Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 137
D)Арқар терісінің сапалылығын дəәлелдеді
E)Арқардан төрт түлік түрін шығарды
5. Арқардың негізгі жауы нелер?
A)Шөп қоректілер.
B)Сүт қоректілер.
C)Ет қоректілер.
D)Қос аяқтылар.
E)Үй жануарлары.
6. Арқар қандай жерлерді мекендейді?
A)Тау бөктерлерін
B)Құмдауыт ойпаттарды
C)Жазық даланы
D)Егіс алқаптарын
E)Шөлейт жерлерді
2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мəәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Нұрлан. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа
келгеннен соң, сол күні дəәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық
кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырдан» ең соңғы сеансқа
билет барын біліп, соған кіруге тура келді.
«Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы əәлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды.
Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ»
деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен
кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі
болдым...
Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге
келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас
болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен,
фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты
қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар.
Гүлмайра. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бəәрібір шетелмен
салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. ƏӘрине қазір 3D-ны қойып
шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да:
«Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған
Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ»-деп
ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, əәр қазақстандық
фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино
түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар
деген үміттеміз. ƏӘлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша
жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас əәңгіме
тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын
шығармын!