Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 407
көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу
дəәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған.
Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге
сататындар көбейіп кетті.
– Мəәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің
елдегі контрабандашылардан тəәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында
экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих.
Араб ƏӘмірлігінде сұңқар мен ителгіні əәлемдік деңгейде қорғау жөніндегі
бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа
жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мəәртебелі шейх Мухаммед
Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім жəәне
Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке
бақылап, əәрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең
бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе
дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дəәл осы аймақтарында 17
сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің
азаматтары ұсталған болатын.
– Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз
жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар жəәне ителгі сияқты құстарға өте қолайлы.
Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең
бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді
экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мəәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-
Баварди.
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар
қаржы жұмсап келеді. Мəәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы
құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның əәрқайсысына құны 2 мың
доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық
күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да
бақылауға болады. Дəәстүр бойынша əәрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін
ұшырылды. Бұл əәдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін
қажет.
13. Мəәтін мазмұнына сəәйкес ақпаратты көрсетіңіз.
A)Құсбегілікпен арабтар сəәндік үшін айналысты
B)Жоба қаражат тартуды көздеді
C)Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз
D)Құстардың арнайы емделу орталықтары бар
E)Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысады
14. Мəәтін не туралы?
A)Саятшылық
B)Аңшылық
C)Құстарды қорғау
D)Сұңқарлар өмірі
E)Ителгілердің өмірі
15. Соңғы азатжолдың төртінші азатжолға қатысы қандай?