будандастыру;  
•  ассиметриялық  буданды  алу,  оларда  аналық  немесе 


 
62
аталықтарының  гендерінің  жиынтығы  толығымен  болса, 
сомалық буданда бірнеше хромосомасы болса жеткілікті;  
•  сомалық  буданда  үш  немесе  оданда  көп,  ата-аналық 
жасушаларды қосуға болады;  
•  ядродан тыс цитоплазмалық гендері бойынша гомозигота-
ларды алу; 
•  жыныстық жолдармен көбейе алмайтын түрлердің сортын 
алу.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет