Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 217
ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт.
Бұған құлақ аспасаң, Тəәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен
сені қанға тұншықтырамын, -деп өз сəәлемін жеткізеді.
Кир Томиристің сөзіне мəән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына
алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды.
Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары
қояды.
6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын
бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады.
Ақырында сақтар жеңіп, парсы əәскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан
беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы
патшасының мəәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды
зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға
тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген
басты қанға толы торсыққа салуды əәмір етеді. Сақтардың əәйел патшасы өз антын
еш бұзбастан орындаған екен.
(441 сөз)
(«ƏӘдеби жəәдігерлер» кітабы)
13. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?
A)Ойды салыстырады
B)Ойды тұжырымдайды
C)Ойды қорытындылайды
D)Ойды дамытады
E)Ойды пайымдайды
14. Автордың мəәтінді жазудағы мақсаты қандай?
A)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту
B)Мидия патшасының ақылдылығын дəәріптеу
C)Кирдің жеңісін мақтан ету
D)Парсы патшасының батылдығын насихаттау
E)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту
15. Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты?
A)Өзі ешкімге тəәуелді болғысы келмегендіктен
B)Кирді ұнатпағандықтан
C)Соғысқа дайын болғандықтан
D)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен
E)Елінің тəәуелсіздігін ойлағандықтан
16. Кир қандай патша?
A)Ақымақ
B)Ержүрек
C)Батыл
D)Ашкөз
E)Ақылды
17. Кир неліктен Томириске құда түсті?
A)ƏӘйелдікке алғысы келді