Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 19
4-НҰСҚА Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.
Тек таңертеңгі жəәне кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай
алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін.
Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі
тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең лəәззатты сəәт таң алдындағы
əәупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы əәні
болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін
де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына
қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, əәупілдек əәніне құлақ тосқан күйде
таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің
жазбаларын жалғастыруға əәзірленетін.
Сайраған құстар əәні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап
жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып
жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, əәр
дыбысқа дəәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз
бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол
үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен
музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет.
1.Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сəәтті белгілеңіз
A)Қоңыр салқын самал желдің соғуы
B)Құстардың сайраған үніне таңдануы
C)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі
D)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы
E)ƏӘупілдектің сиқырлы əәніне елтуі
2.Мəәтінге сəәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
1.Сайраған құстар əәні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.
2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап
қоя беретін
A)Тек екіншісі
B)Дұрыс жауап жоқ
C)Екеуі де бұрыс
D)Екеуі де дұрыс
E)Тек біріншісі
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нəәзік, өте
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.
Арқар негізінен Орта жəәне Орталық Азияның тауларын, Азияның
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім,
аязға өте төзімді жануар.