88
жүрек-қан тамырлары жəне онкологиялық ауруларды емдеу
кезiнде қолданылатын түрлi модификациялары, рекомбинант-
тық эритропоэтин препараттары болған. Өте белсендi əзiрленiп
жатқан гендiк-инженерлiк өнiмдер арасында цитокиндер тобы-
ның препараттары – интерлейкиндер, сондай-ақ антагонисттер
интерлейкиндер рецепторлары бар. Бұл препараттар iсiкті,
асқынып кеткен аутоиммундық ауруларды, сондай-ақ қан
ауруларының ауыр түрлерiн емдеу үшiн тиімдi.
Қазiргi кезде мал шаруашылығында трансгеноздi iс жүзiнде
қолданудың: ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасын жақсарту,
ауруларға тұрақтылық, сүтте жəне басқа да биологиялық сұйық-
тарда рекомбинанттық белоктарды алу, ксенотрансплантация
үшiн шошқалардың генетикалық модификациясы, жануарлар
модельдерiн жасау перспективті мүмкiндiктерi қаралуда. Гендiк
терапия жəне биоөндiрiс үшiн сомалық трансгеноздi қолдану
талқылануда. Трансгендiк жануарларды жасау адамзат тарихы-
ның барлық ұзақтығында қақтығысқан көптеген мəселелердi
шешуге əсерiн тигiзедi. Бұл - ең алдымен азық-түлiк өндіру
жəне дəрi-дəрмек препараттарын жасау жəне оларды жеткiлiктi
көлемде алу мəселесi. Трансгендiк тышқандар, үй қояндары
жəне маймылдар генетикалық аурулар модельдерiн жасау жəне
гендік терапия тəсiлдерiн санауға мүмкiндiк беретiн зертхана-
лық құрал болып табылады. Бұл "жаңғыртылған" жануарлар
зерттеу ресурсы ретiнде канцерогенез табиғатын түсiнудi
жылдамдатуы тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: