Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 456
құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда
жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол
үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді.
Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай
қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау
талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай
үміт шырағы туып тұрғандай!
7.Мəәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?
A)ƏӘңгімелеу
B)Сипаттау
C)Суреттеу
D)Пайымдау
E)Баяндау
8.Мəәтін мазмұнына сəәйкес «Бəәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі
төбеден нұқып жатқан əәумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек
шығар!» деу арқылы автор қандай нəәрсеге назар аудартады?
A)Турашылдыққа
B)Сенімділікке
C)Болжампаздыққа
D)Сабырлыққа
E)Шынайылыққа
9.Мəәтіннің тақырыбы қандай?
A)Дала аспаны
B)Үміт шырағы
C)Жақсылық нышаны
D)Жұлдыз сыры
E)Ырымшыл халық
10.Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын
соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!»
деп аяқтауының мақсаты қандай?
A)Халқына сенім арту
B)Халқына қамқор болу
C)Халқының жолын ашу
D)Халқына жанашыр болу
E)Халқының қамын ойлау
11.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?
A)Түн жарық болатындықтан
B)Түн жылы болатындықтан
C)Дəәстүрді құрметтеген
D)Бағыт сілтеуші болғандықтан
E)Жақсылыққа жорығандықтан