Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 478
Самарқандта таққа отырып Мəәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге
дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия жəәне Измирге дейінгі Анадолыны басып алды.
Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі
Самарқандта. Өте данышпан жəәне ұлы əәмірші болған. Өте көп медресе жəәне
кітапханалар аштырған.
Шағатай Мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің əәкімі болған əәкесі Тарағай –
атақты Нақши шейхы ƏӘмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. ƏӘмір Күлал ƏӘмір
Темірге шəәкірттерінен Шəәмсəәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады.
Самарқандтағы кесенесінде бас жағында ешқашан жанынан ажырамаған ұстазы
Мир Береке, дəәл алдында ƏӘмір Күлалдың баласы Омар жатыр. ƏӘмір Темірдің
жастық шағында бір қақтығыс кезінде аттан құлап оң аяғы зақымданып, жарамай
қалады. Оң қолының екі кіші саусағы сынады. Осыған байланысты, əәсіресе
дұшпандары оны Тимур – Ланг (парсыша -Ақсақ Темір) деп атап кетеді. Оның
үстіне 1941 жылы Кеңес Үкіметі тарапынан қабірі ашылған кезде, 1,70 метр
бойымен, оң аяғы ақсақ болған денесін көреді. Қабірінің сыртында «Мазарымды
ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады» деп жазылғаны
айтылады. Қазба жұмыстарының ертесіне Гитлер Кеңес үкіметіне шабуылдайды.
ƏӘмір Темір 34 жасында Белх билеушісі болды. Шыңғыс ханның ұрпағынан
болған бір қызға үйленгені үшін Гурган (Күреган - ханның күйеу баласы) атағымен
танылды. Отбасылық абыройын арттырды. Жұрттың өзін Шыңғыс ханның
ізбасары деп танығаны үшін, бүкіл Түркістанға (Орта Азияға) билеуші болып Ұлы
Түрік хандығының тағына отырды. Сонымен қатар Шыңғыс ханның орынсыз
жойып талқандаған қалаларын қалпына келтірді. Басында қолдау көрсеткен Алтын
Орда ханы Тоқтамыс оған қиянат еткен кезде барып мемлекетін құлатты. Бұл,
тарихшылардың айтуынша, ƏӘмір Темірдің ең үлкен қателігі болды. Осының
арқасында орыстар осы жерлерге дейін жайылып үлкен мемлекет құра алғаны
айтылады.
(278 сөз)
7. ƏӘмір Темірдің қабірі қай жерде орналасқан?
A)Таққа отырған жерінде
B)Жорықта жүрген жерінде
C)Қайтыс болған жерінде
D)Басып алған жерінде
E)Туған жерінде
8. Орыстар неліктен жер көлемін ұлғайтып, үлкен мемлекет құра алды?
A)ƏӘмір Темір Ұлы Түрік хандығын басқара алмағандықтан
B)ƏӘмір Темір орыстарға жаулап алған жерлерін бергендіктен
C)ƏӘмір Темір Алтын Орданы құлатқандықтан
D)ƏӘмір Темір Анадолыны басып алғандықтан
E)ƏӘмір Темір Орта Азияны билей алмағандықтан
9. ƏӘмір Темірге неліктен Ақсақ Темір аты берілген?
A)Дұшпандары жек көргендіктен
B)Соғыста аттан құлап, қолын жарақаттағандықтан