Microsoft Word Oқу сауаттылығы 100-нұсқа



Pdf көрінісі
бет353/485
Дата03.02.2023
өлшемі4,44 Mb.
#65016
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   485
Байланысты:
O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
405
Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! 
Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, 
қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! 
Оның сиқыры неде екен? ƏӘлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? 
Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған 
сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк 
еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге 
қарап біле қояды. Бəәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп 
қоятындай. Бəәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан 
əәумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бəәлкім, олар 
мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен 
боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман 
қала алатын шығар... 
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма 
еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат 
құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда 
жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе! 
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?! 
Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол 
үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. 
Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай 
қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе. 
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау 
талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай 
үміт шырағы туып тұрғандай! 
7. Мəәтіннің тақырыбы қандай? 
A)Үміт шырағы 
B)Жұлдыз сыры 
C)Ырымшыл халық 
D)Дала аспаны 
E)Жақсылық нышаны 
8. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол 
үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр? 
A)Тəәуекелшілдігін 
B)Сабырлылығын 
C)Ұстамдылығын 
D)Жігерлілігін 
E)Мақсатшылдығын 
9. Мəәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған? 
A)ƏӘңгімелеу 
B)Баяндау 
C)Суреттеу 
D)Пайымдау 
E)Сипаттау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   485




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет