Microsoft Word Oқу сауаттылығы 100-нұсқа



Pdf көрінісі
бет74/485
Дата03.02.2023
өлшемі4,44 Mb.
#65016
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   485
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
84
массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас 
тартады. 
3. Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, 
əәскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті 
азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы 
мүмкін) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына əәмір береді. Өзенге көпір 
салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы: 
– Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге 
көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып əәуре 
болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. 
Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш 
күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, – деп 
елші арқылы сəәлем айтады. 
4. Уəәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис 
айтқан уəәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы əәскерлеріне Аракс өзенінен 
өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың 
барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста 
Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл 
уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы əәскерлерінің аз ғана 
тобымен қақтығысқан болатын. 
5. Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис əәскерінің үстіне Кирдың негізгі 
қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың 
арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирге елші 
жіберіп: 
– Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық 
айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің 
ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. 
Бұған құлақ аспасаң, Тəәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен 
сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сəәлемін жеткізеді. 
Кир Томиристің сөзіне мəән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына 
алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. 
Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары 
қояды. 
6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын 
бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. 
Ақырында сақтар жеңіп, парсы əәскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан 
беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы 
патшасының мəәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды 
зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға 
тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген 
басты қанға толы торсыққа салуды əәмір етеді. Сақтардың əәйел патшасы өз антын 
еш бұзбастан орындаған екен. 
13. Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді? 
A)Екінші 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   485




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет