Microsoft Word Oқу сауаттылығы 100-нұсқа



Pdf көрінісі
бет113/485
Дата03.02.2023
өлшемі4,44 Mb.
#65016
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   485
Байланысты:
O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
131
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нəәзік, өте 
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. 
Арқар негізінен Орта жəәне Орталық Азияның тауларын, Азияның 
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, 
аязға өте төзімді жануар. 
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың 
арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем 
мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-
15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз 
туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс. 
Арқар дəәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-
жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан 
Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен 
будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды. 
3. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? 
A)Меринос қойымен будандастыратындықтан 
B)Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан 
C)Мүйізі үлкен болғандықтан 
D)Егіз төл беретіндіктен 
E)Суыққа төзімді болғандықтан 
4. Арқардың негізгі жауы нелер? 
A)Сүт қоректілер. 
B)Қос аяқтылар. 
C)Үй жануарлары. 
D)Ет қоректілер. 
E)Шөп қоректілер. 
5. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? 
A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады 
B)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады 
C)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті 
D)Арқар терісінің сапалылығын дəәлелдеді 
E)Арқардан төрт түлік түрін шығарды 
6. Арқар қандай жерлерді мекендейді? 
A)Құмдауыт ойпаттарды 
B)Егіс алқаптарын 
C)Шөлейт жерлерді 
D)Тау бөктерлерін 
E)Жазық даланы 
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей 
қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... 
Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! 
Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, 
қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! 
Оның сиқыры неде екен? ƏӘлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   485




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет